6. Талдамалы жазбахат.
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (ары-қарай Бағдарлама) Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 31 қарашадағы №18-4 шешімімен бекітілген. Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады: 1 кезең – кезеңдік 2011-2013 жылдар, 2 кезең – қорытындылық 2014-2015 жылдар.
Жалпы бағдарламада 20 мақсат, 46 индикаторлар, 106 көрсеткіштер қарастырылған, оның ішінде 2013 жылға 41 индикаторларды және 103 көрсеткіштерді орындау қарастырылған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 34 индикаторға және 85 көрсеткіштерге қол жеткізілген, 3 индикатор және 8 көрсеткіш орындалмаған. 4 индикатор мен 10 көрсеткіштер бойынша статистикалық мәліметтер Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың ішінде ұсынылады.
Мақсат 4.1.1. Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету
Аталған бөлім 2 индикатордан және 4 көрсеткіштен тұрады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 4 көрсеткіш орындалды, 2 индикатор Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ туралы алдын-ала мәліметтер2014 жылдың 30 сәуірінде, нақты – 20 тамызда ұсынылады.
Сонымен бірге, «ЖӨӨ НКИ» индикторы 105,8% деңгейінде жоспарланып, 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде нақты 103,7%-ды құрады, жылдың қорытындысы бойынша индикатордың орындалуы күтілуде.
Мақсат 4.1.2.: Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру
Бөлім 4 индикаторлар мен 16 көрсеткіштерден тұрады. Жыл қорытындысы бойынша 4 индикатордың және 13 көрсеткіштердің жоспарлы мәндері орындалды, оның ішінде 2 көрсеткіш 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі алдын-ала мәліметтер бойынша орындалды, 3 көрсеткіш орындалмаған.
«Облыс өнеркәсібіндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі» көрсеткішінің жоспарлы мәнінің орындалмауы химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі 1,8%-ға (ортофосфор қышқылы, натрий үшполифосфаты), жеңіл өнеркәсіп – 25,4%-ға (тоқыма және былғары бұйымдары), металлургия – 41,2%-ға (қара металлургия, бағалы және түрлі түсті металлдар), дайын металл бұйымдары – 16,2%-ға (құрама құрылыс металл конструкциялары), қағаз өнімдері – 28,0%-ға төмендеуінің есебінен, сұраныстың төмендеуіне, тапсырыстардың азаюына, кәсіпорындарда жоспарлы жөндеу жұмыстарынның жүргізілуіне байланысты.
Өзге де металл емес минералдық өнімдердің нақты көлем индексінің орындалмауы шыныдан жасалған ыдыстар өндірісінің 46,3%-ға, гипс – 7,6%-ға, өңделген тас – 3,4%-ға төмендеуінен.
Электр қуатын пайдаланудың жалпы көлеміндегі қуаттың альтернативтік көздерінің үлесін ұлғайтудың төмендеуі 2013 жылдың басында іске асырылуы жоспарланған ҮИИДМБ аясындағы инвестжобалардың (Қарақыстақ және Тасөткел ГЭС-і), нақты – екінші жартыжылдықта іске қосылуымен, сондай-ақ жаз маусымында қажетті судың жеткіліксіздігінен (ауыл шаруашылығы жерлерін суару) Тасөткел ГЭС-ның төрт құбырының бірдей іске қосылмауына байланысты Нәтижесінде станцияның өндіру көлемі 9,2 МВт орнына, бар болғаны 3-3,2 МВт құрады.
Мақсат 4.1.3.: Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру
Бөлімде 1 индикатор және 5 көрсеткіштер қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша индикатор мен 4 көрсеткіштердің жоспарлы мәндері орындалды, оның ішінде 1 көрсеткіш 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі алдын-ала мәліметтер бойынша орындалды, 1 көрсеткіш бойынша 2013 жылғы есептілік 2014 жылдың сәуір айында ұсынылады.
Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту
Бөлім 2 индикаторлар мен 4 көрсеткіштерден тұрады. Жыл қорытындысы бойынша барлық индикаторлар және көрсеткіштер орындалған.
Мақсат 4.1.5.: Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету
Бөлім 3 индикатор мен 9 көрсеткіштерден тұрады, жыл қорытындысы бойынша 2 индикатор және 5 көрсеткіш орындалған, 1 индикатор және 3 көрсеткіш бойынша статистикалық есептілік кешірек ұсынылады. «Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялардың нақты көлем индексі» көрсеткішінің орындалмауы өңдеу өнеркәсібіне салынған жеке инвестициялардың 2012 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға төмендеуіне байланысты.
Мақсат 4.2.1. Білім берудің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Бөлімде 2 индикатор мен 6 көрсеткіш қарастырылған, барлық индикаторлар мен көрсеткіштер 2013 жылдың қорытындысы бойынша орындалған.
Мақсат 4.2.2. Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту
Бөлімде 3 нысаналы индикатор мен 13 көрсеткіш, қол жеткізілгені 2 индикатор және 12 көрсеткіш, орындалмағаны 1 көрсеткіш, 1 индикатор бойынша статистикалық есеп 2014 жылдың 2 тоқсанына қарастырылған.
Дәрігер мамандарының тапшылығын азайту бойынша көрсеткішке қол жеткізілмеген, 197 адам жоспарында нақты 216 адамды құрады. Облысқа мамандарды тарту бойынша іс-шаралар өткізілді, сонымен С.Асфендиярова университетінің 3 жақты келісімшартқа отырған 44 түлегінің Жамбыл облысына 41 жас маманы келді. Қарағанды медуниверситетінің 13 түлегінің 4-уі келді. Келмегендер саны 12 адамды құрады.
Мақсат 4.2.3. Өнімді жұмыспен қамту
Бөлімде 4 индикатор және 9 көрсеткіш қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша 3 индикатор орындалған, оның 2-і есеп аралығындағы қорытынды бойынша. 9 көрсеткіш орындалған, оның 2-і есеп аралығындағы қорытынды бойынша. «Өндірістік жарақаттану көлемінің азаюы» индикаторы қауіпсіздік және еңбек қорғанысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған құрылыс нысандарының санының өсуі есебінен орындалмаған.
Мақсат 4.2.4. Тіл мен мәдениетті дамыту.
Жыл қорытындысы бойынша бөлімнің 2 индикаторы орындалған. Көрсеткіштер қарастырылмаған.
2013 жылы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және мемлекеттік тілді дамыту мен оларды қолдану саласын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғарылату және этникоаралық қарым қатынасты нығайту қамтамасыз етілген.
- Нысаналы индикаторларды бағалау әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша жүргізілген, жоспарланған көрсеткіштер орындалған, іс шаралар толығымен іске асырылуда.
Мақсат 4.2.5 Бұқаралық спортты дамыту және сервистік жүйесі дамыған туристік индустриясын жасау.
Бөлім 2 индикатордан және 3 көрсеткіштен тұрады. Жыл қорытындысы бойынша 1 индикатор мен 2 көрсеткіштер орындалды, оның біреуі 2013 жылдың 9 айындағы қорытынды бойынша орындалған. 1 көрсеткіштің орындалуы 2014 жылдың мамыр айында қарастырылған, «Туристтік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту» индикаторы бойынша есеп ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитетімен ұсынылады.
Мақсат 4.2.6 Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Бөлімде қарастырылған 1 индикатор мен 2 көрсеткіш жыл қорытындысы бойынша орындалған. Нысаналы индикаторларды бағалау әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша жүргізілген.
Мақсат 4.2.7. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.
Бөлімде қарастырылған 1 индикатор мен 1 көрсеткіш жыл қорытындысы бойынша орындалған. Нысаналы индикаторларды бағалау әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша жүргізілген.
Мақсат 4.2.8 Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Бөлімде 2 индикатор мен 4 көрсеткіш қарастырылған, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша 1 индикатор және 3 көрсеткіш орындалды.
Өндірісте төтенше жағдайлар мен уәқиғалар санының көбеюінен, ірі көлік апаттарының, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың кобеюі және оның материалдық шығыны мен онда зардап шеккендер санының өсуі есебінен орындалмай отыр.
Мақсат 4.3.1.: Инфокоммуникацияны дамыту
Бөлім 5 көрсеткіштерден тұрады, жыл қорытындысы бойынша 2 көрсеткіш орындалған, 3 көрсеткіш бойынша статистикалық есептілік 2014 жылдың тамыз айында болады.
Мақсат 4.3.2. Құрылысты дамыту
Бөлім 2 индикатордан және 1 көрсеткіштен тұрады, жыл қорытындысы бойынша 1 индикатор және 1 көрсеткіш орындалған. "Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі, жалпы алаңынан шаршы метр" индикаторының орындалмауы ипотекалық түрғын үйге сұраныстың төмендеуіне байланысты.
Мақсат 4.3.3.: Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту
Бөлімде қарастырылған 3 индикаторлар мен 6 көрсеткіштер жыл қорытындысы бойынша орындалған.
Мақсат 4.3.4.: Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы
Бөлімде 4 индикаторлар мен 6 көрсеткіштер қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша барлық индикаторлар және 5 көрсеткіштер орындалды. 1 көрсеткіштің орындалмауы көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 2013 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты.
Мақсат 4.4.1. Даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерді дамыту
Бөлімде 1 нысаналы индикатор және 3 көрсетіш қарастырылған. 1 индикаторға және 2 көрсеткішке қол жеткізілген. «Денсаулық сақтау саласының мамандарын ауылға тарту» көрсеткішінің орындалмауы ауруханалардың бас дәрігерлерімен ЖОО жәрмеңкелерінде жасалған келісі-шарттарға сәйкес жас мамандардың келмеуіне байланысты. Жамбыл облысына С.Асфендияров атындағы университетінің 3 жақты келісім жасаған 44 түлегінен 41 жас мамандары, Карағандының медициналық университетінің 13 түлегінен 4 маман келді. Келмегендердің саны 12 адамды құрады.
Мақсат 4.4.2.: Қоршаған ортаны тұрақтандыру және сапасын жақсарту
Бөлімде 2 индикаторлар мен 4 көрсеткіштер бар. Жыл қорытындысы бойынша барлық индикаторлар және 3 көрсеткіштер орындалған, 1 көрсеткіш бойынша 2013 жылдың статистикалық есептілігі 2014 жылдың маусым айында қарастырылған.
Мақсат 4.5.1. Мемлекеттік қызметті дамыту
Есепті кезеңде бөлімде қарастырылған 1 индикатор және 1 көрсеткіш орындалған.
Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 2013 жылға 441 іс-шаралар қарастырылған, оның ішінде 1-ші "Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы" бағыты бойынша 31544,65 млн. теңге сомасында 63 іс-шараны іске асыру қарастырылған, 2-ші «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бағыты бойынша - 55021,875 млн.теңге сомасында 227 іс-шара, 3-ші «Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасымалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету» бағыты бойынша - 15335,285 млн. теңге сомасында 101 іс-шара, 4-ші «Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау» бағыты бойынша - 1077,6 млн.теңге сомасында 18 іс-шара қарастырылған.
Өнеркәсіп. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 237,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Нақты көлем индексі 107,7%.
Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеруде өндіріс көлемдерінің 15,4%-ға (17,6 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 7,3%-ға (179,4 млрд. теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 4,8%-ға (37,7 млрд. теңге) өсуі байқалады.
Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеру саласындағы өсім 2012 жылдың деңгейіне қарағанда ұнтақталған фосфат шикізатын өндіру көлемін 13,4 есеге (247,5 мың тонна), табиғи құмды – 2,3 есеге (321,1 мың текше м), әктас және гипсті – 12,6%-ға (1685,5 мың тонна), мыс кендері мен қойыртпаларын - 1,7 есеге (1123,3 мың тонна), газ конденсатын – 2,3%-ға (21,8 мың тонна), тас көмірді - 0,1%-ға (80,1 мың тонна) арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Зерттеу және техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты табиғи газды өндіру көлемі 0,7%-ға қысқарған.
Өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсімге қол жеткізілген: тамақ өнімдерін өндіруде 1,4 есеге, сусындарды өндіру – 1,3 есеге, мұнай өнімдерін өңдеуде – 1,2 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын – 1,2 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдерді – 8,9%, машина жасауда – 8,2%, жиһаз жасауда – 1,7 есеге.
Сонымен қатар, өткен жылдың деңгейіне химия өнімдерін өндіру өнеркәсібі 1,8%-ға (ортофосфор қышқылы, натрий үшполифосфаты), жеңіл өнеркәсіпте – 25,4%-ға (тоқыма және былғары бұйымдары), металлургия – 41,2%-ға (қара металлургия, бағалы және түрлі түсті металлдар), дайын металл бұйымдары – 16,2%-ға (құрма құрылыс металл конструкциялары) жетпейді.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда электр энергиясын өндіру көлемі 13,6%-ға өсіп, 1777,7 млн. кВт/сағ. құрады.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда суды жинау, өңдеу және бөлу көлемі 7,5%-ға, төмендеуі есебінен жұмысты, қызмет көрсетуді өндіру көлемі 3,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 88,3%.
Кедендік статистика мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 548,7 млн. АҚШ долларын немесе 2012 жылдың қаңтар-қарашасына 120,1% құрады, оның ішінде экспорт – 155,7 млн. АҚШ доллары (88,1%), импорт – 393,0 млн. АҚШ доллары (140,3%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 237,3 млн. АҚШ доллары.
2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында бөлшек сауда айналымының көлемі 146,2 млрд. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 30,8%-ға өсті, көтерме сауда айналымы – 192,7 млрд. теңге (24,4%-ға).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 122,8 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылмен салыстырғанда 110,0%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 57,2 млрд. теңге (НКИ – 121,4%), мал шаруашылығы – 65,3 млрд. теңге (НКИ – 100,5%).
Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2013 жылы 3551,6 млн. теңге субсидия бөлінді және игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2053,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 1498,1 млн. теңге.
ҚР статистика агенттігінің алдын-ала мәліметтері бойынша 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік саласында өндірілген өнімнің көлемі 7,1%-ға (234,5 млрд. теңге), шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны – 8,5%-ға (41863 бірлік), онда жұмыс істейтіндер саны – 9,8%-ға (119,4 мың адам) өсті.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері жалпы 32,9 млрд. теңге сомасына кәсіпкерлердің 242 жобасына қаржылай қолдау көрсетілді, оның ішінде 2013 жылы - 98 жоба.
2013 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 248,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,7%-ға артық.
Бюджеттік инвестициялар салымының көлемі 45,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 11,8%-ға кем болды. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдардың үлесі 18,4%-ды құрады.
Қарызға алынған инвестиция көлемі 2,8 есеге өсіп, 161,2 млрд. теңгені құрады. Инвестициялардың жалпы көлемінде қарызға алынған инвестициялар үлесі 64,8%-ды құрайды, оның ішінде 119,8 млрд. теңге (74,3%) - транзитті магистралды газ құбырының құрылысына тартылған қаражаттар.
Шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары және халықтың қаражаты инвестициялардың жалпы көлемінде 15,9%-ды құрайды. 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21,3%-ға төмендеп, 39,6 млрд. теңгені құрады.
Шетелдік инвестициялар 2152,8 млн. теңгені құрайды.
2013 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 132 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,0%-ға өскен.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 256,7 мың шаршы метрді құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға артық. 29,5 мың шаршы метр жалға берілетін, басқа ведомстволармен 5,7 мың шаршы метр, жеке құрылысшылар қаражатынан 221,5 мың шаршы метр, оның ішінде жеке меншік секторда 204,1 мың шаршы метр (1,3%-ға артық) тұрғын үйлері салынған.
Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар 10,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 7,3%-ға артық болды, оның ішінде 7,4 млрд. теңге жеке құрылысшылар қаражаты (оның ішінде 6,9 млрд. теңге халықтың қаражаты), 2,8 млрд. теңге республикалық бюджет, 0,4 млрд. теңге жергілікті бюджет және 0,3 млрд. теңге – қарызға алынған қаражаттар.
Салықтар. 2013 жылдың қаңтар - желтоқсанында мемлекеттік бюджетке 63651,1 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға артық немесе болжамға 101,4%, оның ішінде республикалық бюджетке – 28870,0 млн. теңге (101,2%), жергілікті бюджетке – 34781,1 млн. теңге (101,4%).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2014 жылдың 1 қаңтарына барлығы 32837 адам жұмыспен қамтамасыз етілген, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 5625 адам, маусымдық жұмыстармен - 16848 адам, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақылы қоғамдық жұмыстармен – 3370 адам. Жастар тәжірибесімен 2545 адам қамтылды, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша – 1851 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен - 1156 адам (770 адам). Инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асырудың шеңберінде 2424 адам жұмысқа орналастырылды, несие беру есебінен 869 адам жұмыспен қамтылды.
Кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 75786 теңгені құрады, бұл номиналдық есептеуде 2012 жылдың тиісті кезеңінен 4,9%-ға артық және нақты – 1,3%-ға төмен.
2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында халықтың номиналды ақшалай табысы 36780 теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға өсті, нақты 1,0%-ға төмендеген.
2013 жылы қаңтар-желтоқсанында 168,0 мың тұрғынға 1694,6 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 132,0 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 391,4 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 1104,9 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 66,3 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төленді.
2013 жылы жүйке неврологиялық аурулар үшін 300 орындық интернат-үй құрылысына республикалық бюджеттен 1571 млн. теңге, облыстық бюджеттен қосымша қаржыландыруға – 87,7 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық саны 2014 жылдың 1 қаңтарына 8212 адамды құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,5%-ға қысқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |