Ареалдарды картографиялау.
Табиғат карталары – картографиялық шығармашылықтың ең күрделі түрі. Бұл карталардың әртүрлі тақырып бағыты, масштабы, картографиялау әдістері және технологиялары бір-бірімен тығыз байланысты болуы тиіс. Көптеген практикалық жағдайда шешілетін мәселелер мысалы, жол торабын, мұнай және газ құбырларын жобалау, салу, жаңа кен орындарын игеру, қауіпті табиғи құбылыстарды жобалау жұмыстары, мазмұны әртүрлі гео логиялық, геоморфологиялық, климаттық, гидрологиялық, топы рақ, зоогеографиялық, ботаникалық, ландшафтық және т.б. таби ғаткарталарын құрастырып, пайдалануды қажет етеді.
Аймақтық деңгейдегі суреттер ірі аймақтардағы құрылым блоктары құрамын зерттеуге мүмкіндік береді. Жергілікті деңгейдегі суреттерде геологиялық құрылымның барлық элементтері көрсетіледі.
Космополит, эндемик, реликт ұғымдарына анықта беріңіз.
Космополиттер (биогеографиядағы) — барлық құрлықтарда немесе мұхиттарда өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлардың түрі. Космополит өсімдіктерге жататындар, мысалы, көптеген төменгі сатыдагы организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар) және бірқатар су өсімдіктері (шалаңдар, қамыстар тағы басқалар.). Космополит жануарларга жататындар — теңіз жануарлары (мидин ұлуы), сондайақ жер бетіндеғі жануарлар, мысалы, жағалық қарлығаштар т. б.
Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар.
Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.
Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.
Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т.б.
Реликт[1] (лат. relіctum — қалдық) — геологиялық замандарда кеңінен таралған, осы кезде тек шағын алқаптарда сақталған өсімдіктер мен жануарлар түрлері немесе табиғи бірлестіктер. Реликттер өздері тіршілік еткен заманның жасымен: мыс., палеозой заманымен (латимерия), мезозой заманымен (гаттерия, гинкго), кайнозой заманымен (секвойя, қортық қайың, т.б.) ерекшеленеді. Кайнозойдың мұздану немесе мұзданудан кейінгі кезеңінен сақталған Реликт өсімдіктер мен жануарлар палеонтологиялық Реликтілер деп аталады. Қазақстанда нағыз Реликт жануарларға қоқиқаз бен реликт шағала жатады: олардың алғашқысы байырғы мекенінен тым алыстап кеткен, соңғысы тек Алакөлдің алабында ұялайды. Жануарлар мекенінің өзгеруі олардың тіршілік жағдайларының ұзақ уақыт өзгеріп отыруына байланысты. Қазір жұпартышқан, Мензбир суыры, жалман, Үстірт арқарының таралу аймағы тарылып кетті. Ал Жетісу аяқтыбалығы Қазақстанда ғана сақталып қалған. Ертеде ылғалды жерлерді қоныс еткен, оңт. өңірлерге ғана тән кейбір жануарлар (кіші аққұтан, сары құтан, сұлтан тауығы, қырғауыл, бірқазандар, т.б.) Реликт жануар ретінде Каспий т-нің солт-нде тіршілік етеді. Қазақстанда Реликт өсімдіктер деп Шарын өз-нің аңғарында кездесетін шаған (ерен) тоғайын атауға болады. Ғалымдар ол тоғайдың жасын 25 млн. жылға теңеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |