1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.
№14 тақырып Халықаралық қатынас жүйесіндегі егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтары
1 Қазақстан сыртқы саясатындағы көпвекторлық бағыт және оның қалыптасуына әсер еткен факторлар
Әлемдік қауымдастық Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау және халықаралық лаңкестікпен күреске қосқан үлесін жоғары бағалайды. Халықаралық аренада Қазақстан көпұлтты және поликонфессиональды қоғамның озық үлгісі ретінде танылды. Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ішкі саясат және сыртқы саясатта да күрмеуі қиын күрделі мәселелермен бетпе кет-келді. Осы мәселелерді тәжірибелі шешу ғана мемлекеттің болашағының бұлыңғыр болмауының кепілі бола алды. Солардың бірнешесіне тоқталатын болсақ, Қазақстанның Ресей Федерациясымен өзара ықпалдастығының құлдырауы болды. 1990-1994 жылдар аралығында Ресейдегі саяси элитаның бұрынғы кеңестік мемлекетермен қарым-қатынастарды өздеріне тиімсіздігі жөнінде пікірлер пайда болды. Бұл негізінен сол кезеңдегі РФ сыртқы саясатында жылдам түрде Еуропа елдері қатарына кіру бағыты басшылыққа алынғандығына байланысты болды. Бұл кезең Ресейдің Орталық Азиядағы істерден оқшауланып, Батыспен өзара қарым-қатынастарға баса назар аударуымен сипатталады. Ресейдің сыртқы саяси стратегиясында өзін Еуропамен, бүкіл Батыспен теңестіруге ұмтылыс анық байқалды. Осыған байланысты Орталық Азиядағы мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан да Ресейдің батысеуропалық өркениетке жылдамырақ енуін тежейтін кедергілер ретінде қарастырылды.
1992 жылы 1 сәуірде РФ Жоғарғы Кеңесі территориялық бүтіндікті және егемендікті сақтау әр мемлекеттің өз міндеті екендігін жариялады. Ресей парламентінің бұл қадамы бұрынғы КСРО-ның ортақ қарулы күштерінің тарауына және барлық посткеңестік республикаларда, оның ішінде. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттерінде де ұлттық армияның құрылуына себеп болды. 1993 жылы Ресейдің бастамасымен Қазақстан рубль аймағынан шығарылып, өзінің валютасы – теңгені енгізді. Бұл Мәскеудің өзінің жақын көршілерімен қарым-қатынастарға деген қызығушылығының төмендегенін көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстан сыртқы саясатын қалыптастыру кезеңінде ең қиын мәселе Кеңес Одағынан қалып қойған ядролық қару арсеналы еді. Сол кезеңде Қазақстанды ядролық державаға айналдыруы мүмкін стратегиялық арсеналды қалай пайдалану жөнінде әртүрлі пікірлер айтылды. Бір тараптан, осы ядролық қаруды сыртық басқыншылықтан қорғанудың кепілі ретінде қарастырылса, екінші жағынан оны пайдалана отырып, азиялық субконтинентте көшбасшы болудың құралы айналдырғысы келгендер де болды. Қазақстан сыртқы саясатындағы ең өзекті мәселелердің бірі – Шығыстағы алып көршісі Қытай Халық Республикасымен тең дәрежеде қарым-қатынастар қалыптастыру болды. Кеңес Одағы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар көптеген жылдар бойы шиеленісті жағдайда болғандығы белгілі. Қазақстан Бейжіңмен қарым-қатынастарды жаңадан қалыптастыруға мәжбүр болды. Осы шешущі кезеңде Кеңес Одағынан қалып қойған шекаралық мәселелерді ескерсек, әлі мемлекеттілігі қалыптасып үлгермеген Қазақстан үшін жаңылыс қадам басу халқы миллиардтан асып жығылатын экономикалық әлеуетті көршісімен келіспеушілікке алып келуі әбден мүмкін еді.
Геосаяси шындықтарды ескере отырып дүниежүзі картасына үңілсе, Қазақстанның Ресей мен Қытай сияқты әлемдік державалардың арасында орналасуы ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. 90-шы жылдардың басында еліміздің әлемдік саясатта алғашқы қадамдарын баса бастаған кезде алпауыт көршілерімен өзара қарым-қатынастарда қателік жасау мемлекетіміздің ары қарай даму мен болашағына да зор қауіп төндіруі хақ еді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ең өзекті мәселелердің юірі – қысқа уақыттың ішінде жас тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясын жасап шығатын және және Қазақстан Республикасының шетелдерде ұлттық мүдделерін кәсіби түрде қорғай алатын дипломатиялық және сарапшы-мамандардың жеткіліксіздігі еді. Ұзақ жылдар бойы Кеңес Одағының құрамында Қазақстан өзінің дербес сыртқы саясатын жүргізу мүмкіндігі болмағандықтан сыртқы саяси қызмет тәжірибесінің жеткіліксіздігі де үлкен мәселелердің бірі болды.
Осылайша 90-шы жылдары жарияланған ҚР сыртқы саясатындағы көпвекторлық бағыт қазіргі таңда өзінің өміршеңдігін және тиімділігін толық мағынада дәлелдеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Республикасы сыртқы саясатта және халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ядролық қарудан бас тартуы және яролық қаруды таратпау режимін нығайтуға қосқан үлесі әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды. Бұл шара да Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асты. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері 15 жыл ішінде шекаралас мемлекеттермен барлық территориялық мәселелерін толығымен шешіп, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанмен 14 мың км-ге созылған мемлекеттік шекараларды делимитациялау туралы келісімдерге қол қойылды.1991-2010 жж аралығында Тәуелсіз Қазақстан өзінің сыртқы саясатының негізін қалады және сыртқысаяси тұжырымдамалар мен доктриналарын қалыптастырды. Жаңа әлемдегі Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың атқарған еңбегін ереше атап өту қажет. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен әлемдік қаумдастық істеріне қатысуы негізігі дәстүрлі бағыттар бойынша қарқынды түрде дамып келеді. Оған дәлел ретінде Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ сияқты беделді ұйымдарға мүше болуын, НАТО, ИКҰ ұйымдарымен ынтымақтастығын атап көрсетуге болады. Екіжақты қарм-қатынастар бағыты бойынша Қазақстан Республиксы Ресей Федерациясы, Орталық Азия елдері мен ТМД, ҚХР және АҚШ, ЕуроОдақ елдерімен, мұсылман Шығыс мемлекеттері, АТА және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатқан. Осылайша Қазақстан сыртқы саясаты негізгі үш бағытқа: халықаралық құқық, көпжақты қарым-қатынастар, екіжақты қарым-қатынастарға негізделген.
90-шы жылдардың басынан бастап Орталық Азия мемлекетері мен Қазақстан қатысуымен аймақта әртүрлі деңгейде интеграциялық бірлестіктер құрылды. Олардың ішінде Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды роль атқаратын ұйымдардың қатарына құрамына әлемнің 15-тен астам мемлекеті мүше болып табылатын және 10-жуық мемлекет бақылаушы болып табылатын, беделді халықаралық ұйымдар да қатысатын АӨСШК ұйымы.
Қазақстан сыртқы саяси қызметіндегі атқарылған ең ауқымды маңызды шаралар – 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ –ға төрағалығы болды. 2010 жылы 1-2 желтоқсанда өткізілген ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті әлем жұртшылығының назарын аударған маңызды халықаралық оқиға болды. Астана Саммиті Еуразия аумағында қауіпсіздікті сақтаудың жаңа жүйесін қалыптастырудағы әлем мемлекеттерінің конструкивті диалогының айқын көрінісі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |