Бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналған контент пән оқытылатын оқу тобы: агр-19-21/ агр-18-31


Дәріс №5 Тақырыбы: Ауылшаруашылық дақылдарының негiзгi систематикалық топтары зиянкес жәндiктер ауру қоздырғыштар



бет17/50
Дата02.01.2022
өлшемі0.54 Mb.
#452517
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
КОНТЕНТ фитопатология .АГР-19-21 АГР-18-31 19.10.2020 doc

Дәріс №5 Тақырыбы: Ауылшаруашылық дақылдарының негiзгi систематикалық топтары зиянкес жәндiктер ауру қоздырғыштар

Мақсаты: Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкес жәндiктерi өте көп және алуан түрлiлігіне мін беру.

Жоспары:
І. Зиянкес жәндiктер
1. Жұмыр құрттар, буынаяқтылар
2. Хелицералылар, кеңiрдек тыныстылар
3. Былқылдақ денелiлер, хордалылар.

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкес жәндiктерi өте көп және алуан түрлi. Оларға омыртқасыз жануарлардан нематодтар, өсiмдiк қоректi кенелер, жәндiктер, бауыр аяқты молюскалардың өкiлдерi жалаңаш шырыштылар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан – зиянды кемiргiштер жатады.

Түрлердiң саны жағынан бұл топтар өзара тең емес. Қазiргi кезде ғылымда жануарлардың 1 млн. 300 мың түрi белгiлi. Солардың ең көбi (1 млн. түр шамасы) жәндiктердiң үлесiне тиедi. Олардан кейiнгi орындарда кенелер (12…15 мың түрi) және нематодтар (10 мыңнан астам түрi) және А.Н.Северцовтың (1939) айтуы бойынша осы үш топқа жататын организмдер үшiн жылдам өсiп-өнiп, сан мөлшерi жағынан жаппай көбейiп, тiршiлiк ету орталарының жаңа түрлерiн тез арада меңгере алатындай, сөйтiп көп түрлiлiгiмен ерекше көзге түсетiндей биологиялық прогресс тән. Сондықтан да олардың iшiнде бiздiң планетамыздың көп жылдық тарихында басқа өсiмдiктерге қарағанда кейiнiрек пайда болған жоғары сатылы гүлдi өсiмдiктер есебiнде тiршiлiк ететiн өсiмдiк қоректi түрлер, яғни фитофагтар өте көп кездеседi. Соңғылардың iшiнде ауыл шаруашылық дақылдарымен қоректенiп, жаппай өсiп-өнiп едәуiр зиян келтiретiн түрлер де аз емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет