Унсинула туысы- Бұл туыстың өкiлi – Унсинула нектар жүзiмiнiң ақ ұнтақ немесе оидиум ауруын қоздырады. Аурудың белгiсi – жапырақтарда, жемiстерде байқалып, тез жоғалып кететiн селдiр ақ ұлпа. Кеселге шалдыққан жемiстер шытынап, жарылып кетедi, тез шiридi, қурап қалады.
Дискомициттер қатарларыныњ тобы – алма жемiсiнiң монилиозын қоздырады. Зақымданған жемiстердiң iшi мен үстiнде шеңберлi сызықтың бойына орналасқан сұрғылт немесе сарғыш-қызғылт реңдес дөңес жастықшалар пайда болады. Қуыс қалталылар класс тармағына алманың, алмұрттың таз қотыры, бүлдiргеннiң ақ теңбiлi жатады.
Базидиомициттер класы- Базидиомицеттер класына 25-30 мыңға жуық саңырауқұлақ түрлері жатады. Базидиялардың сырт пішініне және олардың түзілу ерекшеліктеріне байланысты бұл класс холобазидиялылар, гетеробазидиялар және склеробазидиялар болып 3 тармаққа бөлінеді.
Бактериялар – бiр клеткалы, ядросы, жетiлмеген, протоплазмадан ғана тұратын микроорганизм. Протоплазма май, валютин т.б. қорға арналған заттарға бай келедi. Цитоплазмада рибонуклеин қышқылы бар органиодтар кездеседi. Олардың ұсақ дәндерi рибосомдардан тұрады. Көпшiлiк бактериялардың енi 0,5-1, ұзындыѓы 1-5 микроннан аспайды. Формалары таяқша немесе шар тәрiздес келедi. Бактерия клеткалары екiге бөлiну арқылы көбейедi.
5. Дәрістер жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: |