Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата20.01.2024
өлшемі210.87 Kb.
#489496
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Диктанттар

4 сынып 
Балалар ақыны. 
Бұдан көп жылдар бұрын қызық оқиға болды. Чуковский әдеби сыншы 
болатын. Ойламаған жерден балалар ақыны болып шыға келді.
Хельсинки қаласында жүргенде баласы ауырып қалады. Ол жедел үйіне 
қайтады. Баланың әбден мазасы кетеді. Оның көңілін аулау үшін ертегі айтады. 
Сырқат сәби ықылас қойып тыңдайды. Ұйықтап та кетеді. Келесі күні бала 
ояна сала ертегіні айтып беруін өтінеді. Чуковский түндегі айтқанын қайталап 
айтып береді. (60 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: Хельсинки, ықылас. 
1. 
Жіңішкелік белгісі бар сөзді табыңдар. Дыбыстық талдау 
жасаңдар. 
2. 
Ч, щ дыбыстары қандай дыбыстар. 
Батыр қыз 
Түтеген боран әлі тынған жоқ. Оған сан алуан зеңбіректердің зіркілі 
қосылды. Бұл жай минут сайын үдей берді. Қасыңдағы адамның тек ернінің 
қимылдағаны ғана көрінеді. Елең-алаңда іркес-тіркес қаптаған танкілер өтті. 
Қолын соза құлаған фашист офицерін көрді. Кенет солардың тұсынан гүрс-гүрс 


етіп граната жарылды. Әлияның жүрегі дір ете түсті. Бойына бір күш 
жүгіргендей болды. Ол жігерленіп кетті. (59 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: зеңбіректердің, офицерін. 
1. 
Қос сөз бар сөйлемдерді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар. 
2. 
Ойларыңнан біріккен жер-су аттарын жазыңдар. 
3. 
Берілген қысқарған сөздерді толық жазыңдар. ҚазМУ, МАИ, 
кг, ТМД. 
Сазда 
Аюлар жаз бойы орман ішін кезіп жүреді. Олар піскен тәтті жидектерді 
тамсана жалайды. Жабайы аралардың балын жейді. Құмырсқалардың үйіліп 
жатқан илеуін қазады. Кейде үйіліп тұрған сұлыға бас салады. Аңшыларға 
жаздыгүні аюдың ізіне түсу өте қиын. Аюлар адам ізін сезіп қояды. Кеш 
алдында аюлар мүгі көп сазды жерді кезеді. Сазды жердегі томарларды 
иіскелейді. Жейтін бірдеңе табыла ма деп іздейді. (58 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: илеуін, жаздыгүні. 
1. 
Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар. 
2. 
Аңшыларға, аюдың деген сөздердің қай септікте тұрғанын 
анықтаңдар. Септік жалғауының астын сызыңдар. 
Сабақ 
Менің Марат дейтін танысым бар. Ол өте мақтаншақ болатын. Күрескенде 
баланың бәрін жығатындығын айтып мақтанады. Арада біраз күн өтті. Марат 
және оның ағасы Қанат үшеуміз мектепке бара жатқанбыз. Кенет бір кішкентай 
күшік шәу ете қалды. Марат пен Қанат екеуі қаша жөнелді. Мен асықпай жүре 
бердім. Күшік шәуілдеп артта қалды. Содан бері Марат мақтанбайтын болды.
(54 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: жығатындығын, мақтанбайтын. 
1. 
Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар. 
2. 
Күшік деген сөзді септеңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет