Бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналған контент пән оқытылатын оқу тобы: агр-19-21/ агр-18-31



бет9/50
Дата02.01.2022
өлшемі0.54 Mb.
#452517
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
КОНТЕНТ фитопатология .АГР-19-21 АГР-18-31 19.10.2020 doc

Негізгі термин сөздер: Фитосанитариялық мониторинг, пестицид, фитосанитариялық нормативтер.Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралар

Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономикалық шегінен көп зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.

 

Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану



1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердің (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.

2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын міндетті талаптар пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.

3. Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінген пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемін уәкілетті орган айқындайды.

Фитосанитариялық есепке алу және есептілік

1. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етеді.

2. Фитосанитариялық есептіліктің түрлерін, нысандарын және оларды табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау

Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру

1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстары залалсыздандырылуға жатады. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісе отырып айқындайды.

2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындары (көмінділер) пайдаланылады.

3. Арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) салуға, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган береді.

4. Аймақтарда арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісе отырып айқындайды.

Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы

1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.

2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы ерекше қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негізінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемінен қалыптастырылады.

3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запастың нормативін және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Фитосанитариялық нормативтер

1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсімдік шаруашылығы өніміне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерге қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол берілетін сандық және (немесе) сапалық мәнін айқындайды.

2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.

3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық іс-шаралар көлемін объективті және негіздеп жоспарлауды жүргізу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкіндігін болжау үшін негіз болып табылады.

4. Фитосанитариялық нормативтер өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізуі үшін негіз болып табылады.Өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердiжәне өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегi қызметті үйлестіру

1. Уәкілетті орган өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін зерттеулер нәтижесінде әзірленген әдістерді, әдістемелерді, ұсыныстарды бекітеді.

2. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары уәкілетті органмен келісілуге жатады.

Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың міндеттерi

Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар:

1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге және зиянды организмдердің зиян тигізудің экономикалық шегінен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге;

2) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

3) фитосанитариялық есепке алуды жүргізуге және уәкілетті органға есептілікті табыс етуге;

4) пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндіру сынақтарын ережелерге сәйкес жүргізуге;

5) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстауға;

6) қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын талаптарды сақтауға;

7) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;

8) өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге міндетті.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу

Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес тіркеу және өндірістік сынақтардың қорытындылары бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және оларды уәкілетті орган пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізеді.

Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын уәкілетті орган айқындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет