«Іс-сапар» ойыны.
Тапсырма: Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топ әкімшілік, 2 топ іс-сапарға аттанатын қызметкерлер.
а) Іс-сапарға бару керек. Сіздер әкімшіліктен сапарға қандай мақсатпен баратыныңызды, қойылатын мақсат пен талап туралы хат жолдауларыңыз керек.
б) Әкімшілік тобы іс-сапарға барудағы басты мақсат, қай қалаға, қанша уақытқа, неше адам барады, оның мүшелері мен төлемақы туралы мәлімет берулері керек.
Мақсат: Топ мүшелері қойылған талап бойынша жауап берулері керек, жүйелі, нақты, көлемді жауап арқылы айтпақ ойларын дұрыс жеткізу.
Нәтиже: Топ дұрыс жауап беру мақсатында ұйымдаса жұмыс істеу, талпыныстарын туғыздырып, өткен материалды еске түсіреді.
«Біз көрген кино» ойыны.
Ойын шарты: Тыңдаушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ көрген киноның тек жақсы жақтарын айтып, бағалайд, екінші топ киноның кемшілігін айтып, сынайды.
Тапсырма: а) Киноның тек жақсы жақтарын, қатысатын актерлар туралы мәлімет беріп, кино мазмұнын қысқаша айту.
б) Ұнамаған киноның жағымсыз жақтарын, оның себебін, актерлердің ойнаған рөлдерін талдау.
Мақсаты: Өтілген тақырыптарды пайдалана отырып, ойларын толық жеткізу.
Нәтиже: Ізденіс, еске түсіру, ойларын ұйымдасқан түрде жеткізуге деген талпыныс. Осы ойын арқылы шығармашылық жұмыс түрінде өзінің ой түйінін жазып келуге болады.
«Аукцион» ойыны.
Бұл сабаққа әрбір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қораптар, білезік...) әкеле алады. Әкелетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау қажет. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл Шыңғыс ханның көйлегінің жағасы, жібектен жасалған, көгілдір түсті. Бастапқы бағасы 10 000 теңге. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен тіл үйренушілералады. Қалғандары сатып алушылардың рөлін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды. Тіл үйренушілерге өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздырып дайындауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір- қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |