Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2012 жыл Іске асыру кезеңі



бет10/18
Дата24.04.2016
өлшемі1.63 Mb.
#79727
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




141.

Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерге қорғау тақтайшаларын орнату



Бірлік

Орындалған жұмыстар актісі

Мәдениет басқармасы

Т.Рысқұлов пен Меркі ауындарында тарихи-мәдени ескерткіштерге қорғау тақтайшалары орнатылып, жергілікті бюджеттен 0,8 млн. теңге қарастырылып, игерілді.

142.

Дарынды жастарды анықтау мақсатында байқау-лар, фести-валдар, айтыстар өткізу
Мәдениет саласының қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында облыстық, республикалық семинарлар, мастеркласстар өткізу

Бірлік

Байқау жеңімпаз

дарын анықтау



Мәдениет басқармасы

Республикалық, облыстық байқаулар, фестивальдер және әлеуметтік-маңызды 17 мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, жергілікті бюджеттен 56,4 млн. теңге қарастырылып, игерілді.

143.

Кітапханалардың кітап қорын толықтыру

Бірлік

Орындалған жұмыстың есебі

Мәдениет басқармасы

Кітап қоры 78266 данаға толықтырылды, жергілікті бюджеттен 18,6 млн. теңге қарастырылып, игерілді

144.

Автотранспорт сатып алу

Бірлік

Орындалған жұмыстар актісі

Мәдениет басқармасы

Облыстық қазақ драма театрына және облыстық филармонияға 2 автобус сатып алынды. Жергілікті бюджеттен 50,0 млн. теңге қарастырылып, игерілді

145.

Мәдениет нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу

Бірлік

Орындалған жұмыстар актісі

Мәдениет басқармасы

«Баласағұн» ОКЗ-ның кіші залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттен 7,0 млн. теңге қарастырылып, игерілді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру барысында 15 мәдениет нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асырылуына республикалық бюджеттен 240,4 млн. теңге қарастырылып, игерілді




Мақсат: 4.2.4. Мәдениетті және тілді дамыту

146.

Мемлекеттік қызметкерлерді, өзге ұлт өкілдерінің ересек халқын қазақ, орыс және ағылшын тіліне оқытуды қамтамасыз ету

бірлік

Есеп

«Мемлекеттік тілге оқыту орталығыМКҚК"

2012 жылы Мемлекеттік тілді оқыту орталығында 1687 тыңдаушы қазақ тілін үйрену курсын аяқтаған. Олардың 592 -бастауыш, 427 - жалғастырушы, 668 - тереңдетілген топта оқыған. 2012 жылғы жалпы 593 тыңдаушы куәлік, 548 тыңдаушы сертификат алды.

2012 жылдың ақпан айынан бастап орталықта ашылған ағылшын тілін оқыту курсының бастауыш деңгейін 6 тыңдаушы аяқтаған, 39 ағылшын тілін үйренушілер оқуын жалғастыруда.



147.

Облыс аумағында тілдерді оқу бойынша топтарында әлеуметтік зерттеулер жүргізу


бірлік

Есеп

Жамбыл облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы

Облыстағы тілдік ахуалды, облыс тұрғындарының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттік тапсырыс бойынша «TALDAU» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігі тарапынан әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

148.

Түрік жазбалары, ономастика және терминология, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибе конференцияларын, кеңес мәжілістерді, «дөңгелек үстелдерді», байқауларды, фестивальдерді, олимпиада мен тренингтер өткізу

бірлік

Есеп

Жамбыл облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және өңірдегі ономастикалық ахуалды реттеу мақсатында 2012 жылы жыр мүшәйрасы, форум, ашық есік күні, акция, рейд, пікірталас және 2 Тіл фестиалі, 16 облыстық байқау, 2 тіл олимпиадасы, 7 дөңгелек үстел отырысы, 3 конференция, 5 семинар, 2 кездесу өткізілді.




Мақсат 4.2.5.: Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристтік индустрия құру




Міндет 4.2.5.1. Бұқаралық спортты дамыту

149.

Тараз қаласындағы №2 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын БЖСМ-не дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

млн. тг.

өткізу актісі

ТДШжСБ, ҚЖКжАЖБ

Тараз қаласындағы №2 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын БЖСМ-не дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу ЖСҚ дайындалды, қарастырылып, игерілгені 0,8 млн. теңге.

150.

Тараз қаласында спорт сарайын салу

млн. тг.

өткізу актісі

ТДШжСБ, ҚЖКжАЖБ

2012 жылы Тараз қаласында Спорт сарайын салу жалғастырылды, қарастырылып, игерілгені 2,3 млрд. тенге.

151.

Футбол, баскетбол, волейболға арналған шағын жасанды әмбебап алаңдар салу

млн. тг.

өткізу актісі

ТДШжСБ, ҚЖКжАЖБ

Демеушілердің қатысуымен облыста 80,0 мың теңгеге жасанды төсенішімен 9 спорт алаңдарының құрылысы аяқталып іске қосылды, оның ішінде Тараз қаласында - 4 және Қаратау, Жаңатас калаларында біреуден, ауылдық аудандарында – 3.

152.

Тараз қаласындағы "Тараз волейбол клубы" МКҚК-на дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

млн. тг.

өткізу актісі

ТДШжСБ, ҚЖКжАЖБ

ЖСҚ дайындалып, 512,5 тыс. теңгеге мемлекеттік сараптама өткізілді.

153.

Тараз қаласындағы №1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебіне спорт залдар құрылысын салу

млн. тг.

өткізу актісі

ТДШжСБ, ҚЖКжАЖБ

ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама өткізілді және олимпиядалық резервтегі №1 арнайы спорт мектебі үшін спорт залдың құрылысы жүргізілуде.

154.

Тараз қаласында спорт залдар құрылысын салу

млн. тг.

өткізу актісі

ТДШжСБ, ҚЖКжАЖБ

Спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаты спорт залының құрылысы іске асырылды, №3 жасөспірім спорт мектебінің және Тараз қаласындағы №1 олимпиядалық резервтегі мектеп аумағындағы Тараз волейбол клубының ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама өткізілді.

155.

Ауылдық жерлерде спорт залдар құрылысын салу

млн. тг.

өткізу актісі

ТДШжСБ, ҚЖКжАЖБ

Жаңатас қаласындағы №22 жасөспірімдер спорт мектебінің ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама өткізіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, Меркі, Мойынқұм, Жуалы аудандарының жасөспірім спорт мектебінің спортзал құрылысының ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

156.

Спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту ( спорттық жабдықтармен және басқа да құралдармен)

млн. тг.

есеп

ТДШжСБ

Спорттың әр түрінен 103,4 млн. теңгеге спорттық жабдықтар мен басқа да құралдар сатып алынды.

157.

Спорт мекемелері жүйесін кеңейту (балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін, жоғарғы спорт шеберлігі мектебін, мүгедектер клубын ашу)

млн. тг.

әкімдік қаулысы

ТДШжСБ

2012 жылы жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, мүгедектер клубы ашылды.

158.

Спорт мекемелерін күрделі жөндеумен қамтамасыз ету

млн. тг.

№2 нысан актісі

ТДШжСБ

2013 жылы облыстың №13, 15, 16, 18 жасөспірімдер спорт мектептерін күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ әзірленді.

159.

Спорт түрлерінен спартакиадаларға және жастар ойындарына, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, халықаралық турнирлерге, кешенді халықаралық (Азия, Евразия және Ислам ойындары) және республикалық жарыстарға қатысуды қамтамасыз ету

млн. тг.

есеп

ТДШжСБ

4092 облыс спортшылары 7 спартакиадаға және 2 жастар ойындарына, 233 оқу-жаттығу жиындарына, 72. халықаралық турнирлерге, 2 Әлем және Азия чемпионаттарына, 185 республикалық жарыстарға қатысып, 78 медальды иеленді, республикалық турнирлерінде 671 жүлде алды, ол 219 бірлікке былтырғы жылдан көп.

160.

2012 жылғы ХХХ Олимпияда ойындарына, 2-ші жазғы Жасөспірімдер арасындағы олимпияда ойындарына қатысуды қамтамасыз ету

млн. тг.

есеп

ТДШжСБ

2012 жылғы ХХХ Олимпияда ойындарына су поло, бокс және еркін күреске облыстан 3 спортсмен катысты. А.Танатаров қола медальды иеленді.


161.

Жаттықтырушы-оқытушыларды біліктілікті жоғарылату курстарымен қамтамасыз ету

млн. тг.

сертификат

ТДШжСБ

Республикалық спорт мектептерінде 10 жаттықтырушы-педагогтар біліктіліктерін жоғарылатты.




Мақсат 4.2.5.: Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристтік индустрия құру




Міндет 4.2.5.2. Туризмді дамыту

162.

Туристік саладағы инвестициялық жобаларды жылжытуға жәрдем беру

саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық әкімдігінің ТДШСБ

8 республикалық және халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерде аймақтағы туристік инвестициялық жобалардың тұсаукесерлер өткізілді.

163.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліз бойында жол бойындағы инфрақұрылымдар объектілерінің орындарын анықтау

саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық әкімдігінің ТДШСБ

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліз бойында 8 жол бойындағы инфрақұрылымдар объектілерінің орны анықталды.

Жол бойындағы сервистің 8 нысан құрылысына орынды анықтау және әрі қарай үйлестіру үшін жұмыс тобына мемлекеттік сатып алу тәсілімен автобус жалға алынды.



Жамбыл облысы участкесіндегі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліз бойында жол бойындағы инфрақұрылымдар объектілерінің анықталған жерлерін аралау жүргізілді:

- Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылы (көліктік дәлізден солтүстікке қарай);

- Меркі ауданы Ақтоған поселкесі;

- Т. Рысқұлов ауданындағы Көкдөнен поселкесі мен Жаксылық ауылының арасы;

- Байзақ ауданы Ақшолақ поселкесі;

- Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округі.

164.

Облыс аумағындағы «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынша «В» және «С» категорияларындағы жол бойында орналасқан объектілердің дизайнерлік жобасын жасау

саны

Әзірленген жоба


Облыстық әкімдігінің ТДШСБ

2012 жылдың наурыз айында облыстық бюджет қаржысы есебінен 0,8 млн. теңгеге «В» және «С» санаттардағы жол бойғы сервис нысандарының құрылысына эскиз жобасы әзірленді.


165.

Облыс аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынша жол бойындағы 8 сервистік объектілер салу


саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық әкімдігінің КЖК және АЖБ, ТДШСБ

8 нысанның құрылысын 2013-2014 жылдары жеке инвестициялар есебінен тұрғызу жоспарланып отыр.




166.

Облысы аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынша жол бойындағы 8 сервистік объектілердің инженерлі-коммуникациялық инфрақұлылымдарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлу

саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық әкімдігінің КЖК және АЖБ , Э және КШБ, ТДШСБ

ЖСҚ әзірлеу бюджетпен 2013 жылға қарастырылған.


167.

Облыс аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынша жол бойындағы 8 сервистік объектілерінің салынатын орындары бойынша жер телімдерінің құқықтық негізін реттеу, яғни аталған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару және оларды инвесторларға бөлуді ұйымдастыру




қаулы

Аудан әкімдер, облыстық әкімдігінің ЖКБ, ТДШСБ

Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов және Байзақ аудандарындағы жол бойғы кешенді тұрғызу үшін 6 нысан бойынша жер телімдері мемлекеттік меншікке алынды. Жуалы ауданындағы жол бойында кешен соғу үшін 2 нысан бойынша жер телімдері мемлекет меншігіне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

168.

Облыстағы ірі туристік объектілерге баратын автомобиль жолдарын жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу,

оның ішінде:



Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық әкімдігінің КЖК және АЖБ, ТДШСБ

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының деректері бойынша екі «Ақыртас» және «Тау Самалы» туристік нысандар бойынша 5,32 млн. теңгеге ТЭН әзірленген.

169.

Ақыртас сарай кешеніне баратын ұзындығы 8 км жолдың техникалы-экономикалықнегіздемесін, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылысын жүргізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық әкімдігінің КЖК және АЖБ

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының деректері бойынша «Ақыртас» Сарайы кешеніне апаратын жолға ТЭН-ме әзірлеуге 3,22 млн. теңге жұмсалған.

170.

Жуалы ауданындағы «Тау самалы» туристік кешеніне баратын ұзындығы 4 км жолдың техникалы-экономикалық негіздемесін, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылысын жүргізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық әкімдігінің КЖК және АЖБ

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының деректері бойынша Жуалы ауданындағы «Тау Самалы» туристік кешеніне апаратын жолға ТЭН-ме әзірлеуге 2,1 млн. теңге жұмсалған.

171.

Жуалы ауданының Көксай каньонына баратын ұзындығы 25 км жолдың техникалы-экономикалық негіздемесін, жобалық- сметалық құжаттамасын әзірлеужәне жолдың құрылысын жүргізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық КЖК және АЖБ

ТЭН-ме мен ЖСҚ 2013 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен әзірлеу жоспарлануда.


172.

Туризм саласындағы мамандар үшін біліктілігін арттыру семинарын өткізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

2012 жылдың желтоқсан айында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Туристік және мейрамханалық бизнестегі заманауи технологиялар» атты тақырыбына оқыту семинар өтті. Оған облыстағы 30 туристік сала өкілдері қатысты. Семинардың соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

173.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде облыстың туристік әлеуеті туралы жарнамалық өнімдерді шығару және тарату

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

2012 жылы Жамбыл облысының туристік тартымды имиджін қалыптастыру мақсатында ішкі және халықаралық қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарнамалық-ақпараттық өнімнің 3602 данасы, оның ішінде:

500 туристік жолсілтемелер «Жамбыл облысына қош келдіңіздер - қарлы шыңдар, көгілдір көлдер мен құм жоталар өлкесі»;

1602 дана Жамбыл облысының көзтартымды жерлері бейнеленген өнімдер (магниткалар, саптыаяқтар, визитка салғыштар, фототастар, құрастырғыштар, күнтізбелер және т.б.);

1500 жарнамалық өнімдер облыс турфирмаларымен шығарылып, таратылды.



174.

Интернеттегі Web-сайт пен порталда қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аймақтың туристік мүмкіндіктері туралы жаңалықтарды жаңартып отыру

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

Басқарма Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктері туралы жаңалықтарды, оқиғалар мен ақпараттарды ҚР ТСМ-нің веб-сайтында www.visitkazakhstan.kz, облыс әкімі мен басқарманың сайттарында ұдайы жаңартылып тұрады. .




175.

Ірі халықаралық және республикалық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

2012 жылы туристік қызметтің ішкі және халықаралық нарығында туристік өнімнің жылжуы үшін туризм және туристік сала қызметкерлері 5 ірі республикалық және 3 халықаралық ісшараларға, оның ішінде:

- Көкшетау қаласындағы IХ Ақмолалық өңірлік туристік жәрмеңкесіне;

- ОҚО-дағы Түркістан қаласында өткізілген «Ұлы Жібек жолы бойында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында туризм дамуының негізгі мәселелері» атты республикалық семинар-кеңесіне;

- Алматы қаласында өткен “KITF 2012” және Астана қаласында өткен “Astana Leisure 2012” атты Қазақстандық халықаралық жәрмеңкелеріне;

- Ақмола облысында өткен «Сарқылмас саяхат» республикалық туристік жәрмеңкеге;

- Германияның Берлин қаласында “ITB”, «In tour market» Рессей федерациясы Мәскеу қаласында және Қытай Гон Конг қаласында өткен «ІТЕ» атты халықаралық жәрмеңкелеріне Қазақстан Республикасы делегациясы құрамында қатысты.



176.

Ірі республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерде Жамбыл облысының туристік тартымдылығын көрсететін стендті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

Алматы қаласында өткен “KITF 2012” және Астана қаласында өткен “Astana Leisure 2012” атты Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкедегі тұсаукесер кезінде Жамбыл облысының туристік тартымдылығы жөнінде стендттер әзірленген болатын.

177.

Туризм саласының дамуы туралы мәселелерді облыстық бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялау

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

Жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында өңірдегі туристік саланы дамыту болашағы туралы материалдар 15 рет жарияланды.



178.

Өңірде туризмді дамыту бойынша облыстық семинар-кеңес өткізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

2012 жылғы желтоқсан айында «Жамбыл облысында экскурсиялық туризмді дамыту» атты тақырыпқа облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңес 2 кезеңде өткізілді: 1-ші кезең- тарихи орындарға экскурсия (Тектұрмас сәулет кешені, Қарахан кесенесі, Айша-Бибі және Бабаджа-Хатұн кесенелері). 2-ші кезең - «Тау Самалы» кешенінде «Жамбыл облысында экскурсиялық туризмді дамыту» тақырыбына арналған облыстық семинар-кеңес өткізілді.

179.

«Астана-менің Отанымның елордасы» жобасына сәйкес жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша іс-шараларын өткізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

2012 жылдың шілде айында жазғы демалыс кезінде 12-14 жастағы үздік оқушылар мен жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін Астана қаласына екі күндік тур ұйымдастырылды, оған Тараз қаласы мен аудандардан жалпы 22 оқушы қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты балаларға саламатты өмір салтын, белсенді демалысты, физикалық, өнегелікті, моральдік-жігерлікті, оқушылардың этикалық сапасын көтеруді насихаттау, отанын және астанасын танып, білу болды.

Осы турдың бағдарламасы «Астана – тәуелсіз еліміздің символы» атты тақырыпта қала бойынша: жеке алғанда «Астана –Бәйтерек» кешеніне көтерілу, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Мұражайына, «Назарбаев Университетіне»; «Атамекен – Қазақстан картасы» этникалық-мемориалдық саябағына, Бейбітшілік пен келісім сарайына; «Думан», «Хан-Шатыры» мәдени-ойын-сауық орталықтары мен басқа да мәдени жерлерге экскурсиялық шолу жасады.


180.

«Балалар туризмі» жобасын жасау және дамыту

Саны

ҚР ТСМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

2012 жылы «Балалар туризмі» жобасы әзірленіп, оны іске асыру шеңберінде қараша-желтоқсан айларында Тараз қаласы орта мектептерінің оқушылары мен ақыл-есі кем интернат үйінің балаларының қатысуымен «Жас өлкетанушы» конкурсы ұйымдастырылып өткізілді. Конкурс жеңімпаздары Тектұрмас сәулет кешені, Қарахан кесенесі, Айша-Бибі, Бабаджа-Хатун кесенелері және Төрткүл керуен сарайына, Жуалы ауданындағы «Тау самалы» туристік кешеніне экскурсияға барды.

Іс-шараның басты мақсаты - балалар және әлеуметтік туризмді дамыту, тарихи-танымдылығын арттыру, белсенділікті ояту, өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет