Бағыты: гуманитарлық Секция: этномәдениеттану Орындаған


Зерттеу жұмысымның мақсаты



бет2/7
Дата15.02.2024
өлшемі2.48 Mb.
#491758
1   2   3   4   5   6   7
жаңа сымбат

Зерттеу жұмысымның мақсаты: «Архетип» терминіне өзіндік талдау жасау, өзім оқыған көркем шығармалардағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын талдау;


Зерттеу жұмысымның міндеттері:
1) Көркем прозадағы архетиптік кейіпкерлерге талдау жасау;
2) Қазақ әдебиетіндегі архетиптің көркем шығармаларда қайта жаңғыруын мысалдармен дәлелдеу;
3)Көркем шығармалардағы архетиптерді табу арқылы, ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығын насихаттау;


Зерттеу жұмысымның әдіс-тәсілдері: Ғылыми жобада Дулат Исабековтің «Қара шаңырақ», Төкен Әбдіктің «Қонақтар», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармаларына талдау жасауға тырыстым. Көркем шығарманы талдаған кезде саралау, сұхбаттасу, сауалнама алу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысымның жаңалығы: Архетиптің қазіргі қазақ прозасында бар екендігін дәлелдеу. Көркем туындыларда архетиптің бар екендігі және оның орны туралы ақпарат берілді. Архетипке қатысты тұжырымдар С.А. Қасқабасов, Е. Тұрсынов, еңбектеріне сүйене отырып жинақталды.
Зерттеу жұмысымның өзектілігі: Әрбір халық өз әдебиетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы ұлттық құндылықтарды жаңғыртуы осыған дәлел. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін елімізде өтіп жатқан заңды құбылыс.
Зерттеу нәтижесі: Сынып әкімі ретінде осы тақырып бойынша дебат сабақтар ұйымдастыру. Оқушылардың санасына ұлттық рух, ата-ананы сыйлау, қара шаңырақтың киелі екендігін ұғындыруға ықпал жасау. Викториналық сұрақтар арқылы ой-өрістерін дамыту, мектепішілік сайыстар ұйымдастырып, көркем шығармаларды талдау, ұлттық болмысты санаға сіңіру;

КІРІСПЕ
Әлемде қазақ ұлты секілді киелі халық жоқ шығар. Сондықтан да өткеніміздің тарихы мені қатты қызықтырады. Әсіресе көркем шығармалардағы кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы ұлтымды тану, менің үлкен қызығушылығымды тудырды. Мен зерттеуге тырысқан «архетип» ұғымы әлемдік әдебиеттен алынды. Мен әртүрлі кітаптарды көп оқимын, солардың ішінде әлем туындылары да бар. Осы ұғыммен танысқан соң, өзім оқыған қазақ прозаларынан архетиптік көріністерді іздей бастадым. Осылайша ғылымның бір толқынына сүңгігендей болдым. Әр ұлттың болмыс-бітімі ертеден сақталған әдет-ғұрпы мен тұрмысында, салт-дәстүрі мен мәдениетінде, көркем әдебиетінде көрініс табады. «Архетип» термині үлгі деген мағынада – адам санасында қалыптасқан бастапқы образдар жүйесі, тізбегі. «Архетип» ұғымын ғылымға енгізген — К.Г. Юнг. Юнгтің айтуынша адамның есінде еленбей сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан бейнелер архетип ұғымымен сабақтасады. Қазақ халқындағы «жеті ата», ру мен текті білу ұрпақтан-ұрпаққа қанмен берілетін ұлттық архетиптер менталдық деңгейде санамызда сақталып қалады. Ертеден салт-дәстүрімізде қалыптасқан ұғымдардың болуы: қазақ үшін шаңырақ киелі саналады, ұлттық ою-өрнектегі бейнелер мен төрт түлік малға қатысты ұғымдардың ата-бабамыздың тұрмыс-салтының бір көрінісі, мүшел жас, ас атасы - нан мен сүтті – ақ деп қастерлеуі сияқты архетип символдар жадымызда сақталған. К.Г. Юнг жеке тұлғаның қалыптасуында да ұлттық архетип бағыт-бағдар беруші, адамның ішкі діңі ретінде түсіндіреді.[7] Өз кезегінде, адам санасында сақталған архетиптер шығармашылық ізденіс барысында, мысалы, ақын-жазушыларда бейсаналы түрде жаңғырып, шығармаларында көрініс табады. Мәселен, қазақ әдебиетінде М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, М. Әуезовтердің көркем туындыларында ұлттық архетиптерді кездестіреміз.
Әрбір халық өз әдебиетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы ұлттық құндылықтарды жаңғырту осыған дәлел. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін елімізде өтіп жатқан заңды құбылыс. Академик С.А. Қасқабасов «... адамның жан түкпірінде жатқан, сондай-ақ мінез-құлқындағы, сырт пішініндегі кейбір қасиет-белгілер – біздің бабаларымыз өткен әр дәуірдегі, әр сипаттың көрінісі» [1] – деп түйіндейді. Бұл – қазақ әдебиетіндегі архетип ұғымының мазмұнын ашатын құнды пікірлердің бірі деп ойлаймын. Себебі, архетип – адамзаттың жүріп өткен жолының психикадағы ізі. Академик Д. Қамзабекұлы: «...кез келген халықтың ықылым замандардан бергi рухани тәжiрибесiн саралап-салмақтау үшiн мол мағлұмат беретiн басты байлығы – оның сөз өнерi» [2] – дейді. Яғни, архетипті тек мифке ғана емес, сөз өнерінің барлық үлгілеріне талдау жасау арқылы анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет