Дене шынықтыру-3
1. Мақсаты:
Берілген бағытта әртүрлі қарқынмен жүгіру, имнастикалық орындық үстімен жүріп келіп,бір орнында баяу айналу дағдыларын біледі.
2. Шапшаң және баяу қарқынмен жүру және жүгіруді біледі. Тепе-теңдікті сақтап бөренемен жүруді түсінеді.
3. Ойлы-қырлы тақтаймен жүру және жүгіруді біледі. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алуды (1,5 м қашықтықта) үйренеді.
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым (сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алады. Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруді түсінеді.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: Бір үйде біз нешеуміз?
Мақсаты:Отбасы мүшелері туралы әңгімелесу, дауысты
дыбыстарды анық айтуға, сөздерді септелуіне қарай байланыстырып айтуды біледі. Тақырыпқа сәйкес шағын тақпақты жаттай алады.
|
Математика негіздері
Тақырыбы: Әртүрлі заттардың топтарын салыстыру және теңеу.
Мақсаты: Бір затты екіншісіне беттестіру, жанына қойып тұстастыру арқылы салыстыруды біледі.
Жаратылыстану
Тақырыбы: Мол өнім
Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы түсінеді. көкөністер мен
жемістерді топтастыра алады.
|
Музыка
Тақырыбы:«Біздің балабақшамыз» (Т.Молдағалиев,Н.Тілендиев).
Мақсаты: музыка ырғағымен жүре біледі, әннің әуені мен сөздерін тыңдауға үйренеді.
Сурет салу
Тақырыбы: Отбасым Мақсаты: Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе біледі. Ұсақ қол қимылдарын дамиды.
.
Жапсыру.
Тақырыбы: Менің үйім
Мақсаты: Пішіндерді қағаз бетінде орналастыра біледі. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді түсінеді.
|