Жұмыр құрттар типi – Nemathelminthes. Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтiретiн жануарлар топтарының iшiнде шығу тегi жағынан ең көнесi – нематодтар. Олар жұмыр құрттар немесе алғашқы қуыстылар типiнiң негiзгi класын құрады. Бұл типке жататын құрттардың денесi жiп тәрiздi созылған (пета-латынша жiп) буынақталған, кутикуладан тұратын тығыз терi жамылғысы бар. Кутикулада гиподерма және бұлшық ет қабаттары қосылып терi-ет қапшығын сұйық зат саңлаулар болады. Осыған орай жұмыр құрттар типiн алғашқы қуыстылар деп те атайды. Бұл типтiң құрамына 8 класс енедi. Олардың iшiнде түр құрамының көптiгi және практикалық маңызы жағынан негiзгiсi-нематод класы.
Нематодтардың дене пiшiнi жiп немесе ұршық трiздi. Жұмыр құрттар типi өкiлдерiнiң бауыр жағында кездесетiн кiрпiктi эпителий, бұл кластың өкiлдерiне, сыртқы кутикула қабатының нығыздалуына байланысты мүлде жоғалып кеткен. Олардың кейбiр топтары өсiмдiктер мен жануарлардың шiрiген қалдықтарымен қоректенуге бейiмделедi. Осылайша тарихи даму барысында өсiмдiк паразиттерi (фитогельминттер) және адам мен жануарлардың iшкi паразиттерi пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |