"Бақытты сәт" жаттығуы



бет23/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

«Кинофестиваль» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз кинофестивальдің қатысушысысыз. Көрсетілген фильмдер ішінен ең жақсы фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз. Киноның қысқаша мазмұны, ойнаған актерлер, киноның авторы мен режиссері туралы мәліметтерге тоқталып, фильмнің сапасына баға беріңіз.
б) Сіз кинофестивальға қатысқан фильмде ойнаған басты актерсіз. Фильм туралы айтылған ойды тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойыңызды айтыңыз, алған әсеріңіз бен болашақ жоспарыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
Ойын мақсаты: маман иесі ретінде киноға өз бағасын беруші алдымен тақырыпта өтілген лексикалық бірлікті қаншалықты меңгергенін байқау, алған білімді іс-жүзінде пайдалану.
Нәтиже: Тек сөздік қорын қолданып қана қоймай, қатысушы өзінше қиялдап, өз қиял арманын да қосып айту арқылы неғұрлым ойларын толық, жүйелі нақты жеткізеді.
«Тізбек» ойыны.
Қатысушылар: сатушы, тапсырыс беруші, тапсырысты алушы, тұтынушы.
а) Тұтынушы өзінің өте жақсы көретін кондитерлік өнімі туралы сұрап, оның аты, неліктен ұнағанын, қай фирмадан жеткізілетіні туралы сұрап, тапсырыс береді. (Өтініш формасында).
б) Сатушы бұл өнімнің қазір саудада жоқ екенін, алайда міндетті түрде тапсырыс беруге, тапсырыс алушыны шақыртатынын, келісім бергенін жеткізуі керек.
в) Тапсырыс алушы бұл өнімді қанша мөлшерде, қашан әкелуге болатынын , бағасын нақтылап, өтінішті қабылдайды.
г) Тапсырысты жеткізуші бұл өнімнің бұдан былай шықпайтынын, сондықтан бұл тапсырыс орындалмағанын айтып, өкініш білдіреді.
Өтілген материал: ресми іс-қағаздар, мамандық тақырыбы.
Мақсаты: Ойынға қатысушыларға бағыт берілгенімен, ойларын жеткізуге толықтай еркіндік беріледі.
Нәтиже: Өтілген материалды қайталау, еске түсіру, жаңа тақырыппен байланыстыру, ойды дұрыс жеткізу, бір-бірін ұғына білу.
Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
Бүгінде мемлекеттік тіл туралы көп айтылып жүр, көз майын тауысып, жанарын жасытып жүргендер жетеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да ең өзекті мәселе. Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан, мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Ол үшін тіл білуді мақсат тұтып, алдына талап қоя білсе, қажымай ізденіп, айрықша көңіл бөліп, аянбай еңбектенсе, мемлекеттік тілді меңгеретіні анық.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген. Олай болса облыс, аудан көлемінде өтетін тәрбиелік мәні бар, қазақ тілінің мәртебесін көтеретін шараларға міндетті түрде қатысып, әсіресе жастар арасындағы ұлттық намыс, патриоттық сезімін тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарап, алдымызда тұрған жетістіктерге жете берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет