"Бақытты сәт" жаттығуы


Диалогтарды толықтыру жаттығуы



бет13/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

4. Диалогтарды толықтыру жаттығуы
4.1. «Сұхбат» 
Сіздердің оқу орындарыңызға «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының журналисті келді. Ол оқушылардан сұхбат алуда. Осы сұхбатты толықтырыңыз.
- Кешiрiңiз, бiлуге бола ма, нешінші сыныпта оқисыз?
- ..............................................................................................................
- Мектебіңіз ұнай ма?
- ...............................................................................................................
- Ұлтыңыз кім?
- ...............................................................................................................
- Осы мектепті не үшін таңдадыңыз?
- ...............................................................................................................
- Болашаққа деген жоспарыңыз?
- ...............................................................................................................
- Өз еліңіздің өркендеуіне қандай үлес қостыңыз және қоспақсыз?
- ...............................................................................................................
- Сұхбатқа қатысқаныңыз үшін рахмет!
- ...............................................................................................................
5. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құру жаттығуы
Сіз Ақтөбе қаласында оқисыз, туған ауылыңызды сағынасыз. Бірге оқитын жолдастарыңызға өз ауылыңыз туралы айтып беріңіз немесе ауылдағы құрдастарыңызға Ақтөбе қаласы туралы тірек сызбаны пайдалана отырып, айтып беріңіз.
6. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құру жаттығуы
Сіз оқушылар арасындағы республикалық олипиадаға қатысу үшін Алматы қаласына бардыңыз. Сіздерді қаланың дәл орталығындағы бір қонақжайға орналастырды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген оқушы жастар да сонда орналасты. Кешке барлықтарыңыз бірге тамақтанып, өз қалаң, оқу орның туралы сыр шертіп, мақтан тұтып әңгімелесіздер. Сіз өз қалаңыз, оқу орныңыз туралы не айтар едіңіз?
Сіз бір күн жұмысқа келмей қалдыңыз. Бір күнде басыңыздан өткен тап бір голливуд фильмдеріндегідей шытырман оқиғаларға сан жетпейді. Тіпті бастығыңызға телефон шалып, келе алмайтыныңызды хабарлауға да уақыт болмады. Бастығыңыз өте қатал, алайда өте әңгімешіл адам. Ол не болғанын түгелдей білгісі келеді. Таңертеңнен бастап, кешке дейін әр сағатта не болғанын әңгімелеп, бастығыңызды сендіруге тырысыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет