Викариат және конвергенция дегеніміз не?
Конвергентті эволюция (лат. con — бiрге, лат. vergere — жақындасу) — туыс емес екі таксонның бірдей филетикалық бағытта қатар дамуы. Конвергенция әртүрлі топтың өкілдері ұқсас экологиялық жағдайларда тіршілік етсе байқалады. Мысалы, акулалардың және киттәрізділердің дене формасының ұқсас болуы конвергенттік эволюция нәтижесі болып саналады.
Конвергенция – табиғи сүрыпталу барысында ұқсас бірдей ортада тіршілік етуге байланысты әртүрлі систематикалық топтарға жататын тірі ағзаларда ұқсас сыртқы белгілердің дамуы байқалады яғни белгілердің жақындасуы. Белгілердің жақындасуы сыртқы ортаның бірдей жағдайларының әсерінен дамиды,
Н.И. Вавиловтың гомологиялық қатарлар мен мәдени өсімдіктердің пайда болу орталықтары туралы ілімі.
Гомологтық қатарлар заңы, организмнің жақын туыстары мен түрлеріндегі тұқым қуалаушылық өзгергіштігіндегі қатарластықты (параллелизмді) сипаттайды. Тірі табиғатта әр түрлі бағыттағы мутациялық өзгерістер үздіксіз жүріп жатады. Осы өзгерістердің қалыптасуы - нақты бір заңдылыққа бағынады.
Бірқатар өсімдіктердің мәдени сорттары мен оларға жақын жабайы түрлердің белгілерін салыстыру нәтижесінде 1920 жылы орыс генетигі Н.И. Вавилон "Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлар заңын" тұжырымдады. Ол заң бойынша:
1) "Генетикалық жағынан (шығу тегі) өзара жақын түрлер мен туыстар тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарларымен сипатталады. Сондықтан бір түрде жататыбірнеше формаларды біле отырып, олармен шығу тегі жақын басқа түрлер мен туыстардың қатарлас формаларының бар екенің болжауға болады.
2) Өсімдіктердің жалпылама тұқымдастарына тән өзгергіштіктің нақты сипаты сол тұқымдасты құрайтын барлық туыстар мен түрлерге де тән". осыған байланысты қандай да бір өсімдік сорттарындағы тұқым қуалайтын өзгерістердің сипатын біле тұра, соған жақын түрлерде ұқсас өзгерістердің болатынын алдын ала болжап, арнайы бағытта мутагендік факторлармен әсер ету арқылы шаруашылыққа тиімді жаңа формалар алуға болады.
Гомологтық қатарлар заңы бойынша кейбір мутациялық өзгерістер, атап айтқанда, адамның бірқатар тұқым қуалайтын аурулары жануарларда да болады. Мысалы; иттерде, тышқандар мен мысықтарда - гемофилия; тышқан, егеуқұйрық, иттер мен жылқыда - катаракта; егеуқұйрықта - қант диабеті; тышқан, қоян, т.б. - жырық ереннің белгісі, т.б. Сондықтан адамның тұқым қуалайтын ауруларын зерттеп емдеуде, алдын алуда оларды тәжірибелік жануарлар ретінде пайдаланады. Жақын таксономиялық топтарда гомологиялық қатарлардың болуы теориялық тұрғыдан, олардың ата-тектерінде өзіндік ерекше гендер тобының болуымен түсіндіріледі. Ол гендер тұқым қуалау барысында түрліше бағытта мутацияларға ұшырайды. жақын түр особьтарында (дарабас) гендердің өзгері бағыты да біркелкі. Гомологтық қатарлар заңы мутациялық процесс пен организм формалары түзілуінің жалпы заңдылығын бейнелеп, қажетті тұқым қуалайтын өзгерістерді алдын алу әдістерінің биологиялық негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |