Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата20.01.2024
өлшемі210.87 Kb.
#489496
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Диктанттар

Кішкентай көмекші 
Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді. Атасы бағбан. Бау-
бақша жасыл кілемдей жайнап тұр. Ақан күні бойы атасымен бақта
жүреді. Ағаштардың түбін қопсытады. Арам шөптерден арылтады.
Атасына бақшаны уақытында суғаруға көмектеседі. Ал атасы мен әжесі
кішкентай көмекшінің еңбегіне риза. (39 сөз) 
Наурыз көже 
Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Жаңа жылдың бірінші күні наурыздың 20-
22-сі аралығында күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың 
ұлы күні» деп, жақсылық тілейді, еск жылдағы өкпе-араздықты ұмытады. 
Наурыз тойының мақсаты – халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін 
қазан-қазан наурыз көже жасайды. Наурыз көженің құрамы көп дәндерден 
құралады. (50 сөз) 
Қайың 
Қайың сымбатты ағаш. биік болып өседі. жазда тәулігіне қырық шелектей 
ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның 
бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан 
халық шеберлері себет пен ыдыстар тоқиды. Қайың отыны пещке маздап 
жанады. Қайың ағашынан жиһадар жасалады. 
Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза 
ауа да сонда. (54 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: бүршіктерінен, жиһаздар. 
1. 
Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар. 
2. 
Мәтіннен лепті сөйлемді табыңдар. 
 


Сауысқанның белгісі 
Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. 
Ағаштардың арасынан сыбдырлатпай ептеп жүреді. Ол кенет жер бауырлап 
жата кетті. Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің 
дәл төбесінде сауысқан шықылдады. Ол сауысқанға тісін ақсита қарады. 
Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. 
Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді. (54 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлатпай, ормандағылар. 
1. 
Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. 
2. 
Қатаң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар. 
Бекіре 
Бекіреде тұрақты мекен жоқ. Ол көшпелі балық. Бекіренің шабақ шағы 
өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар 
өте мол. Бұл балықтар ерекше дәмді және жұмсақ етімен атақты. Олардың 
әйгілі қара уылдырығы дүние жүзінде бағаланады. Көптеген бекірелердің дене 
тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады. (54 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: уылдырығы, килограмға
1. 
Бірінші сөйлемді жуан буынды сөздерді бір, жіңішке буынды 
сөздерді екі сызыңдар. 
2. 
Мәтіннен сан есімді табыңдар. 
Тары 
Тары – астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының 
биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. 
Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары – арпа мен 
бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және 
ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан 
жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді. (55 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: тұқымдастарына, қуаңшылыққа, қауызынан. 
1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар. 
2.Бірінші сөйлемнен тасымалданбайтын сөзді табыңдар. Астын 
сызыңдар. 
3.Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет