Бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналған контент пән оқытылатын оқу тобы: агр-19-21/ агр-18-31


Дәріс №4 Тақырыбы: Зиянкес жәндiктерден, аурулардан және арам шөптерден өсiмдiктi қорғау жүйесi



бет15/50
Дата02.01.2022
өлшемі0.54 Mb.
#452517
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
КОНТЕНТ фитопатология .АГР-19-21 АГР-18-31 19.10.2020 doc

Дәріс №4

Тақырыбы: Зиянкес жәндiктерден, аурулардан және арам шөптерден
өсiмдiктi қорғау жүйесi


Мақсаты: Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жүргiзу үшiн түрлi әдiстерді жүргізу.

Жоспары:
1. Ұйымдастыру – шаруашылық
2. Агротехникалық, биологиялық
3. Физико-механикалық, карантиндi, химиялық.

Адам баласы ерте кезден-ақ өсiмдiк ауруларына, зиянкес жәндiктерге қарсы неше түрлi әдiстер қолданып келген. Бұлардың iшiнде түрлi ауруға төзiмдi өсiмдiк сорттарын шығару, яғни өсiмдiк иммунитеттiк қасиетiн күшейту әдiсi тиiмдi болып саналады. Өсiмдiктiң ауруға төзiмдi сорттарын өндiрiске енгiзу өсiмдiктердi ауралардан сақтаудың негiзгi бiр жолы және дақылдан мол өнiм алудың кепiлi болып табылады.


Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң зиянкестерiне және аурауларына қарсы күресу әдiстерi профилактикалық немесе сақтандыру және құрту болып екiге бөлiнедi. Профилактикалық шаралардың мақсаты – оларды қолдану арқылы зиянкес жәндiктердiң шығуын және аурулардң таралуын болдырмау.
Зиянкестер мен аурулар ауыл шаруашылық өсiмдiктерiне бүкiл вегетация дәуiрi бойына зиян тигiзе алады. Сондықтан оларға қарсы күрес нақтылы жағдайларға байланысты, түрлi шараларды қолдану арқылы түрлiше болуы тиiс.
Ең алдымен көп күш пен қаражатты талап ететiн жою шараларын қолдану қажеттiгiн болдырмайтын профилактикалық шараларды жүргiзу керек. Мұндай шараларға ауыспалы егiсте өсiмдiктердi дұрыс алмастыру, ауыл шаруашылық дақылдарының түсiмiн арттыруға бағытталған агротехникалық негiзгi тәсiлдерi жатады.
Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жүргiзу үшiн түрлi әдiстер: биологиялық, физика механикалық және химиялық шаралар қолданылады.
Егiндiкке зиянкес жәндiктер мен ауруларды жiбермеудiң маңызды шарасы – дұрыс ауыспалы егiс. Егер бiр жерге бiрнеше жыл бойына бiр ғана дақыл егiлетiн болса, солАуыспалы егiсте отамалаы дақылдар болса, олардың қатараралықтары бiрнеше қайтара өңделедi, сол кезде көптеген зяинкестердiң личинкалары мен қуыршақтары жойылады. Ауыспалы егiс танабына күздiк және жаздық бидайлар дұрыс орналастырылса және бұл дақылдардың арасы бiр-бiрiнен қашық болса, жаздық бидайға гессен және швед шыбындарымен, сол сияқты қоңыр татпен зақымдану мүмкiндiктерi жойылады. Дұрыс ауыспалы егiсте жүгерiнiң көпiршiк қаракүйесi, мақтаның вильт және гамоз, зығырдың фузариоз, күнбағыстың сұңғыласы т.б. сияқты ауруларының таралу мүмкiндiгi мықтап азаяды.
Ауруға шалдыққан дақылды, оның ауруы мүлде жойылғанға дейiн, ауыспалы егiске енгiзбеу – ауруды жоюдың кепiлi. Мысалы, күнбағыс өзiнiң бұрынғы орнына, оны ауруға шалдықтырған сұңғыласы мен тат жойылғаннан кейiн, кемiнде 5-6 жылдан соң егiледi. Зиянкестер мен ауруларға төзiмдi сорттардың тұқымдарын егу зиянкестер мен аурулардың даму мүмкiндiгiн азайтуға себепшi болады.

Зиянкестер мен аурулардың дамуын тоқтатуда топырақты өңдеудiң зор маңызы бар. Олардың тiршiлiгi зиянкестердiң личинкалары топырақтан тыс жерде тiршiлiк ете алмайды.


Өсiмдiктердiң фузариоз, солу, шiру, бактериоз т.б. сияқты көптеген ауруларын таратушылар да топырақтан басқа жерде дами алмайды. Бiрақ егер топырақ жағдайларын мықтап өзгертiп жiберсе, олардың тiршiлiк ету мүмкiншiлiгi мықтап азаяды, зиянкестер мен ауру таратушылардың негiзгi массасы құртылады. Топырақ жағдайларын былай өзгерту топырақты өңдеу системасы арқылы болады. Себу материалдарын жақсы даярлау, егiндi кезiнде күтiп баптау, арам шөптердi құрту – осылардың бәрi зиянкестер мен аурулардың даму мүмкiндiктерiн азайтуға себепшi болады.
Күрестiң биологиялық шаралары зиянкестер мен ауруларды құрту үшiн жыртқыштарды, паразиттер мен микробтарды пайдалануға негiзделген. Өсiмдiк зиянкестерi соның өзiнде көптеген жәндiктер үшiн аңдарға, құстарға, кесiрткелерге, бақаларға, өрмекшiлерге т.б. – жем болып табылады. Мысалы, зиянды кемiрушiлердi күзен мен аққұлақтар құртады, зиянды жәндiктердi – жарқанаттар, жертесерлер, кiрпiлер, ұзақ қарғалар құртады, саршұнақтарды – жыртқыш құстар – жапалақтар, байғыздар, ақсарылар - құртады. Зиянкестердi құрту үшiн, қызылша бiзтұмсығымен, қандалармен күрескенде тауықтарды пайдалануға болады.

Зиянкес жәндiктердiң табиғи жаулары паразиттер болып табылады. Мысалы, күздiк қоңыр көбектiң жаулары түрлерi 70-тен, швед шыбынының 40-тан асады т.б. Паразиттер зиянкес жәндiктердiң жұмыртқаларын зақымдайды және көптеген түрлерi жәндiктердiң денесiн мекендеп оларды зақымдайды, көп жағдайда тiптi құртып та жiбередi.


Өсiмдiк зиянкестерi саңырауқұлақ, бактерия тағы басқа ауруларға жиi шалдығады. Егiстiкте зиянкестерге қарсы жоюдың екi әдiсi бар оған механикалық және химиялық әдiс жатады. Механикалық әдiс жәндiктердi қолмен жыйнап алып өлтiрiп тасату. Ал химиялық әдiске зиянкестерге қарсы уландырғыш заттарлың барлығы да инсектицид, яғни (инсекто-жәндiк, цидо – жою), ал ауруларға қарсы – фунгицид, (фунги-саңырауқұлақ, цидо-жою) деп аталады. Барлық улар бiрге-пестицидтер деп аталады.

Өзiнiң зиянкестерге тигiзетiн әсерiне қарай инсектицидтер iшкi немесе сыртқы болып екiге бөлiнедi.Зиянкес жәндiктер мен ауруларды құртатын химиялық заттар түрлi бурку, құрғақтай себу, уланған елiккiштер (приманка) қолдану, себу материалдарын (тұқымды, түйнектi) улау (протравливание) т.б. әдiстер қоланылады.

Әр түрлi топқа жататын микроорганизмдердiң арасында бiр-бiрiмен антагонистiк қарым-қатынас байқалады. Кейбiр микроорганизмдер өсiп-даму кезiнде басқаларына зәрлi заттар бөлiп шығарады. Олардың осы қасиетi адам мен жануарлардың және өсiмдiктердiң ауруларына қарсы қолданылатын антибиотиктердi шығаруда пайдаланылады. Шетелдерде өсiмдiк ауруларымен күресуде антибиотиктер жиi қолданылады. Бұл жұмыс әсiресе Жапонияда, Америка Құрама Штаттары мен Англияда, Венгрия мен Чехославакияда жақсы жолға қойылған.Антибиотиктердi микроорганизмдермен қатар жоғарғы сатыдағы хлорофилдi өсiмдiктерден де алуға болады. Фитонцидтердiң шипалы әсерi өсiмдiктердi жартылай паразиттi спарофотитi организмдерден қорғауға бағытталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет