Пән бойынша оқыту Нысан
бағдарламасының титулдық ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
парағы (SYLLABUS)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы
5В050200 «Саясаттану» мамандығының студенттеріне арналған
pol 2107 Саяси риторика
пән бағдарламасы (Syllabus)
Павлодар, 2014
Бекіту парағы Нысан
пән бағдарламасы (syllabus) ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
БЕКІТЕМІН
Тарих және құқық
факультетінің деканы
_________ А.И. Бегимтаев
«__»__________20___ж.
Құрастырушы ____________ аға оқытушы Қаппасова Г.М.
Пән бағдарламасы (syllabus)
pol 2107 Саяси риторика
5В050200 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған
Бағдарлама 20__ж. «____» _________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «___»________№___ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ И.А.Калиев 20__ж. «___»___________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ ж. «____»_________№___ Хаттама
ОӘК төрайымы _____________ Ш.Қ.Сулейменова 20__ж. «___»___________
1 Пән бағдарламасының паспорты
pol 2107 Саясаттану пәні
Кредиттердің саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 1
Семестр: 2
Аудиториялық сабақтарының барлығы – 45 сағат
Дәріс - 30 сағат
Тәжірибелік /семинарлық сабақ - 15 часов
СОӨЖ – 90 часов
Жалпы еңбектену - 135 часов
Бақылау түрі
Ағымды бақылау – 4 және 11 аптада
Межелік бақылау – 8 және 15 аптада
Қорытынды бақылаудың түрі – аралас емтихан (60% мониторинг бөлімі тестік тапсырма түрінде қабылдайды және 40% жазбаша түрінде қабылданады) семестрдің аяғында
Алдыңғы пререквизиттер:
Осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар керек:
- әлеуметтану;
- философия;
Кейінгі постреквизиттер:
Осы пәнді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін керек:
- саяси билік;
- саяси көшбасшылық;
- саяси модернизация.
2 Оқытушы туралы мәлімет
Каппасова Гульсара Маданиқызы - аға оқытушы, саясаттану магистрі (дәріс,тәжірибе)
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы А корпусында 429 аудиторияда орналасқан
тел. 67-36-87 (ішкі 1124)
Е-mail: gulsara_k@bk.ru
2 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Саяси риториканың пәні Сөз мәдениеті және көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігінің проблемасын зерделеу сөз сөйлеудің маңызын терең түсінуді болашақ саясаттанушыларға қажет етеді. Осы проблеманы шешу саяси саладағы шешендік өнер туралы теориялық білімнің қолданбалы түрін меңгеруді, нормативтік талаптарын енгізеді болашақ ораторға, саясаттанушыларға өте қажетті.
Пәннің оқыту мақсаты:
- болашақ саясаттанушылардың ораторлық қасиеттерің, шешендік өнерің дамыту;
- дамыған коммуникативті тұлғаны тәрбиелеу;
- саяси риториканың теориялық негіздерін беру, әлемдік ғылыми риториканы саяси ораторлыққа және саяси риторикамен байланыстыру, логикалық, коммуникациялық риторика, әмбебап емес сөз сөйлеуге қатысушылары болу үшін көмектесу;
- мемлекеттік қоғамдық басқарма және басқарудың заманға сай мәселелерін шеше алатын, шығармашылық потенциалды дамытуға жағдай жасай алатын елдің жоғары білікті мамандық потенциалын қалыптастыру, болашақ мамандардың пәндік білімінің іргетасын қалау.
Пәннің оқыту міндеттері:
- студенттердің жалпы және саяси мәдениетін жоғарлату, оларда саяси процестер және саяси ғылым жайлы жалпы түсінік қалыптастыру, бұл, өз кезегінде, қазіргі дүниежүзілік саяси шындықты өз еркімен ойлап, бағалай білуін дамытады;
- студенттердің қарым-қатынастардың үдерісінің негізгі элементтерін түсінуді қамтамасыз ету;
- классикалық саяси риторикалық негіздерін беру;
- студенттерді әлемдік саяси риторикаға ендіру;
- болашақ саясаткерлердің коммуникативтік білімдерін қалыптастыру.
3 Білімге, істей білуге, компетенцияларға қойылатын талаптар
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер:
білуі керек:
- әлемдік халықтарының шешендік тәрбиесі туралы;
- қазіргі саясаткердің жалпы және кәсіби білімділігінің ортасын құрайтын саяси тақырыптар жайлы сухбат өткізу;
- мәдениетті адамға лайықты сұрақтарды құрастыру, сөзге орынды араласу, тақырып бойынша толықтыра және жалғастыра білу;
- ораторлық өнердің дамуына қажетті алғышарттары туралы;
- ораторға қойылатын талаптарды;
- көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын;
- сөйлеу тәртібінің алгоритмі мен коммуникация тиімділігі туралы дағдыларын дамыту;
- шешендік өнерді тәрбиелеу тәсілдерін талдау туралы білімдерін қалыптастыру;
жасай алуы керек:
- сұрақты қоя білу және сұрақтарға жауап беру;
- әңгімелесу, сұхбаттасу және үнқатысу;
- жазба жұмыстарының негізгі түрлерін, сондай-ақ аңдатпа, ой-пікір, шолу, мазмұндамы, ғылыми доклад және т.б.;
- ойжарыстарға, дисскусияларға қатыса алуы.
- сөйлеу тәртібінің алгоритмі мен коммуникацияны қолдану.
тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек:
- ғылыми жұмыс дағдыларына;
- ауызекі тілде және жазбаша пікір айтуды (дискурс);
- пән бойынша алынған білім және дағдырларды кәсіптік істерде қолдана білу;
- елде, әлемде болып жатқан тарихи-саяси, экономикалық үрдістерді бағалау және талдау;
- болашақ жұмысында берілген білім және машықтарды қолдануы.
-бұл пән бойынша алынған білім және дағдырларды кәсіптік істерде қолдана білу;
- тілмаштық - өзара түсінік және шешім қабылдау;
компетентті болу:
-
мақалаларды талдауда және өзіндік жазуға;
-
саяси жиындарда қажетті сөздерің жазай алуда;
-
түрлі аудитория алдында сөз сөйлей алуда;
-
саяси әдептің нормаларына, адамның және азаматтық құқықтары және бостандықтарына, замани өркениетке сай саяси оқиғаларының ерекшеліктеріне, саяси мәдениеттің негізгі белгілерінде.
4 Оқыту пәннің тақырыптық жоспар
Академиялық сағаттарды сабақтардың түрлері бойынша бөлу
№ п/п
|
Тақырыптың атауы
|
Сағат саны сабақтардың түрлері бойынша
|
СӨЖ
|
дәріс
|
тәж., сем.
|
лаб., студ.жеке
|
барлығы
|
СӨЖМ мен бірге
|
1
|
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі»
пәні туралы түсінік/
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
2
|
Қазақ шешендік өнерінің қалыптасу тарихы/
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
3
|
Шешендік өнердің тарихы
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
4
|
Шешендік өнердің дамуы/ Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
5
|
Шешендік сөздердің түрлері/ Майқы би мен Аяз бидің тіл шеберлігі
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
6
|
Шешендік сөздердің берер ұлағаты/ Сырым Датұлы (1712-1802). Сырымның әңгімелері
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
7
|
Шешендік өнердің зерттелуі/ Өлмек хақ, тумақ хақ
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
8
|
Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік/ Билердің сөз шеберлігі
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
9
|
Ежелгі түрік халықтарының шешендік өнері/ Шешендік арнау. Шешенді арнаудың түрлері
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
10
|
Төле Әлібек ұлы (1663-1756)/
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
11
|
Қазыбек Келдібекұлы (1667 – 1764)/ Шешендік дау. Шешендік даудың түрлері
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
12
|
Әйтеке Бәйбекұлы (1683 – 1722)/ Ақын Абайдың шешендігі
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
13
|
Бұқар шығармаларының зеріттелуі/ Бұқар жырларындағы мәнді сөздер
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
14
|
Жарапазан өлеңдеріндегі шешендік/ Ежелгі түркі шешендерінің сөйлеу үлгілері
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
15
|
Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ролі/ Төле бидің шешендігі
|
2
|
1
|
|
3
|
1
|
|
Барлығы – 90 сағат (2 кредит)
|
30
|
15
|
-
|
30
|
15
|
5 Дәріс сабақтарының мазмұны
№ 1 Дәріс сабағы
Тақырыбы: «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәні туралы түсінік
Жоспары
-
Сөз өнері туралы түсінік
-
Тіл мәдениеті, тіл көркемдігі
3. Өнер алды – қызыл тіл
Пәннің мақсаты: халқымыздың әлеуметтік әдеби эстетикалық қажетін өтеп келе жатқан халық даналығының нұсқаларын оқытып үйрету, оның сырын ашқызу, табиғатын таныту және оны практикада қолдануға баулу.
Шешендік өнерді оқытудың міндеттері:
1.Шешендік өнерді қалыптастыру тарихымен таныстыру;
2.Шешендік сөздің түрлерін мазмұнын, қолданыс ерекшеліктерін таныту;
3.Болашақ педагогтарды қызмет барысында оқушылармен, ата-аналармен, өзін қоршаған қоғам мүшелерімен ортақ тіл табысуға үйрету;
4.Студенттердің әдеби тіл нормасын, шығармашылық ойлау операцияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» - оқу пәндерінің бірі ретінде жоғары оқу орындарында бакалабр сатысында жүргізіледі. Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды, сөзге шебер шешендікке бейім - тіл құдіретін түсінетін адамдар қатарын көбейту үшін студенттердің сөйлеу тілі мен дүниетанымын кеңейту мақсатында от ауызды, орақ тілді шешендеріміздің өнері үйретіледі. Халықтың даналықпен айтқан шешендік сөздері, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер оқытылады.Атағы алты алашқа белгілі, данышпан, гуманист көсемдеріміз А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б. қазақтың дау-жанжалын бір ауыз сөзбен шешкен. Барша халықты өзіне қаратып, сөзге тоқтата білген.Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің өмірінен мәлімет беріледі.Сөз шеберлігі оқытылады.
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәні бойынша Жиренше, Майқы би, Жәнібек батыр т.б.көрегендігін, тапқырлығын, аталы сөздерін оқып, талдап үйрету халықтық педагогикаға негізделеді.
Халықтық педагогиканың басты құралы - сөз өнері. Сөйлей алмайтындар күлдіремін деп күйдіреді, қуантамын деп қуартады,білдіремін деп бүлдіреді.
Шешендік - біліктілік пен білімнен, терең түйсік пен сезімнен, ұшқыр қиял мен өткір ойдан,тер төгу мен зерделіктен тұрады.
Ат сүрінгенше ақыл тапқан би, шешендеріміздің өнерін бойына сіңірген маманның құзіреттілігі талапқа сай бәсекеге қабілеттігі жоғары болып, әрқашан қоғамдық сұранысқа жауап бере алатын тіл мәдениеті дамыған ұстаз болмақ.
Педагог мамандарға шешендік өнерді үйрету арқылы нақты қисынды сөйлеуге үйретіледі. Сөз арқылы тәрбиеленушінің санасында сыйымды ойлар, әсерлі бейнелер туады.
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» педагогтардың бойында көкірегі сәулелі, тілі орамды ақылды азамат тұлғасын қалыптастырып, сөз өнеріне баулиды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Билер сөзі». Кәкішов Т., Алматы,1992
2.Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері».1984ж
3.Б.Адамбаев. «Халық даналығы».1976ж
№ 2 Дәріс сабағы
Қазақ шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы
Жоспары:
-
Грек шешендері
-
Рим шешендері
-
Философтар мен саясаткерлер
Қазақ шешендік өнері туралы философ – шешен Әл-Фараби «Риторика» атты еңбек жазып, онда шешеннің сөйлеу шеберлігіне тоқталған. Шешеннің сөйлеу шеберлігі жөніндегі тұжырымдарды Аристотельдің пікірімен сәйкес келеді. Өмірлік мәселелерге қатысты түрлі дау-дамайлар мен мемлекет, қоғам, адам тағдырына қатысты пікір-сайыстарында жеңіске жетер шешен образдарын айқындап, Аристотель айқын шешендік қасиеттерді: анықтылық, шыншылдық, дәлелдің молдығы, көз жеткізушілік, білімділік, сендіру қабілеттерімен қоса, жұртты өзіне баурап алар қимыл, бет-жүз құбылыстары, дауыс сазы мен сөйлеу мәнерін талдап түсіндіреді.
Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика деп атайды. Риторика ғылымының негізін салушылар Протагор және Сократ, Платон болған. Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған, оның астанасы- Афины.Солардың ішінде Лиси, Исакрат, Демосфен атақты шешендер болған. Демосфеннен 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған.Алғашқы шешендер, философтар, саясаткерлер, қолбасшылар, қоғам қайраткерлері, атақты мемлекет қайраткерлерінің арасынан шыққан. Шешендік өнер Грециядан кейін Рим мемлекетінде дамыған, онда Крас, Анатия, Кортенция бастаған атақты шешен қолбасшылары болған. Францияда шешендік қақтығыстар мен таптық шайқастарда дамып қанат жайған. Францияда Жан Поль Марат, Максимилиа, Робеспер, Ресейде В.И.Ленин және Луначарский өзінің шешендігімен көзге түскен. М.Ломоносов «Краткое руководство к красноречию»деген еңбегінде орыс шешендік өнері туралы жазған.
Пікір сайысында шындықты іздеп табудың, ақиқатқа көз жеткізудің тәсілі ретінде Платон айтқан диалектиканың маңызын сөз етеді. Ол Аристотель ілімінде диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді. Таным мақсаты, Әл–Фарабидің түсіндіруінше, ең алдымен сол текке жататын нәрсе біткеннің барлығының болмысын анық білу. Өмірдегі заттардың табиғи түрде болатын заттар және адамның еркімен жасалатын заттар болып бөлінетіндігін, соңғылары теориялық ғылымдар арқылы емес, кәдімгі ұйымдар арқылы танылатындығын айқындайды. Сөйтіп барлық халықтарға жеке халыққа немесе қалаға ортақ ең пайдалы, ең әдемі нәрсені анықтауға жұмсалатын ізгілік деп шешендерде болатын ойшылдық қабілетті атайды.
Қайырымды дала туралы ұғым – түсініктерінде Әл-Фараби қайырымды қала бес түрлі адамдардан құралады деп, ең құрметті адамдарға даналарды, пайымдағыштарды, маңызды істе беделді адамдарды, солардан кейін шешендер мен діни қызметкерлерді, сөзге шебер ақындарды жатқызады. Әл-Фарабидің айтуында, даналар мен пайымдағыш шешендерде болатын ақыл парасат күші - адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Бұл күш практикалық және теориялық болып бөлінеді. Теориялық күш – адамның дүниеде бар және қасиеті жағынан біздің жасауымызға немесе бір қалыптан екінші қалыпқа өзгертуімізге келмейтін заттарды танып-білуге көмектесетін күш. Әл-Фараби эстетикалық ең жоғарғы категориясы – бақыт, өйткені ең жоғарғы игілік осы бақыттың бойына шоғырланған. Қоғамды жетілдіру арқылы адамдарды бақытқа жеткізетін өнерді логика өнері деп таниды. Логикалық өнерді қарастыратын ақыл-парасат, даналық, тапқырлық, өткірлік, ұғымталдық, интеллектуалдық қайырымдылыққа жатады деп түсіндіреді. Әл-Фараби өнеге етіп ұсынған қайырымды қаланың әкімінде қайырымдылыққа апаратын теориялық ақыл-парасат, практикалық ақыл-парасат болу керектігін көрсетеді.
Кейін ХІ ғасырда ғұлама ойшыл Ж.Баласағұн ақыл-ой парасаттылығына негізделген сөз өнері жайлы құнды-құнды пікірлер қалдырған. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегенде сөз әдебімен қоса тыңдау мәдениеті жайлы, тілдің қадір қасиетімен әсер ету күші туралы өнегелі сөздер бар. «Құтты білік» -жұртшылықты имандылыққа үндеп, тәлім тәрбие беретін ақыл-өсиет түріндегі даналық сөз, сондықтан ол дидактикалық туынды болып саналады. Шығарманың негізгі мақсаты - Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегінде адамдарды бақытқа жеткізер әділеттілік, әдептілік, білімділік, ізгілік, қайырымдылық тәрізді қадір қасиеттермен мінсіз қоғам құру, мемлекетті нығайту туралы жазылған. Шығарма тарауларында Баласағұн әділдік, бақыт, ақыл, молшылық сияқты қасиеттерді тірек етіп алып, оларға әңгіме-кеңес құрғызады. Осында тілдің пайда, зиян келтірудегі қызметі, бақыттың жақсылыққа бастар әрекеті мен жаман қылықтары, басшы адамға керек қасиеттер, ғылым-білімнің қажеттілігімен ерекшеліктері, адамдар мен қарым-қатынас жасай білу қабілеті, үйлену мен бала тәрбиесі т.б. көптеген мәселелер көтеріледі. Осылардың бәрінде де сөйлеу өнері басты шарт болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиеті тарихы 1,2 том
2.Ескі түркі ескерткіштері туралы зерттеулер»Алматы 1993ж
3. «Билер сөзі». Кәкішов Т., Алматы1992
№ 3 Дәріс сабағы
Тақырыбы:Шешендік өнердің тарихы
Жоспары:
1.Шешендік өнер тарихы
2. Қазақ шешендері
3. Қазақ билері
Қазақтардың шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады.
Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:
1.Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр.
2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр.
Осы екі дәуірдің шешендерін «Ел құрасқан шешендер» деп атайды.
3.17-18 ғасыр «Ел қорғасқан шешендер» Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды.
4.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ.
5.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері.
Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер бір ғана кезең, яғни ХYІІ – ХІХ ғасырлар арасын қамтиды да, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады.
Өз кезінде жырау-шешендер, би-шешендер, ақын-шешендер артына ғибратты сөздер қалдырғанымен, шешендік сөздерді теориялық жағынан тұжырымдаған жоқ.
Ал А.Байтұрсынұлы зерттеулері – қазақ шешендік сөзінің сипаты мен түрлері, тілдік көркемдік белгілері туралы жазылған алғашқы еңбек. 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде шешендік өнерді сөз өнеріне жатқызып, сөз өнерінің ішкі және тысқы қалпын теориялық жағынан толық негіздеп береді.
Гректер мен римдіктер «өнердің патшасы» ретінде санаған шешендік өнердің қазақ елінде де қасиеті саналғанын түсінген ғалым қазақ шешендік сөздерін зерттеп зерделеуде де алғашқы болады. «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде ол өнердің түрлі-түрлі болатындығын, солардың ішіндегі ең алды сөз өнері екендігін «Өнер алды – қызыл тіл» деген халық мақалымен растады. Бұл мақалды шығарған қазақтың сөз баққан, сөз күйттеген, сөз қадірін білген халық болғандығын айтты. Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы атын «шығарма сөз» деп атады да, ғалым шығарманың мазмұнына қарай үш түрге: әуезе, әліптеме, байымдамаға бөлінетіндігіне тоқталады. Болған оқиғаны бастан аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру-әуезе болады. Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару - әліптеме болады. Көсем сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма байымдама деп аталады. Сондықтан шығарманың асылы – байымдама дей келіп, оларды негізгі белгілеріне қарап бірнеше түрге бөледі де, шешен сөз бен көсем сөзді байымдауға жатқызады. Шешендік сөздің байымдамасы басқа түрлерінен өзгешелігі – шешен сөзде айтушының мақсаты баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру екендігін айтады. «Оны істеу үшін, - дейді А.Байтұрсынұлы, - шешендер жай байымдаушыларша айтқан сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді. Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып, билеп алып кетуге ыждағат етеді. Сондықтан шешен сөздің «қыздырма» яки «қоздырма» деген айрықша бөлімі болады. Оның қызметі – адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру. А.Байтұрсынұлының шешендік сөзге берген осы анықтамасын әлемдік дәрежеге көтерілген әйгілі шешендердің берген анықтамаларымен салыстырғанда, пікір ортақтығымен үндестікті табуға болады.
Мәселен, көне Грецияның атақты шешені Демосфеннің айтуы бойынша, шешеннің міндеті: 1) түсіндіру; 2) ояту; 3) ләззатқа бөлеу болса. А.Ф.Кони «Сот және саясат тақырыптарындағы шешендік» деген шығармасында: «Шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдарының жарқындығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет, тума қасиет», - деп жазған.
А.Байтұрсынұлы да өзге ғұламалар тәрізді шешендік сөздің құрылымын белгілеп береді. Ежелгі Рим дүниесіндегі шешендіктің теоретигі Цицерон нені айтуды білу үшін, шешендік сөздің құрылым жағынан үш бөліктен тұратынын білу керек, олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды екенін нұсқаса, А. Байтұрсынұлы: «Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: 1.Бастамасы. 2. Ұсынбасы. 3. Мазмұндамасы. 4. Қыздырмасы. 5. Қорытпасы» - дейді. Ұлы ғалым әр бөліктің айтылу мақсатына қарай қажетті атауларды таңдап қоя білген.
Ұлттық шешендіктанудың ғылыми негіздерін жасап, методологиялық арналарын белгілеп берген А.Байтұрсынұлын қазақ шешендік сөздерінің алғашқы теоретигі деуге әбден болады. А.Байтұрсынұлы шешендік сөздерді шешендіктің тақырыбымен мазмұнына, айтылу орнына қарай бес түрге бөледі: а) шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде – саясат шешен сөзі деп аталады; б) шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау я қаралау мақсатпен сөйлеп сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздері – билік шешен сөзі деп аталады; в) біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі – қошемет шешен сөзі деп аталады; г) білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені – білімір шешен сөзі деп аталады; ж) дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі – уағыз деп аталады.
Ол демек шешендік сөздерді алғаш айтушы жеке адамдар болғанмен оны кейін өңдеп жөндеуші сақтаушы халық. Сондықтан оның шын иесі авторы да халық дейміз деген ой айтады. Ал оның шешендік сөздерден құрылысына қатысты бірен-саран өңдеу, жөндеу жасау кез келген кісінің қолынан келе бермейді - дейтін пікір де шешендік сөздердің «халықтығын» паш етіп тұрмағанын баяндауға болады.Шындығында М.Әуезов есте қалмаған ескі заманда шыққан Алдар көсе, Жиренше, шешен әңгімелерін, халықтық аңыздарды ғана қалың бұқара туындысы деп бағалаған. Демек тарихи таңба бедері бар шешендік сөздердің жолы басқаша. Олардың белгілі бір би шешенге тән екенін нақтылы тарихи оқиғалар шеңберінде айқындауға болады. Айталық «Алты Емен дауына дауа» сөзінің тек Бөлтірік шешен атынан айтылуының мәнісі осында. Көп нұсқалы болуын мұраны жеткізушінің шығармашылық құрамы деп түсінген жөн. Сонымен қатар шешендік сөздердің авторлығына қатысты мәселенің бірі – дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі. Өйткені оларды айтушы адам сөзі өтімді болу үшін көнеден қалған сөзді өз елінің беделді би шешендерінің атынан айтқан.
Әйткенде, бұл кемшіліктердің сөзге ұйытудың тәсілі екені рас. Алайда дәстүрлі тарихи деректер мен шежірелер, жазба мұрағаттар айғақ болмақ жағдайларда да дәстүрлі шешендік сөздердің алғашқы шығарушысын айқындау қиын. Дейтұрғанмен де ауызша сақталып жеткен дәстүрлі шешендік сөздердің билер сөзі екенін жоққа шығара алмаймыз. Ал дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі ауызша тарағандығымен байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпесе керек.
Олай болса, ұлы М.Әуезов пікірін қазық ете отырып, жаңаша таным тұрғысынан шешендік өнердің авторлы шығарма екенін танытатын еңбектің бірі – Бөлтірік Әлменұлының «Шешендік сөздер» жинағы.
Белгілі ғалым Ж.Дәндібаев «Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері» атты оқу құралында Бөлтіріктің Төленің шешендік сөздерін олардың төл туындысы ретінде қарастырады. Сондай-ақ белгіл би-шешендерінің өнер туындысының көркем шығарма екендігіне көз жеткізеді.
Сонымен қатар ұлы жазушы М.Әуезов аталмыш еңбегінің «Билер айтысы» деген тараушасында бұл жанрлық түрдің толық жиналмағандығы зерттеу ісінде қиындық келтіретінін, сондықтан оны сол кезеңде түгел жіктеп бөліп қоюға болмайтынын айта отырып: «Бірақ бұл жіктеу уақытша ғана жіктеу және ылғи ішкі мағынасына қарай жасалған жіктер болады» - деп ескертеді.
Шындығында М.Әуезовтің алғашқы жіктемелері кейінгі зерттеушілер - Ә.Қоңыратбаев, С.Садырбаев, Б.Искакова, С. Қасенов еңбектеріне ғылыми негіз болып, одан әрі дамытылды.
Жалпы М.Әуезов тұжырымдарының шешендік сөздері бүгінгі жаңаша таным көкжиегімен бағалауда айтарлықтай мәні бар.
Бұлардан басқа А.Байтұрсыновтың шешендік сөзді 5 түрге бөледі:
1.саясат шешендік сөзі.
2.билік шешендік сөзі.
3.қошемет шешендік сөзі.
4.білмір шешендік сөзі.
5.молдалардың уағыз сөзі.
Рабиға Сыздықова 4-ке бөлген:
1.әлеуметтік саяси мазмұнды шешендік сөз.
2.әлеуметтік тұрмыстық мазмұндық шешендік сөз.
3.білім, ғылымдық мазмұнды шешендік сөз.
4.сотта қолданатын шешендік сөз.
Г.З.Апесян 5 түрге бөледі:
1.әлеуметтік саяси шешендік.
2.академиялық шешендік.
3.сотта айтылатын шешендік.
4.әлеуметтік тұрмыстық шешендік.
5.діни қызметке қолданатын шешендік.
Шешендік арнау дегеніміз - адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді, халықтың көңіл-күйін бейнелейді.
Шешендік толғау дегеніміз - халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа өсиеті айтылады. Халықтық үрім-бұтағына жеткіншектерге айтар ақылы насихаты толғау деп аталады. Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі, қонысы, арманы айтылады. Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулаттың толғаулары бар.
Шешендік дау-заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді.Ар, дау, адам намысын қорғайды, ел мен елдің арасында елшілік келісім болады. Ол елдің дербестігін жердің бүтіндігін қорғайды.Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап етеді.
Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша таралған қонақта немесе бір мәселені талқылаған жиында көп жасаған кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы жүйелі сөздерді құймақұлақ талапты жастар, өнер қуған қыз-бозбалалар жаттап алып жүрген, тұрған жерлерінде ойын-жиындарда айта жүрген.
Шешендік өнерді кез-келген адам игере алмаған. Нағыз шешен болу үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз, табанда ақыл тауып сөйлейтін, топ алдында тайсалмай сөз бастайтын, сөз сайысында саспайтын батыл, ақылды, сабырлы болуы тиіс.Шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқыған, оқымаса да көкейге тоқыған, білімді, мәдениетті азамат болуы керек. Бізге мәлім Аяз би, Жиренше, Сырым мен Исатай батыр, Махамбет пен Абай «От ауызды орақ тілді» адамдар болған.
Ш.Уәлихановтың айтуынша шешен болу үшін 2 шарт болу керек:
1.Елдің әдет-ғұрпын, заңын жетік білу керек.
2.Шешендік қабілеті,дарындылығы болу керек.
Шешендік сөздер айтыс, дауларда туып дамиды және озат ойшылдармен тілмар шешендер жасаған. Халық сынынан ғасырдың соқпағынан өткен сөз өнері - шыңдалып соғылған әдеби мұра, асыл қазына. Бастауыш сыныпта, балаларға шешендік сөздердің жеңіл түрлерін айту арқылы тапқырлыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді. Шешендік сөздер ескі заңдарды талқылау кезінде де көп айтылған.
Мыс: Қасым салған, қасқа жол,
Есім салған,ескі жол.
Тәуке ханның жеті жарғысы.
Бұлар жөнінде күн төбенің басында, күнде кеңес болған деп айтады.Ол кеңес кезінде билер соңғы шешімді айтатын болған.
Достарыңызбен бөлісу: |