І апта
"Өзім туралы»
|
Дене шынықтыру-3
1. Сапта бір-бірлеп, түрлі бағытта жүреді және жүгіреді. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелейді.
2. Көлбеу тақтаймен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жоғары және төмен жүреді және жүгіреді. Допты лақтырады және қағып алады.
3. Кіші және үлкен қадаммен жүгіреді. Допты лақтырады және өзіне қыспай қағып алады. Бір шеңберден екінші шеңберге біртіндеп секіреді.
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Мен қандаймын?
Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйренеді. Сөйлем құрастырады және айтады.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: Мен кіммін?
Мақсаты: Өзі туралы қарапайым түсініктері қалыптасады; өзін құрметтеуге және өзінің «мен өзім» деген дербестігі нығаяды.
|
Математика негіздері.
Тақырыбы: Оң жақ – сол жақта. . Заттарды сәйкестендіру
Мақсаты: Өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай біледі, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыра алады. Оң қолы мен сол қолын ажырата алу білігі дамиды.
Жаратылыстану
Тақырыбы: Мен табиғатты бақылай аламын.
Мақсаты: Табиғат дыбысын, яғни судың сылдырын, желдің , жаңбырдың дыбысын және жануарлардың дауыстарын ести біледі.
|
Музыка
Педагог жоспары бойынша
Сурет салу
Тақырыбы: Мен жасай аламын.
Мақсаты. Дөңгелек пішінді заттардың суретін салады. Түстерді үйлестіре білуге үйренеді.
Жапсыру.
Тақырыбы: Менің мәшиналарым
Мақсаты: Балалар геометриялық фигуралардың көмегімен дұрыс орындауға үйренеді; тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша фигураларды дұрыс қияды.
|