Билік іске асуы үшін – билікті іс-әрекеттердің орындалуының белгілі тірел (базасы) қажет. Осының күшінде билік түрлі ресурстарға сүйенеді: экономикалық, әлеуметтік, рухани, күштеу.
Экономикалық билік – бұл елдің экономикалық ресурстарының үстінен бақылау, бұл жай уақытта билігін іске асыруға мүмкіндік береді. Барлық билік түрлерінің ішінде – экономикалық билік ең тиімді күштесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда экономикалық билік – материалдық байлықтарды игеруде пайдаланылады.
Әлеуметтік билік – Бұл билік адамға берілген мемлекеттің иерархиялық құрылымында белгілі бір орынға ие болуына мүмкіндік береді ондай биліктің көмегімен адам материалдық және рухани байлыққа құқылы, қандай да бір жеңілдектерге (льготы), әлеуметтік жағдайға қол жеткізе алады.
Рухани билік – бұл билік адамдарға ақпарат, ғылыми (білім) жетістіктер арқылы іске асырылады (оқу орындар, теледидар, газет, журнал т.б құралдар арқылы).
Күштеу (зорлық) билігі – күш көрсету, қорқытуға сүйенеді. Әр-бір мемлекетте пайда болған мәселелерді күш көрсету, зорлық-зомбылық арқылы шешетін арнайы құрылымдар бар. Оған жататындар: шенеуніктік аппараттар, әскер, сот, түрме, прокуратура және т.б.
Әдебитеттер тізімі
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.
№5 тақырып Саясат субъектілері
-
Тұлға саясат субъектісі ретінде.
-
Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде.
-
Азаматтық қоғам: түсінігі, құрылымы, қызметтері.
-
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның келешегі.
Бұл дәрісте саясаттын негізгі субъетілері, олардың ұғымдары мен құрылымдары қарастырылады. Саясат субъектісі ретіңнде жекеліктің қалыптасу ерекшеліктері талданады. Саяси әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдардағы өлеуметтік страратталу процестері, олардың саясатқа ықпалы анықталады. Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі. Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат–мүдделері және т.б. Олар қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың субъектілері. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады.
Сонымен саясаттың субъектілерінің 2 түрі болады:
1) әлеуметтік 2) институционалды.
Саясаттың әлеуметтік субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамдарды, ұйымдарды, не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар жатады:
- Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер, мысалы ұлттық бірлестік. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді.
- Жалпы әлеумет – ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың әлеуметтік субъектілеріне жатқызылады.
- Жекелеген тұлғалар – саяси лидер, қарапайым азаматтар. Олар әлеуметтік денгейдегі субъектілер.
Ал адамдар қоғамда көбінесе ұжымдасып ұйымдасып өмір сүреді. Олар әр түрлі әлеуметтік (мысалы: отбасы, шіркеу, кәсіподақтар) және саяси институттар (мысалы: мемлекет, саяси партиялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар - БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.) болып қалыптасады. Олар институционалды денгейдегі субъектілер.
Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси ұйым, мекемелердің бәрін институционалды субъектіге жатқызамыз. Соның ішінде Г.Алмондтың айтуынша негізгі институционалдық субъект мемлекет болып табылады.
Осылардың ішінде адам бастапқы негізгі субъект. Ол субъект ретінде саясатқа әр түрлі денгейде араласып, қатысады. Адамның саясатқа қатысуы оның мүдесімен анықталады және мынадай түрлерде көрінеді: конвенционалды-заңмен рұқсат етілген және конвенционалды емес, яғни оған заң арқылы тиым салынған.
Адам– саясаттың субъектісі мен объектісі. «Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.
Әдебитеттер тізімі
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.
№6 тақырып Қазіргі саяси жүйелер. Саяси режимдер
-
Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы, бөлшектері.
-
Саяси жүйенің қызметтері. Саяси жүйенің классификациялық өлшемдер (критерилер) мен теориялар.
Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл бір тұтас, адал саяси институттар жиынтығының райы, принципі, үрдісі, қарым-қатынасы, қоғамның саяси ұйымдары, саяси, әлеуметтік, заңгерлік, идеологиялық, мәдени деңгей кодексіне бағынады және ол тарихи дәстүрлерге, нақты қоғамның қойған саяси тәртібіне бағынуы.
Кез-келген саяси жүйе бірқатар мәселерді шешеді, тиісті қызмет атқарады. Негізгі қызметтері.
-
Азамат санасына жүргізілген жиындардың мәнін түсіндіру және бұл саясатты қолдату.
-
Саясаттық әлеумет, яғни азаматтарды саясат өміріне қатыстыру.
-
Әлеуметтік топтардың қызығушылықтарына сай талаптарын қалыптастыру.
-
Саяси коммуникация, яғни сенім ақпаратын әртүрлі қоғам мүшелеріне беру.
-
Заңдарды жасау және оны қолдану.
-
Материалды және рухани қызығушылықтарды қоғамда бөліп беру.
-
Заңдардың сақталуын бақылау.
Барлық саяси режимдер (тәртіп) демократиялық және анитидемократиялық болып бөлінеді. Жалпы демократия грек тілінен «демос»-халық, «кратос»-билік ұғымын білдіреді, яғни халық билігі. Демократиялық режімнің бірнеше белгілері бар оған жататындар: халық билігі, теңдік, еркіндік, сөз бостандық, көппартиялық жүйе, оппозициянын болуы
Тоталитарлы мемлекет – демократиялы емес типтегі мемлекеттер қатарына жатады. Ол латынның «тоталис» сөзінен шыққан, қазақша баламасы «түгел», «бүкіл», «толық».
Тоталитарлы мемлекет – қоғамның өмір сүру барысында мемлекет жағынан жан-жақты үлкен көлемді бақылау жүреді.
Авторитаризм жеке адамның және топтың жеке басшылығы. Бірақ саяси сфералардан тыс өзінің және қоғамның автономиясын сақтайды. Біздің ғасырда авторитаризм тәртібі маңызды емес, көбіне бұл тәртіп тоталитарлы және демократиялы мемлекет болып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |