«Басқармадағы кеңес» ойыны
Тапсырма: а) сіз құрылыс басқармасының басшысысыз. Студенттер қалашығында қонақ үйін салуды жоспарладыңыз. Жобалаушы, тұрмыстық қызмет көрсетуші, тамақтандыру қоғамымен кеңесуде көрсетілетін қызмет түрлері, қонақ үй жобасы туралы айтуыңыз керек.
б) Жоба ұйымдастырудың қызметкері қанша бөлме болатынын, қонақ үй жобасымен таныстырады. Қонақ үйдің құны, жоспардың аяқталу уақыты, пайдасы туралы айтып, сөзін дәлелдеу.
в) Қызмет көрсету ұйымының өкілі көрсетілетін қызмет туралы айтуы тиіс. Жобаға байланысты өз талаптарын көрсетуі шарт.
г) Тамақтандыру өндірісінің бас қызметкері қонақ үй тұрғындарын қалай тамақтандыратыны туралы мәлімет беруі керек. Өз тілектері мен талаптарын айтуы қажет.
Мақсат: Ойынға қатысушылардың түгелдей қатысуы керек. Өз ойларын жеткізу үшін тек сөздік қорларын пайдаланып қана қоймай, термин сөздерді өз беттерімен ізденіп, қарым-қатынаста қолдану керек.
Нәтиже: Үгіттеу, дәлелдеу, келісу, шешім қабылдау секілді сөйлеу ниеттері пайдаланып, дәлелді, нақты ойлар айтуға үйренеді, термин сөздерді дұрыс қолдануға дағдыланады.
«Ресми кездесу» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз экспорттық фирманың қызметкерісіз. Іс- сапарға келген кезде өндіріс директорымен кездесу керек. Хатшымен байланысып, кездесу уақытын, себебін айтуыңыз керек.
б) Сіз хатшы ретінде фирма өкілімен қандай мақсатта, қашан, қай жерде т.б. директормен кездесуі керектігін және ол кісімен қайта кездесу үшін телефон нөмірін алуыңыз керек.
в) Сіз директорсыз. Кездесуге байланысты шешім қабылдап, қызметкермен бір шешімге келу немесе керісінше келіспеу.
Мақсат: мамандыққа байланысты лексиканы пайдалана отырып, өзара түсінісе білу.
Нәтиже: ойларын жеткізуге деген талпыныс. Кәсіби лексикалық қорларындамытады.
«Екі билет» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз Париж қаласына аттанасыз . Әуежай кассасына келіп, билет сатып алдыңыз. Ұшатын күніңіз, уақытыңыз, билет нөмірі, неше билет қажет, билет құны қанша тұратынын сұрауыңыз керек.
б) Сіз кассир ретінде жолаушының бар сұрағына жауап беріп, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақ әуеге көтерілмейтінін айтып, кешірім сұрауыңыз керек
Қатысушылар: Жолаушы, мамандық, кассир мен жолаушы арасындағы сөйлесу этикеті.
Мақсат: Шынай өмірде жиі болатын оқиға болғандықтан, қатысушылар одан әрі де толықтырып, сөйлеп, өзара ұғынысуы керек.
Нәтиже: Балалардың жағдаятты ойнаудағы шынайылығы, өтілген материалды пайдалана алуы, өзара шығармашылық ізденіс жасап, тапсырма талабын одан әрі толықтырып сөйлей білуі.
Достарыңызбен бөлісу: |