ІІ апта
«Менің көшем»
|
Дене шынықтыру-3
1. Қол мен аяқ қимылын үйлестіріп жүруді үйренеді. Допты бір-біріне төменнен лақтырып, және қағып алуды біледі. (1,5 м қашықтықта). Тақтайда, орындық-та көлденеңінен еңбектей алады.
2. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) жүру, жүгіруді біледі. Доға астынан еңбектеп өтуді түсінеді.
Бір-бірінен қашық қойылған 5-6 доп арқылы кезекпен аттап өтуді түсінеді
3. Педагогтің белгісімен сапта жүрудің бағытын өзгертуді түсінеді. Допты аяқтарымен бір-біріне домалатуды біледі.
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Біз тұратын көше
Мақсаты: Байланыстырып сөйлеуді үйренеді . Көше туралы түсіне біледі.
Орыс тілі
Педагог жоспары бойынша
|
Математика негіздері.
Тақырыбы: Атам мен әжем тұратын үйдің ауласындағы ағаштар
Мақсаты: Таныс заттарды биіктігі бойынша салыстыра алады. Биік аласа, жуан жіңішке, ұғымдарын түсінеді.
Құрастыру
Тақырыбы: Біздің көше (Құрылыс материалдарынан)
Мақсаты: Ірі құрылыс материалдарынан көшенің құрылысын жасауды үйренеді . Берілген үлгі бойынша құрастыруды біледі.
Жаратылыстану
Тақырыбы: Күн жылу көзі
Мақсаты: Күн туралы түсініктерді біледі. Күннің көзінен жылу мен жарық тарайтындығын бақылау барысында түсінеді. талдау жасай білуге үйренеді.
|
Музыка
Тақырыбы: «Әже» (М.Әубәкіров, С.Қалиев)
Мақсаты: отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікті ән жолдары арқылы түсінеді. Әнді тыңдап, әуенге байланысты қимыл жасай алады.
|