1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.
№ 7тақырып Сайлау және сайлау жүйелері
1 Сайлау ұғымы
2 Сайлау жүйелердің түрлері
Сайлау жүйесі келесі негізгі бөліктерден тұрады:
-сайлау жүйесі тар мағынасында депутатық мандаттарды бөлу мен дауыс санын санау тәсілі ретінде-сайлау жүйесінің саяси –ұйымдастырушылық қырын бейнеледі;
-сайлау процесі –сайлау жүйесінің тікелей ұйымдастырушылық жолын көрсетеді;
-сайлау құқы-сайлау жүйесінің құқықтық жағын көрсетеді.
Сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыстарының нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында дауысты санау мен депуттатық мандаттарды бөлу тәсілі ретінде дамыған шет елдерде кең қолданылатын келесі түрлерге бөлінеді:
-абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (мысалы Франция)
-біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (Ұлыбритания)
-ппропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Финлияндия)
-аралас жүйе
Сайлау жүйелердің түрлері: Жалпы сайлау құқын бекіткен кезде дамыған елдерде 2 маңызды сайлау жүйесі қалыптасты: мажоритарлық және пропорционалды. Басында мажоритарлы сайлау жүйесі кең таралды. Мұның мәні мынада: яғни депутаттық орындар әрбір округте қай кандидаттың партиясы көпшілік дауысқа ие болса, соған тиесілі болады, ал қалған партия, кандидаттар ұсына алмай қалады. Мажоритарлық жүйе заңның депутаттарға қандай көпшілікті, яғни салыстырмалы ма, әлде абсолюттіні талап ететініне байланысты болды. Мажоритарлық жүйеде дауыс берудің қорытындысын анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша жартысынан не одан да басым дауыс жинаған кандидат жеңіп шықты деп есептеледі. Бұл жүйенің негізгі принциптері: Мажоритарлық жүйе: Абсолютті көпшілік салыстырмалы принцип. Принципі (50+1) (қарсыластың дауысынан көп).
Ал, пропорционалды жүйеде мандаттар дауыс беру санына сәйкес партиялардың арасында бөлінеді. Кейде солшыл партиялар пропорционалды жүйені неғұрлым демократиялы деп мажоритарлыға қарсы қойған: пропорционалды жүйе бойынша.
Пропорционалды жүйе жалпы ұлттық деңгейде сайлау округі кезінде бөлшектенбейді және дауыс берушілер саяси партияларға өз елдерінің шеңберінде дауыс береді.
Бұл жүйе көп мандатты округтерде, округтер шеңберінде партияның өкілдері үшін дауыс бергенде жүреді, бұл кезде парламенттегі орындар округтегі партияның әсер етуіне байланысты бөлінеді. Яғни мұнда пропорционалды өкілдік принциптер қолданылады. Сайлау органдары, орындары осы партиялық тізім бойынша берілетін дауысқа байланысты. Ал кейбір елдерде аралас сайлау жүйесі кездеседі, мысалы: президенттік сайлау мажоритарлық жүйемен, парламенттік сайлау пропорционалдық принциппен.
Әдебитеттер тізімі
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.
№8 тақырып Мемлекет және азаматтық қоғам
-
Мемлекет: пайда болуы, мәні, нышаны, қызметі, мақсаты.
-
Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйесінің типологиясы.
Мемлекет – бұл саясатты жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Мемлекет категориясы анықтауыштардың бірі болып табылады, өйткені барлық басқармалық функцияларды мемлекет жүзеге асырады. «Мемлекет» термині екі мағынада беріледі.
-
Кең мағынада: Мемлекет – бұл шекарамен шектелген, басқармалық орталығы бар территория. Алғашқыда мемлекет туралы көзқарас мұндай болған.
-
Тар мағынада: Мемлекет – бұл үкіметті жүзеге асыратын саяси институт. Саясатта мемлекет туралы сөз әрқашанда тар мағынада беріледі.
Мемелкет жайында сөз айтар алдында ең біріншіден оның пайда болу себептерін анықтау керек. Бұл туралы Маркстік теориясында кең түсіндіріледі. Бұл теория мемлекеттің пайда болу себептерін келесідей түсіндіреді:
-
Пайда болған алғашқы қауымның ыдырау нәтижесінен қоғам байлар мен кедейлер болып бөлінеді. Байлар мен кедейлер арасында өте үлкен қарама-қайшылықтар бар және бұл қарама-қайшылықтары қандай да бір әдістермен шешуге болмайды. Кедейлерді байларға жұмыс істеткізу үшін, басқарушы класс арнайы ұйым ұйымдастырып, оған күш береді. Осы ұйым күшінің иесі – мемлекет және бұл бірінің жұмысын бірі жұмыс істеуге итермелейді.
-
Бірақта ғылымда тағы да бірқатар теориялар бар. Олардың кейбіреулері мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді: Бұрынғы заманда соғыстардың нәтижесінде бір халық, екінші халықты жаулап алады және жаулап алушылар жеңілгендерді бағындыру үшін мемлекет құрайды, ал бұл мемлекеттер жаулаған халықты тұншықтырады.
-
Ал келесі теория мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді, әртүрлі тайпалардың қоршауында болып және олардың агрессиясын көрген халық, олардан қорғану үшін бірігеді.
-
Адам табиғаттан – қоғамдық пенде болып табылады, сондықтан ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Осы себептен адамдар бірігіп, мемлекет құрайды.
Әдебитеттер тізімі
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.
№9 тақырып Саяси партиялар және партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар
1.Саяси партиялар: ұғымы, негізгі мақсаттары, міндеттері және қызметтері.
2. Партиялардың типологизациялық өлшемдері. Партиялық жүйе: ұғымы, классификациясы.
Саяси өмірде мемлекет пен қатыр партиялар да үлкен орын алады, олар саясаттың негізгі субъектісі болып табылады. Саяси партиялар қандай ба бір класстық, ұлттық, әлеуметтік топтың қажеттіліктерін қарастыратын ұйым болып есептеледі. Саяси партиялар 19-20 ғ. дами бастады, бұл бірнеше дәлелдермен түсіндіріледі:
-
19-20 ғ. аралған көптеген елдер дамыған капиталистік елдер қатарына қосылды. Бұл мемлекеттердің негізгі таптары болып буржуазия мен пролетариат таптары есептеледі, және олар достаспас таптар болғандықтан, араларында әрқашан күрес жүреді. Осы таптардың қажеттіліктері мен тәптәушылықтарын қорғау үшін, күресті басқыру үшін саяси партиялар құрылады. Жұмысшы тап өз партияларын, буржуазиялық тап өздерішінін.
-
Халықтар мен ұлттардың ұлттық сана - сезімі оянып, дамиды, сондықтан олар өз қажеттіліктерін ақамдау үшін партиялар құрады.
-
Биліктің танымдық және сайлаулық жүйесі құрылады. Биліктік құрылымға кіру партияның өзіне байланысты. Қоғамның белгілі бір табылың қолдауымен партия биліктің құрылымына енгісі келеді. Кез келген саяси партияға мынадай белгілер тәң:
-
Қоғамның белгілі бір табылың қажеттіліктерін айқылдайтын идеологияның кесі болып партия табылады.
-
Партия – жергілікті деңгеден халықаралық деңгейге дейінгі адамдардың ұзақ бас қосуларының ұйымы.
-
Партияның қоғамдық бағыттардан ерекшілігі – билікті алудың және ұстаздың мақсатты құрылымы.
-
Сайлау компаниялары кезінде немесе олардың арасында халықты демеуге талпынада.
Достарыңызбен бөлісу: |