Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2012 жыл Іске асыру кезеңі



бет18/18
Дата24.04.2016
өлшемі1.63 Mb.
#79727
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 93,2 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылдың тиісті деңгейіне 97,0%.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 41,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 9,0%-ға төмен. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының жалпы өнімі 2011 жылмен салыстырғанда 41,7%-ға, майлы дақылдар – 20,3%-ға, ашық жерлердегі көкөністер – 1,5%-ға, қант қызылшасы – 64,0%-ға төмендеген.

Өсімдік шаруашылығында ылғал сақтау және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда, 2012 жылы 21,0 мың гектар алқапқа нөлдік және минималды технология, 1770 га – алқапқа тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиялары енгізілді.

Облыста жалпы көлемі 27,2 гектарды құрайтын 405 жылыжай жұмыс істеуде, оның ішінде 2012 жылы Жамбыл ауданында 100 жылжай (5 га), Байзақ ауданында – 1 жылыжай (1 га) іске қосылған.

Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру өндіріс пен мал басының тұрақты өсімін қамтамасыз етеді, онда есепті кезеңде өнім көлемі 51,7 млрд. теңгені құрады (НКИ - 103,1%).

Шаруашылықтың барлық санаттарында 97,0 мың тонна немесе 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанына 104,1% ет өндірілді, 281,8 мың тонна сүт (101,7%), 5,8 мың тонна жүн қырқылды (102,0%). Жұмыртқа өндіру өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға (112,3 млн. дана) төмендеген.

Қой мен ешкі саны 1,2%-ға (2339,9 мың бас), жылқы – 0,6%-ға (88,9 мың бас), түйе –0,8%-ға (5,4 мың бас) өсті. МІҚ мал саны 1,0%-ға (299,9 мың бас), құс - 10,6% (1168,0 мың бас), шошқа – 25,2% (26,1 мың бас) төмендеген.

Облыста 170 қолдан ұрықтандыру пунктері және 104 асыл тұқымды мал шаруашылықтар бар, оның ішінде 8 асыл тұқымды мал зауыты.

2012 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 3600 аналық мал басын сатып алу қарастырылған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалдарымен 83 шаруа қожалықтарына 727,5 млн. теңгеге несие беріліп, оған ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен 3826 МІҚ мал сатып алынды (3607 сиыр және 219 бұқа).

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 2012 жылы 18 мал сою алаңдары салынып, нәтижесінде олардың жалпы саны 65 бірлікті құрады.

Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында облыста 163 ветеринариялық пункттері бар 11 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істейді.

Жалпы агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2012 жылы 5,2 млрд. теңге (оның ішінде 2,7 млрд. теңге субсидиялар) бөлініп, игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,7 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 1,5 млрд. теңге.



Кедендік статистика мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 488,9 млн. АҚШ долларын немесе 2011 жылға 82,8%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 190,5 млн. АҚШ доллары (66,6%), импорт – 298,4 млн. АҚШ доллары (98,0%). Облыстың сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 107,9 млн. АҚШ доллары.

Кедендік одақ шеңберінде 2012 жылдың қаңтар-қазанында облыста Ресей мен Беларусь елдерімен сауда айналымы 118,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылдың қаңтар-қазанынан 44,0%-ға артық (Ресей – 111,6 млн. долл., Беларусь – 6,8 млн. долл.), оның ішінде экспорт – 37,7 млн. АҚШ доллары (58,6%-ға), импорт – 80,7 млн. АҚШ доллары (38,1%-ға).

2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында бөлшек сауда айналымының көлемі 107,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға өскен, көтерме сауда айналымы – 146,9 млрд. теңге (11,8%-ға).

Сауда-саттық кәсіпорындардың бөлшек сауда айналымы 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 15,8%-ға өсті. Есепті кезеңде нарықта және жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың бөлшек сауда көлемі 24,8%-ға өскен.

2013 жылдың 1 қаңтарына сауда кәсіпорындарының тауарлық қорының көлемі бөлшек саудада 2,7 млрд. теңгені құрады. Бөлшек тауар айналымының құрылымында азық-түлiк емес тауарлар үлесі басым - 54%.

Көлік саласында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға өсіп, 80,4 млн. тоннаны құрады. Жолаушыларды тасымалдау 7,6%-ға (802,8 млн. адам) өсті.

2012 жылы жол жөндеуге 6191,3 млн. теңге бөлініп, 2013 жылдың 1 қаңтарына 6182,1 млн. теңге немесе 99,8%-ы игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1344,1 млн. теңге (100%), облыстық – 3824,1 млн.теңге (99,8%), аудандық – 1023,1 млн. теңге (99,8%)

Облыста «Батыс Европа - Батыс Китай» жобасына ерекше көңіл аударылуда, 2012 жылы Жамбыл облысының аумағында 210 км жол пайдалануға берілді.

2010-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының бірінші тетігі бойынша 2012 жылы «Тараз ӘКК» АҚ-на капитал айналымына республикалық бюджеттен 312,5 млн. теңге нысаналы трансфертер бөлініп, игерілді, 22 көп пәтерлі тұрғын үй, оның ішінде Тараз қаласында 13 үй жөнделді.

2012 жылы Бағдарламаның екінші тетігі бойынша «Тұрғын үй жөндеу» ЖШС-не республикалық бюджеттен 500,0 млн. теңге несие беріліп, игерілді, 52 көп пәтерлі тұрғын үй, оның ішінде Тараз қаласында 33 үй жөнделді.

ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 185,8 млрд. теңгеге өнім өндірілген немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 101% құрады. 2013 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 36454 бірлікті (91,3%) құрады, онда жұмыс істейтіндер саны – 118,4 мың адам (102,6%).

2012 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде бірінші және үшінші бағыттарындағы «пайыздық ставкаларды субсидиялау» тетігі бойынша 10 млрд. теңгеге 87 жоба іске асырылуда, оның ішінде бірінші бағыт бойынша 8,7 млрд. теңгеге 86 жоба, үшінші бағыт бойынша 1,3 млрд. теңгеге 1 жоба.

«Банк несиелері бойынша кепілдеме беру» тетігі бойынша 118 млн. теңгеге 5 жоба іске асырылуда.

«Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша 2,4 млрд. теңге сомасында 12 жоба іске асырылуда.

Бағдарламаның төртінші бағытының шеңберінде 181 кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілген.

«Шағын және орта бизнесті топ-менеджментке оқыту» компоненті бойынша бекітілген квотаға сәйкес «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес-мектебінің базасында облыстың 10 кәсіпкері оқытылды.

«Іскерлік байланыс» компоненті бойынша бекітілген квотаға сәйкес АҚШ және Германияда тәжірибиеден өту мүмкіншілігімен «ТуранПрофи» оқыту орталығының базасында облыстың 24 кәсіпкері оқытылуда.

Бағдарламаны іске асыру есебінен бағдарламаға қатысушы кәсіпорындарда 4 мыңнан астам жұмыс орындары сақталып, 300-ден аса жұмыс орындары құрылды.

2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айыларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 149,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 32,3%-ға артық.

Бюджеттік инвестициялар салымының көлемі 49,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың деңгейінен 29,2%-ға артық. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдардың үлесі 33%-ға жуық.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысын қаржыландыруға тартылған қаржы көлемінің (45,2 млрд. теңге) өсуіне байланысты қарызға алынған инвестиялар көлемі 60%-ға өсіп, 54,7 млрд. теңгені құрады, инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 36,5%. Инвестицияның жалпы көлеміндегі шетел салымдарының үлесі 0,001%-ды (635 мың теңге) құрайды.

Инвестициялардың жалпы көлемінде 30,5%-ды шаруашылық субъектілерінің және халықтың өз қаражаттары құрайды. 2011 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,4 есеге өсіп, 45,7 млрд. теңгені құрады.

2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 116,6 млрд. теңгені құрады, немесе 2011 жылмен салыстырғанда 67,1%-ға өсті.

Коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және су ағызу, жылу энергиясы, газдандандыру нысандарын жаңғыртуға және құрылысына, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2012 жылы 10,9 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде 8 млрд. теңге – республикалық бюджет және 2,9 млрд. теңге – қосымша қаржыландыру есебімен жергілікті бюджет қаражаты. Үстіміздегі жылдың қаңтар-желтоқсанында 10,7 млрд. теңге немесе жылдық жоспардың 98,1%-ы игерілген, оның ішінде 7,9 млрд. теңге (98,4%) – республикалық және 2,9 млрд. теңге (97,3%) - жергілікті бюджет қаражаты.

Жыл қорытындысы бойынша 6,45 км кәріз жүйелері, 345,14 км сумен камтамыз ететін жергілікті құбырлар жүйелері, 17,79 км жылу беретін жүйелер, 74,65 км газбен камтамасыз ететін жергілікті желісі, 105,9 км Қордай - Шу магистралды газ құбыры пайдалуға берілді.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 226 мың шаршы метрді құрады және өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға азайды.

«Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы алаңы 14,5 мың шаршы метр үш 70 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде екеуі Тараз қаласының «Бәйтерек» мөлтек ауданында және біреуі Жаңатас қаласында. Тараз қаласында Тұрғын үй жинақ банкінің қарызға алушыларына арналған 75 пәтерлі (8,9 мың ш.м.) тұрғын үй пайдалануға берілді. Жеке секторда 201,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынған.

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар 9,3 млрд. теңгені құрап, бұл өткен жылғыдан 16,1%-ға артық, оның ішінде 2,5 млрд. теңге республикалық және 0,4 млрд. теңге - жергілікті бюджет қаражаты, 6,4 млрд. теңге мемлекеттік емес сектордағы кәсіпорындардың және халықтың өз қаражаттары.

Облыс бюджетіне түсімдер. 2012 жылы облыс бюджетіне түсімдер (қарыздардың түсімдерін және пайдаланылатын бюджет қаражатының қалдықтарын есептемегенде) 165 174,0 млн.теңгені құрады және 163 909,7 млн. теңге сомасындағы жоспарға есепті кезеңде 100,8% орындалған, оның ішінде өзіндік кірістер тиісінше 31 536,6 млн. теңгеге немесе 104,2% орындалған, соның ішінде салықтық түсімдер 29 184,1 млн. теңгені немесе 101,4%-ды, салықтық емес түсімдер 1 563,6 млн. тенгені немесе 205,7%-ды, негізгі капиталды сатудан түсімдер 788,9 млн. тенгені немесе 106,1%-ды, трансферттер түсімдері 133 637,4 млн. тенгені немесе 100,0%-ды құрады.

Облыс бюджетінің шығындары. Бюджет шығындары (қарыздар мен несиелер төлемдерін есептемегенде) 2012 жылы 164 835,6 млн. теңге жоспарында 99,4% немесе 163 827,7 млн. теңгеге орындалған. Бюджеттік несиелер тиісінше - 1 352,1 млн. теңге немесе 1 351,6 млн. теңге жоспарында 100,0%, қаржылық активтерді сатып алу - 966,1 млн. теңге немесе 914,1 млн. теңге сомасындағы жоспарға 94,6% орындалған.

Облыс бюджетінің шығындары 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2012 жылмен салыстырғанда 24,3%-ға артқан, оның ішінде білім беру саласына шығындар - 24,0%-ға, денсаулық сақтау саласына - 32,6%-ға, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік салаларына - 46,1%-ға, әлеуметтік көмек және қорғау саласына - 19,6%-ға, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына - 39,3%-ға өскен.

Шығындар құрылымында едәуір үлесті білім беру саласына шығындар құрайды 39,7%, денсаулық сақтау - 19,1%, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы - 10,0%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік салалары - 5,8%, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, орман, балық шаруашылықтары, қатаң қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары - 5,5%.

Салықтар. 2012 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында мемлекеттік бюджетке 50722,1 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,6%-ға артық немесе болжамға 105,1%, оның ішінде республикалық бюджетке 19185,1 млн. теңге (106,6%), жергілікті бюджетке – 31537 млн. теңге (104,2%) түсті.

2013 жылдың 1 қаңтарына берешек сомасы 741,4 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 36,6 млн. теңгеге кеміді.

2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімдер 21,4%-ға, оның ішінде төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы - 22,5%-ға, әлеуметтік салық – 22,7%-ға, заңды тұлғалардың мүлік салығы - 19,9%-ға өсті.

Жергілікті бюджетке түсімдер бойынша болжам орындалғанымен, қоршаған ортаға эмиссия төлемдері 86,5%-ға, тіркелген салық - 97,6%-ға, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 99,1%-ға, мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер - 93,9%-ға орындалған.

2012 жылдың желтоқсан айында 2011 жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі 106%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары 5%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 3,5%-ға, ақылы қызметтер - 9,8%-ға өсті.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіш деңгейінде (ҚР-106%).

Облыста тауарларға және қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ұн мен нанның бағасын өсірмеу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» Ұлттық компаниясы араларында «Жамбыл облысын азықтық бидаймен қамтамасыз ету жөнінде» Меморандум қабылданды. Меморандум негізінде Жамбыл облысы үшін 3-ші класты азық-түліктік бидайға 82,3 мың тоннаға квота белгіленді.

«Тараз» сауда-саттық компаниясы» ЖШС-гі арқылы арзандатылған бағамен ұн сату ұйымдастырылған. Облыс наубайханаларына арзандатылған бағамен 11,4 мың тонна ұн сатылды, сонымен қатар облыс тұрғындарына бағасы 50 теңге/кг барлығы 1624 тонна ұн және шаруа қожалықтарға бағасы 15 теңге/кг 3877 тонна кебек сатылды.

Тұрақтандыру қорына 500 тонна картоп (50 теңге/кг), 100 тонна пияз (30 теңге), 30 тонна сәбіз (35 теңге), 1000 тонна қант (127 теңге), 50 тонна «Заречное» өсімдік майы (250 теңге/л), 50 тонна «Маслозавод №1» өсімдік майы (270 теңге/л) сатылып алынды.

Азық-түлік тауарлары арзандатылған бағамен қала бойынша арнайы орналасқан тұрақтандыру қорының сауда нүктелерінде, коммуналдық базарда күнделікті сатылуда.

2012 жылдың қараша айында «Тараз» сауда-саттық компаниясы» ЖШС-гі қала бойынша екі дүкенді ашты (жоспар - 10 дүкен). Бұл дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлығы сатылады (сүт, ет, көкөніс, жарма өнімдері).

2012 жылы облыс бойынша 128 жәрмеңке өткізіліп, онда облыс тұрғындарына 289,6 млн. теңгенің өнімдері өткерілді, оның ішінде Тараз қаласында 96 жәрмеңке өткізілді (230,5 млн. теңге).

Еңбек нарығы. 2012 жылдың 3 тоқсанында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін халықтың саны 4,4 мың адамға артып, 561,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздардың саны 329 адамға қысқарып, 31,8 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан 5,4%-ға дейін төмендеген.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының шеңберінде 2,4 млрд.теңге бөлініп, 2,3 млрд. теңге немесе 96,1% игерілді. Бағдарламамен 5892 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде бағдарламаға қатысу үшін 3702 азамат әлеуметтік келісім-шартқа қол қойды.

Кәсіби білім алумен 3256 адам қамтылған, оның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты «өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және аз қамтамасыз етілген азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету және оқыту» шеңберінде кәсіби оқытумен 2657 адам қамтылды, оның ішінде 1908 адам оқуды аяқтап, 1640 адам жұмысқа орналастырылды. Жергілікті бюджеттер есебінен кәсіби даярлауға 599 адам жіберіліп, олардың 582 оқуды аяқтап, 508-і жұмысқа орналастырылған.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету» шеңберінде кәсіпкерлікке 159 адам оқытылып, 238 адамға шағын несие берілді. Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 144,3 млн. теңге бөлініп, 72,2 млн. теңге игерілді, 34 жоба толық аяқталды. Өтінімдер болмағандықтан бөлінген қаражат толық игерілмеген.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты «Ауылдық елді мекендерді дамытудың» шеңберінде 62 ауылдық елді мекендерде 80 жоба іске асырылды, онда 620 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы - 305 адам.

2012 жылы облыстың жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға 19368 азамат жүгінді, оның ішінде 14410 адам жұмыспен қамтылған (жұмысқа орналасу деңгейі – 85,4%).

2012 жылы жұмыспен барлығы 29966 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен - 5118 адам, маусымдық жұмыстармен - 16781 адам, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақылы қоғамдық жұмыстармен - 3998 адам қамтамасыз етілді. Жастар тәжірибесімен 2764 адам, оның ішінде «Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының» шеңберінде – 1655 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 1305 адам, оның ішінде «Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының» шеңберінде – 722 адам қамтылған.

Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың 1 қаңтарына 0,3% құрады және 2011 жылдың деңгейінде қалды.



Әлеуметтік сала. 2012 жылы 171,4 мың тұрғынға 1649,1 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 161,9 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 355,8 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 1076,2 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 55,2 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төленді.

2012 жылы 14 мың адамға 248,8 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық саны 2013 жылдың 1 қаңтарына 12833 адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 29,3%-ға қысқарды.

2012 жылдың қаңтар-қарашасында халықтың орташа номиналды ақшалай табысы 34986 теңгені құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға өсті, нақты – 8,5%-ға.

Бір қызметкердің орташа жалақысы 2012 жылдың қаңтар-қарашасында кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 72274 теңгені құрады, бұл номиналдық есептеуде 2011 жылдың тиісті кезеңінен 17,0%-ға және нақты – 10,6%-ға артық.

Өмір сүрудің ең төменгі мөлшері 2012 жылдың желтоқсанында 15323 теңгені құрап, 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,3%-ға өсті.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде облыста денсаулық сақтаудың Бірыңғай Ұлттық Жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

2012 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 31,3 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2011 жылғыдан 31,3% артық, оның ішінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 21 млрд. теңге. Жылдың қорытындысы бойынша тиісінше жоспардың 99,8% және 100% игерілді.

«100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде іске асырылатын 3 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 2012 жылы республикалық бюджеттен 6428,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 481,1 млн. теңге қарастырылған. 2012 жылы 6891,7 млн. теңге, немесе жылдық жоспардың 99,7%-зын құрайтын қаражат, оның ішінде республикалық бюджеттен 6421,9 млн. теңге (99,9%) және жергілікті облыстық бюджеттен 469,8 млн. теңге (97,7%) игерілген. Жыл қорытындысында Тараз қаласында 200 төсектік облыстық көпбейімді балалар ауруханасы пайдалануға берілді.

15 медициналық пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар, денсаулық сақтау нысандарының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге және жерге байланыстыруға, Жамбыл ауданы Аса ауылындағы аусымда 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысын аяқтауға, Шу ауданы Төле би ауылындағы 150 төсек орындық аудандық орталық ауруханаға кәріз жүйелері құрылысына облыстық бюджеттен 1133,3млн. теңге қарастырылған. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында 1090 млн. теңге немесе есепті жылғы жоспардың 96,2% игерілген. Ауысымына 105 келуші қабылдайтын 4 дәрігерлік амбулатория және 100 келушіге 10 медициналық пунктер, баклаборатория пайдалануға берілді.

Облыстық бюджеттің 213,7 млн. теңге қаражаты есебінен 9 денсаулық сақтау нысандарын жөндеу аяқталған.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға республикалық бюджеттен 818,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 571,4 млн. теңге қарастырылып, толық игерілді.

Бағдарламаны іске асырудың шеңберінде облыста 9 ауру түрі бойынша скринингтік бағдарлама енгізілген, медициналық ұйымдардың төсек қорын қайта бағыттау және төмендету, халыққа стационарлы-ауысымды қызмет түрін енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда, кепілдендірілген көлем аясында көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілуде. Кардиологиялық аурулар телемедициналық консультациямен қамтамасыз етілген.

Ғаламдық қордың іс-шараларын іске асыру шеңберінде медициналық қызметкерлер әлеуметтік қамтылмаған, патологиялары бар ауруларды және қарт жастағы ауруларды үйде емдеу жүргізуде. Медициналық ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру жұмыстары жетілдірілуде.

Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және санитарлық сауаттылығын жоғарылату жұмыстары жүргізілуде.

2012 жылы 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бала, ана өлімі, туберкулезбен ауру, психикалық аурулар деңгейінің төмендеуі тіркелген.

Жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары, наркологиялық, қан айналымы жүйелерінің аурулары өскен.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2012 жылы бюджеттен 66,3 млрд. теңге немесе 2011 жылға қарағанда 24%-ға артық қаражат бөлінген, 65,9 млрд. теңге немесе 99,4%-ы игерілген.

Білім беру нысандарын жаңғыртуға және құрылысына 2012 жылы бюджеттен 9,5 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6,4 млрд. теңге, қосымша қаржыландыруды есепке алғанда жергілікті бюджеттен – 3,1 млрд. теңге қарастырылған. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 9,2 млрд. теңге (96,7%) игерілген, оның ішінде 6,2 млрд. теңге (97,1%) республикалық бюджеттің және 3 млрд. теңге (96%) жергілікті бюджеттің қаражаттары.

«Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру шеңберінде үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жаңа құрылыс есебінен 3 мектеп пайдалануға берілді (Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында 600 орындық, Қордай ауданынның Гвардейск кентінде 900 орындық, Меркі ауданының Меркі ауылында 1000 орындық орта мектептер), апатты мектептер санын қысқарту мақсатында – 2 (Жамбыл ауданы Аса ауылында Гагарин атындағы 600 орындық, Қордай ауданында Булар Батыр ауылында 600 орындық мектептер).

«Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асырудың шеңберінде апатты мектептердің санын қысқарту мақсатында жаңа құрылыс есебінен 3 мектеп пайдалануға берілді (Т.Рысқұлов ауданының Сәлімбай ауылында 150 орындық, Жамбыл ауданының Көлтоған ауылында 180 орындық, Сарысу ауданының Шағалалы ауылында 48 орындық орта мектептер), 3 мектепте күрделі жөндеу жүргізілген (Т.Рысқұлов ауданының Өрнек ауылында, Мойынқұм ауданының Кеңес ауылында, Талас ауданының М. Қыстаубайұлы ауылында).

Облыстық бюджеттің 1,6 млрд. тенге қаражаты есебінен 27 білім беру нысандарын күрделі жөндеу аяқталған және 39 нысандардың жобалау сметалық құжаттары дайындалды.

Білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында 156,2 млн. тенге республикалық бюджет қаражаты есебінен 40 химия кабинеті, 122,6 млн. тенге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 11 лингофондық, 15 физика, химия және биология кабинеттері сатып алынды.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 15 оқушыдан құрайды, ауылдық жерде – 14. Жалпы облыста 461 мектептің барлығы компьютерленген және телефондандырылған, Интернет желісіне 96,5%-ы қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақталар орнатылған, кең ауқымды Интернет желісіне облыстың 414 мектебі немесе 89,8% қосылған, 45 білім нысанында электрондық оқыту жүйесі енгізілген.

Жалпы орта білім беру қызметі сапасының жоғарылауы нәтижесінде халықаралық, дүниежүзілік пәндер олимпиадасы мен ғылыми жарыстарда облыс оқушылары 2012 жылы 36 медальге ие болды, бұл 2011 жылдан 17 медальға артық. Мектеп бітірушілердің ҰБТ бойынша орташа баллы 71,33 баллды құрады, бұл республикалық деңгейден 0,43-ке жоғары (республикалық көрсеткіш - 70,9). Облыстың 7 мектебі республиканың 100 үздік мектептерінің қатарына қосылды.

«Балапан» бағдарламасын іске асырудың шеңберінде жаңа құрылыс есебінен Меркі, Талас, Сарысу аудандарында әр кайысы 280 орындық 3 мемлекеттік балабақшалар, жаңғырту есебінен Шу ауданының Шу қаласында 180 орындық балабақша пайдалануға берілді, 11 мемлекеттік және 3 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 8 шағын орталықтар және жұмыс істеп жатқан мектепке дейінгі мекемелерде 455 орынға қосымша топтар ашылды. Барлығы 4030 орын ашылды.

2013 жылдың 1 каңтарына 366 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеуде, оның ішінде 355 мемлекеттік және 11 жекеменшік, онда 36,7 мың бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 45,5%-ды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3,3 пайыздық тармаққа жоғары.



Мәдениет саласын қаржыландыруға 2012 жылы 2,6 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2011 жылғыдан 6,1%-ға артық, 100% игерілген.

2012 жылы «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасының шеңберінде «Көне Тараз», «Жеті төбе» ғылыми - археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Кітапханалардың кітаптар қоры 52,1 мың дана кітапқа толықтырылды. Қазақстан Республикасында аналогы жоқ, Мойынқұм және Шу аудандыраның тарихи-мәдени ескерткіштерінің 2 жинағы шығарылды.

2012 жылы облыстың 4 кітапханасында РАБИС және АБИС бағдарламалары орнатылған, 41 - компьютермен жабдықталған, 40 кітапхана интернет желісіне қосылған. 281 мың дана кітап қорының 3,2 млн. дана кітабі мәліметтердің электронды базасына енгізілген.



Спорт. 2012 жылы демеушілердін қатысуымен облыста жасанды төсеніші бар 9 спорт алаңдары салынды, оның ішінде Тараз қаласында - 4 және Қаратау, Жаңатас каларында біреуден, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында – 3.

Облыста облыстық спорт сарайының, спортта дарынды балалар үшін облыстық мектеп-интернатының 2 спортзалы, облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын №1 спорт мектебінің спорт залы, Сарысу ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залы салынуда.



Жыл қорытындысы бойынша спортпен және дене шынықтырумен жүйелі айналысатын азаматтар саны 205,7 мың адам құрады, оның ішінде 128,0 мың балалар мен жасөспірімдер.

Жамбыл облысының әкімі Қ. Бозымбаев



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет