Бай әКЕ, кедей әКЕ


Табыстар  Компания иесіне жұмыс



Pdf көрінісі
бет24/50
Дата04.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#479807
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Бай әке, кедей әке(1)

Табыстар 
Компания иесіне жұмыс 
істеу 
Шығыстар 
Мемлекетке қызмет ету 
Активтер 
Сіздің 
бизнесіңіз 
Пассивтер 
Банкке 
жұмыс 
істеу 


95 
Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесі, жастардың ғылыми білімдер алып, 
жақсы жұмыстарға орналасуға бағытталған. Олардың ӛмірлері 
жоғарыда атап ӛткендей, сол баяғы еңбекке немесе табыстар 
колонкасын (бӛлігін) толтыруға зыр жүгірушілікпен ӛтеді. Ғылыми 
бағыттағы білімді басқарғаннан кейін, олар оқу орындарына түсіп: 
инженерлік, 
ғылыми, 
аспазшылық, 
полицейлік, 
суретшілік, 
жазушылық және т.б. мамандықтарын игереді. Осындай кәсіби 
біліктіліктері, оларды мемлекеттің ақша үшін жұмыс істеуші күшіне 
айналдырады.
Сіздің мамандығыңызбен Сіздің бизнесіңіз әртүрлі ұғым. Менің 
жұрттың кӛпшілігінен сұрайтыным: «Сіздің бизнесіңіз қандай?».
- Банктік,-дейді. 
Сонда: «Ӛз банкіңіз бар ма?» деймін. «Жоқ, мен онда жұмыс 
істеймін»,- деп жауап береді. Бұл мамандықпен бизнесті 
айырмаушылық. Мамандығы бойынша, олар банкі қызметшілері 
болуы мүмкін, дегенмен ӛз ісі болуы қажет.
Рэй Крок ӛз мамандығы мен бизнесті анық айыра білген. Оның 
мамандығы қашанда ӛзгеріссіз басқаларға. Ол сатушы болған. Бір 
кездерде, сүт коктейлінің миксерін сатумен күн кӛрген, одан кейін 
ресторанға кӛшкен. Негізгі мамандығы сауда болса да, оның бизнесі 
үлкен табыс әкелетін-жылжымайтын мүлік болған. Қандай 
мамандыққа оқысаңыз, мамандықты алып шығасың, кулинарлықка 
оқысаңыз- аспаз, заңгерлік- адвокат, машина істері болса- механик 
және т.б.
Мұның бір проблемасы, адам ӛз мамандығының тӛңірегінен 
шықпайды. Ӛкінішке орай, кӛптеген адамдар, ӛз істерін жүргізбейді, 
оны есіне де алмайды. Олар ғұмыр бойы біреулерге жұмыс істеп, 
соларға ақша жасауға кӛмектеседі. Адамға қаржы жағдайын нығайту 
үшін, оның ӛз ісі болуы керек. Сіздің бизнесіңіз активтер 
колонкасымен байланысты болуы қажет, керісінше табыстар 
колонкасымен емес. Жоғарыда аталып ӛткеніндей, бірінші ереже 
актив пен пассивтің айырмашылығын біліп, активтерді сатып алу 
керек. Бай адамдар ӛз назарларын активтер колонкасына аударады, ал 


96 
қалған жұрт табыс колонкаларымен айналысады, бұл ақша үшін 
жұмыс істеп, табыс табудың басқа жолдарын кӛрмеушілік және 
білмеушілік деген сӛз.
Сондықтан, мынандай сӛздерді жиі естиміз:
«Маған кӛп ақша керек» немесе «Қызмет бабында қалай 
кӛтерілем?». «Жұмыстан кейін тағы жұмыс істеймін». «Мүмкін екінші 
жұмысқа бару керек шығар?». «Кәсіби біліктілікті кӛтеріп, жақсы 
жұмыс іздеу керек» немесе «Екі аптадан кейін басқа жұмысқа кетем, 
себебі: мен жалақысы кӛп жұмыс таптым» және тағы сол сияқтылар. 
Кӛпшілікке бұлар дұрыс болып кӛрінуі мүмкін.
Егерде Рэй Кроктың сезіне құлақ түрсек, мұндай пиғылдарды 
айтатындар, ӛз істері жоқ адамдар. Мұндай ойлар табыс колонкасына 
ғана бағытталған, ал адамға каржылық жағдайын жақсарту үшін, 
ақшаны таза пайда әкелетін активтер сатып алуға жұмсағаны жӛн. 
Кедей және орта класс ӛкілдерінің қаржы мәселелеріне келгенде 
консервативтік кӛзқарастарда болуы (мен тәуекелге бара алмаймын 
деушілік) оларда қаржы базасының жоқтығы. Сондықтан, олар ӛз 
жұмыстарынан айырылып қалмауға тырысып, қатерлі жағдайдан 
аулақ жүреді.
Жұмыстан жаппай қысқартушылық дағдыға айналғанда, 
миллиондаған жұмыс істеуші адамдар үшін, ең жақсы капиталдық 
салым деп, есептеп жүрген үйлері бұлардың титығына жететін үлкен 
шығын кӛзіне айналған. Үйді ұстау үшін, оларға ай сайын үлкен 
қаржы қажет етеді. Екінші оңтайлы «капиталдық» салым деп 
есептейтін машинаның да жағдайы осындай. Бір кезде 1000 доллар 
тұратын гольф таяғына енді ешкімде қарамайды.
Адамға тұрақты жұмыстан басқа, тірек жоқ. Жұрттың 
кӛпшілігінің ұлымды «капиталдық» салым, деп есептеп жүргендері, 
қаржы дағдарысында түкке де жарамайды. Біздің кӛпшілігімізге, үй 
немесе машина сатып алу үшін, банктен кредит алуға арыз жазуға 
тура келетіндігі туралы ойлаймын. Мұның бір қызық жері: банкте 
«Міндет орындалғаннан кейінгі, мүліктің құны», деген есебінде не деп 
жазылатындығы еді. Бұл жағдай банкі қызметкерлері мен 


97 
бухгалтерлерінің нені актив деп есептейтіндіктерін кӛруге 
мүмкіншілік береді. Бір кезде мен банктен сауда алғым келді, бірақ 
менің каржылық жағдайым оншалықты сенімді болып кӛрінбеп еді. 
Сондықтан, мен активтер колонкасына (бӛлігіне) ӛзімнің құнды 
заттарымды қостым (телевизор, стерожүйесін, кітаптарды, қолӛнер 
коллекциясын, қол сағатын, киімдер, аяқ киімдер және т.б.)
Алайда, маған сауда берілмеді, себебі менде жылжымайтын 
мүлікке салынған ақша кӛп, деп есептеді. Менің кӛп пәтерлі 
үйлерімнің үлкен табыс әкелетіндігі комиссия мүшелеріне ұнамады. 
Олар менде неге тұрақты жұмыс және жалақы жоқ екенін білгілері 
келді. Менің мүліктерім оларға ешқандай да әсер еткен жоқ және 
есепке алынған жоқ. Сӛйтіп, кей уақытта «стандартқа» сәйкес 
келмейтіндерге жеңіл тимейді.
Кейбіреулердің: «Менің мүлкім миллион доллар тұрады немесе 
тағыда сондай тұрады...» дегендерін естігенімде, денем түршігеді. Осы 
ат басқаларға цифрлардың дәл еместігінің негізгі себебтерінің бірі Сіз, 
ӛз мүліктеріңізді сата бастағаныңызда, салық тӛлеуге міндеттісіз. 
Сондықтан, адамдардың табыстары кеміп, қаржылық қиындықтарға 
ұшырайды. Ақша қажет болғандықтан, ӛздерінің капиталдық 
мүліктерін (салымдарын) сата бастайды. Егерде, Сіз мүлкіңізді баланс 
есебінде кӛрсетілген кӛлемнен артық сатып, пайда тапсаңыз, бұған 
салық салынады. Осылай Үкімет ақшаның бұл бӛлігін ұстап қалады, 
осының салдарынан адамға қарызын қайыру біршама қиынға соғады. 
Міне, сондықтан мен: «Сіздің «құнды» мүлкіңіздің құны Сіз 
ойлағаннан кӛп кем», -дейтінім сол.
Ӛз ісіңізді бастаңыз. Ол үшін істеп жүрген жұмысыңызды тастау 
міндетті емес. Нақтылы активтерді сатып алуды бастаңыз, ал 
пассивтер, әсіресе жеке мүліктер сатып алынған сәтінен бастап-ақ 
құнын жоғалта бастайды.
Мысалы, сатып алған жаңа машина, автотұрақтан алып шыққан 
сәтінен бастап, алғашқы құнының 25 процентін жоғалтады. Банк басқа 
пікірде болсада, мұны капиталдық салым деуге болмайды. Менің 400 
долларлық титанды моторым, орнынан қозғалған кезден бастап, 


98 
бағасы 150 долларға дейін түсті. Егер, Сіз ересек адам болсаңыз, 
ӛзіңіздің шығындарыңызды кӛбейтпеңіз, пассивтерді азайтыңыз және 
нақтылы активтердің іргетасын құруға тырысыңыз. Егерде, Сіз әлі жас 
болып, ата-анаңызбен тұрсаңыз, олар Сізді актив пен пассивтің 
айырмашылығын білуге үйретсе, ол ӛте жақсы.
Мысалы, активтер колонкасын (бӛлігін) балалар ӛсіп, үйленіп,
ӛз отбастарын құрып, бала- шағалы болып, қарызға белшелерінен 
батқанға дейін күтпей, құруға болады. Ӛкінішке орай, кӛпшілігінде 
жас жұбайлар, жұмыс істемей-ақ жатып, ӛмірбақи қиын жағдайларға 
кезігумен болады. Кӛптеген ата-аналар соңғы баласы отау тігіп, үйден 
кеткен сәтінен бастап, кәрілікке әлсіз дайындалғандарын сезіп, ақша 
жинай бастайды. Осы кезде, олардың ӛз ата-аналары ауыра бастайды, 
сӛйтіп бұларда тағыда шығындар арта түседі. Сонымен, мен Сізге 
немесе балаларыңызға қандай активтерді сатып алуға кеңес берер 
едім?
Мен ӛмір сүріп отырған ортада, нақтылы активтер бірнеше 
категорияға бӛлінеді:
1. Бизнес иесінің қатынасуын қажет етпейтін түрі. Ол маған 
қарайды, бірақ оны басқа адамдар басқарады. Егерде, мен онда жұмыс 
істеуге мәжбүр болсам- ол бизнес емес. Ол менің жұмысым.
2.Акциялар.
3.Облигацнялар.
4.Ӛзара қорлар. 
5.Табыс әкелетін жылжымайтын мүлік.
6.Векселдер және қарыздар колхаттары.
7.Шығармашылық қаламақылары: музыка, кітаптар, сценарийлер, 
латенттер.
8. Басқа құнды пайда әкелетін, бағасы тез ӛсетін және тез 
сатылатын кез келген меншік.
Менің кішкентай кезімде, оқымысты әкем, маған түбінде тұрақты 
жұмыс тауып алуыма кеңес беретін. Ал бай әке, ӛзіңе ұнайтын 
активтерді сатып ал,деп ақыл айтатын. «Ӛзіңе ұнамайтынды, сен 
істемейсің».


99 
Мен қозғалмайтын мүлікті және жерді сатып алушылығым, олар 
маған ӛте ұнайды.
Сондықтан, жылжымайтын мүлікті іздеп, сатып алуды жақсы 
кӛремін. Мұнымен күні- түні айналысуға бармын. Егерде кейбір 
проблемалар туындаса, олар менің жылжымайтын мүлікке деген 
құштарлығымды жоятындай күрделі емес. Егерде Сіздің кӛңіліңіз 
жылжымайтын мүлікті каламаса, онымен айналыспаңыз.
Маған кішігірім, ӛз жұмыстарын жаңа бастап жатқан 
компаниялардың 
акциялары 
ұнайды. 
Істің 
мәні 
мынада: 
мен корпорация мүшесі емеспін, бірақ іштей кәсіпкермін. Маған, 
мысалы Калифорниядағы «Стандарт Ойл» компаниясында «Кегог» 
корпорациясында жұмыс істеуге, сонымен қатар әскерде кызмет 
етуіме тура келді. Бұл маған ӛте ұнайтын сондықтан оларды 
сыйластық сезіммен есіме түсіремін.
Алайда, ойымның ең терең түкпірінде жатқан сезімім бойынша, 
үлкен компанияларды жақсы кӛрмеймін. Маған бизнесті басқару емес, 
оны бастау ұнайды. Содан барып, мен кіші компаниялардың 
акцияларын жиі сатып алам, ал кей уақытта оларды ӛзімде құрам. 
Мұнда үлкен табыс табуға болады және бұл ойынды мен ӛте 
ұнатамын. Жұрттың кӛпшілігі мұндай тәуекелшілдіктен қорқады. Бұл 
шындығында да қауіпті. Егерде, Сізге бұл іс ұнаса және оған ақша 
салып, не істейтіндігіңізді айқын білсеңіз, қатер азаяды. Менің кіші 
компанияларға инвестиция салу стратегиям- ол мүмкіншіліктерді 
сарқа 
пайдалану. 
Қозғалмайтын 
мүлікті 
қолға 
басқаларға 
таратарымда, ең кіші кӛлемдегі сомадан бастаймын, содан әрі оны 
біртіндеп ӛсіре бастаймын, арзанын қымбатқа айырбастаймын, ол таза 
пайда үшін, салық тӛлеуден босатады. Бұл жағдай таза пайданың 
шапшаң ӛсуіне ықпал етеді. Жылжымайтын мүлікті 7 жылдан артық 
ұстамаймын.
Мен кӛп жылдар бойы әскерде қызмет етіп, «Кегог» 
компаниясында жұмыс істеп жүргенімде де, бай әкемнің кеңестеріне 
жүгінетінмін. Мен жұмысымды тастаған жоқпын, бірақ ӛзімнің жеке 
бизнесім болатын. Мен активтер колонкасында(бӛлігінде) белсенді 


100 
қимыл жасадым. Жылжымайтын мүліктер және ұсақ акциялар 
саудасымен айналыстым. Бай әке адамның қаржы сауаттылығы 
жӛнінде үнемі айтатын. Бухгалтерлік есепті және қаржының 
ерекшеліктерін толық білу, маған инвестицияларды терең талдауға, ең 
соңында ӛз компаниямды құруға мүмкіншілік беретін. Мен ешкімге 
де, егер ӛзі қаламаса, компания деп айтпаған болар едім. Осының 
барлығының не екенін білгендіктен, мен ешкімге ешуақытта кеңес 
бермеген едім. Әрине, адам жұмыс таба алмауы мүмкін. Сол уақытта 
ӛз компаниясы, оған ӛмір сүру кӛзі болады. Бірақ, табысқа жету оңай 
емес.. Бес жылдың ішінде, 10 компанияның 9-ы құлайды. Бес жылдан 
кейін аяғынан тұрып кешендерінің ішіндегі онының, тоғызы 
банкротқа ұшырайды. Міне, сондықтан осындай жағдайлардан кейін, 
компания ұстауды тек қана барлық ынта- жігерімен, ӛзін осыған сарп 
еткен адамға ғана кеңес берген болар едім. Керісінше жағдайларда, 
жұмысты тастамай, сонымен қатар ӛз ісіңнің болғаны дұрыс.
Мен, ӛз ісін болсын дегенде, айтарым: активтер колонкасын 
(бӛлігін) тұрақтандарып, ӛсіру деген сӛз, Егерде оған 1 доллар түссе, 
оның ешуақытта жоғалып кетпеуін қадағалаңыз. Оны ӛз 
жұмыскеріңіз, деп есептеңіз. Ақшаның ең жоғарғы қасиеті- ол 
сӛткенің 24 сағат бойы, ұрпақтан ұрпаққа дейін еш тоқтаусыз жұмыс 
істейді. Қалыпты жағдайда, керек болса одан да екпінді 
жұмысыңызды істей беріңіз, бірақ ӛз активтер колонкаңызды (бӛлігін) 
ұмытпаңыз. Сӛйтіп, ақша түсімі ӛскен сайын, ӛзіңізге керекті 
заттарды, мүліктерді сатып алуға жағдайыңыз келеді.
Бай адамдар бір нәрселерді ең соңында сатып алады (бұл 
олардың маңызды ерекшеліктері), ал кедейлер мен орта клас ӛкілдері- 
бірінші болып.
Олар бай болып кӛріну үшін, зәулім үйлерді, асыл заттарды, 
яхталарды, қымбат тондарды және т.б. сатып ала бастайды. Олар 
бұған тырысумен болады, бірақ шындығында белшесінен қарызда 
болады. Ал байлар алдымен тұрақты активтер колонкасын (бӛлігін) 
құрайды.
Осыдан түскен табыс ӛскеннен кейін ғана, байлығын ерекше 


101 
кӛрсете алатын салтанатты заттар мен мүліктерді сатып ала бастайды. 
Кедей және орта класс ӛкілдері бұларды үлкен тер тӛгушілікпен сатып 
алады.
Шын салтанат кӛзі- ол ӛз ақшаңды нактылы активке салып, 
кӛбейтіп табыс табушылық. Мысалы, біз әйеліміз екеуіміз, ӛзіміздің 
кӛп пәтерлі үйімізден түскен ақшамызды басқаларға да, әйелім ӛзіне 
«Мерседес» машинасын сатып алды. Бұл бізді қиындыққа немесе бір 
қатерге соқтырған жоқ, себебі; ақшаны жылжымайтын мүлік- үй 
берді. Әрине, оның жылжымайтын мүлікке салған инвестициясы ӛсіп, 
таза пайда келтіргенше, оған 4 жыл күтуге тура келді. Дегенмен, бұл 
әйелімнің актив колонкаларын (бӛлігін) қалай кӛтеру керектігін 
дәлелдей білгендігінін белгісі- салтанатты зат түріндегі сыйы еді. Бұл 
қаржылық тапқырлықты ұтымды пайдаланудың үлгісі. Жұрттың 
кӛпшілігі импульстің ықпалымен жаңа машинаны немесе басқа 
заттарды банкіден кредит алып сатып алады. Осындай тәсілмен 
басқаларға 
салтанатты 
дүние 
адамға 
қуаныш 
әкелмейді.
қарыздан құтылғанша бей- берекеті кетеді. Міне, енді Сіз ерінбей 
инвестиция салып, ӛз ісіңізді құрдыңыз, тағы бір сиқырлы рецепті 
пайдалануға даярсыз- ол байлардың ең үлкен қүпиясы. Осы құпияның 
нәтижесінде байлар соншалықты бай. Бұл, Сіздің ӛзіңіздің жан-жақты 
ойласып, үлкен шыдамдылықпен құрған бизнесіңіздің соңында күтіп 
тұрған сыйыңыз.


102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет