Бай әКЕ, кедей әКЕ


Активтер колонкасында 40000 доллар қалай құрылды. Ақша



Pdf көрінісі
бет28/50
Дата04.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#479807
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
Бай әке, кедей әке(1)

Активтер колонкасында 40000 доллар қалай құрылды. Ақша 
ойлап табылады және салық алынбайды. Егер банк бұған 10 
проценттен берсе, салықтар онда Сіз жылына 4000 доллар 
табасыз.
Табыстар 
Шығыстар 
Салықтар 
Активтер 
4000 
Қарыздар қол 
хаты 
190000 
барлығы 
Пассивтер 
20000 


126 
Нарықтың құлдырау кезіңінде, біз әйеліміз екеуіміз, бос 
уақытымызда осындай 6 мәміле (сделка) жасауға мүмкіншілігіміз 
болды. Сол кезеңде біздің ақшамыздың негізгі бӛлігі ірі 
жылжымайтын мүліктерге және құнды қағаздарға салынғандықтан, 
осы 6 қарапайым қайта сатулықтан актив бойынша 190000 астам 
доллар табыс таптық. Бұл жылына 19 мың доллар табыс еді, мұның 
негізгі дені автокӛлікке, бензинге, іс-сапарларға, қамсыздандыруға, 
қонақасыға және т.б жұмсалатын. Бұларға мемлекет салық салғанша, 
бұл ақшалар заңды тәртіппен жұмсалып кеткен еді.
4000 ақшаны жинақтауға қанша уақыт кетеді және Одан 5 
процент салық алынғаннан кейін,сізде қаншасы қалады.
Бұл схема қаржылық тапқырлық арқылы ақшаны қалай «ойлап 
табу», құру және қорғауының қарапайым мысалы. Ӛзіңізден 190 мың 
ақшаны жинау үшін қанша уақыт керек, соны сұраңыз. Банк Сізге 10 
процентті тӛлей ме? Шарттың орындалу мерзімі 30 жыл. Банк маған 
мұндай ақшаны ешуақытта бермейтінін білемін. Бастапқы алғашқы 
соманы тӛлегенде, салық тӛлеуге тура келеді, ал жылына 19 мың, отыз 
жыл ішінде 500 мың доллар табысты құрайды. Менен жұрттың 
кӛпшілігі, егерде үйді сатып алушы ақшасын тӛлемеген жағдайда не 
Табыстар 
Шығыстар 
Салықтар 
Активтер 
Жинақтар 
Пассивтер 


127 
болады, деп сұрайды? Мұндай жағдай шындығында болады. Финикс 
1994-1997 жылдары аралығында жылжымайтын мүлік нарығының 
мемлекетте кең таралған жері еді. Мұндай жағдайда, 60 мың 
долларлық үйді иесінен тартып алды, 70 мың долларға қайыра сатып 
және жасаған қызметтері үшін, оның үстіне 2,5 мың долларды 
сыпырып алған болар еді. Жаңа сатып алушыға мәміле (сделка) сол, 
қолма-қол ақшасыз жасалынған болар еді. Бұл процесс солай жалғаса 
береді.
Сӛйтіп, бірінші кезеңде, мен үйді сатқанда, қарызға алған 2 мың 
долларды қайырдым. Нақтылығында мәміледе (сделкада) менің ақшам 
жоқ. Капиталды инвестициялаудан, менің табысым шексіздікке тең 
еді. Міне, осылай ақшасыз кӛп ақша жасауға болады.
Екінші қайта сату мәмілесі (сделка) кезеңінде, мен 2 мың 
долларды қаптама салып, заемды 30 жылға ұзартар едім. Менің ӛзіме 
тӛлеген капиталды инвестициялаудан қанша пайда түседі? Мен оны 
білмеймін. Дегенмен, бұл ай сайын 100 доллардан жинағанша 
әлдеқайда артық. Шындығында, бұл шығынымен 150 долларды 
құрайды, себебі: Сіз оны 40 жыл бойы табысыңыздан салып отырасыз, 
олардан 5 проценттік салық алынып қойған, бірақ Сіздің 
жинағыңыздан салықты тағы алады. Бұл онша оңтайлы іс емес. 
Мүмкін қауіпсіз шығар, бірақ оң іс емес.
Бүгін, осы кітапты жазып отырғанымда (1997 жылы) нарық 
жағдайы, осыдан бес жыл бұрынғы жағдайдан қарама-қайшылықта 
еді. Финикстегі жылжымайтын мүлік нарығы, бүкіл Американың 
қызығушылығын туғызды. Қазіргі кезеңде біз сатқан 60 мың 
долларлық үй, енді 110 мың доллар тұрады. Нарық ӛзгерді. Енді 
активтер колонкасын (бӛлігін) ӛсіру үшін, басқа мүмкіншіліктерді 
іздестіріп, алға ұмтылу керек. «Бізге бұлай істеуге болмайды», «Бұл 
заңсыздықі», «Сіз алдайсыз!», деген сӛздерді, ал маған осыны қалай 
істеу керектігін, кӛрсете аласыз ба? -деген сұрақтан гӛрі жиі естимін. 
Мұндағы есептер тіптен қарапайым ғана. Сізге алгебра, немесе 
дифференциялдық есеп қажет емес. Мен мұны бұлай, -деп айтуымның 
себебі: мәміленің (сделканың) заңдылық жағымен және тӛлемдерді 


128 
ұйымдастырумен делдал компаниясы айналысады. Маған үйдің 
шатырын жӛндеп, әжетхананы тазартудың қажеті жоқ, бұлармен 
негерлер айналысады. Бұл олардың үйлері, кейуақытта тӛлемеушілер 
де болады. Мұндай жағдай ӛте пайдалы, себебі: үй ұстаушылар үйді 
босатуға мәжбүр болады, сӛйтіп меншік қайта сатылады. Мұнымен 
соттар айналысады.
Сіздің еліңізде мұндай жағдайлар болмауы мүмкін.
Нарық шарттары мүлдем басқаша болуы ғажап емес. Бірақ, 
осындай жәй қарапайым қаржылық тапқырлық арқылы, азғантай ғана 
шығынмен және кішкене қауіппен, жүздеген мың доллар табыс табуға 
болатындығын кӛрсетеді. Бұл ақшаның тек қана келісілушілік, 
шарттылық екенін кӛрсететін мысал. Мұндай мәмілені (сделканы) 
мектеп бітірген әрбір адам жасай алады.
Ӛкінішке орай, жұрттың кӛпшілігі мұны жасамайды. Кӛпшілік 
қашанда: «Ынталы енбек ет және ақша жина»-деген стандартты 
ережеге бой ұрады. Жобамен 30 сағат кӛлемінде менің активтер 
колонкама (бӛлігіне) 190 мың долларға жуық ақша түсті, сонымен 
қатар олардан салық та алынған жоқ.
Енді Сізге не күрделі болып кӛрінеді?
Ынталы еңбек ету, жалақының жартысын салық түрінде тӛлеу, 
қалғанын жинау. Онда Сіздің жинағыңыз бес проценттік табыс береді, 
одан тағыда сапық алынады.
Немесе:
Қаржылық тапқырлықты дамыту, ақыл-ойды және активтер 
колонкасын (бӛлігін) пайдалану. Егер Сіз, бірінші жолды қаласаңыз, 
онда 190 мың долларды жинау үшін Сізге қанша уақыт керек? Ал 
уақыт- активтердің ең бастыларының бірі. Кӛптеген ата-аналар: 
«Менің балам жақсы оқиды және жақсы білім алуда», -дегенді 
естігенімде, мен үнсіз басымды шайқайтынымды, енді мүмкін Сіз 
түсінерсіз. Бұл, әрине жақсы, бірақ ол жеткілікті ме? Жоғарыда мен 
айтып ӛткен, инвестиция стратегиясы соншалықты тұрақты емес. Бұл 
аздың, кӛпке қалай айналатындығын кӛрсетудің мысалы ғана.


129 
Дегенмен, менің пайдалы мәміле (сделка) жасауымның ақиқаты, 
ол қаржылық білімнің кімге болсада қажеттілігін кӛрсететін шарт.
Мен тағыда қайталап айтам, қаржылық тапқырлық мынандай 
тӛрт түсініктерден тұрады:
1.Қаржылық сауаттылық- цифрларды түсіну қаблеттілігі.
2.Инвестиция салу стратегиясын білу (ақша-ақшаны қалай 
жасайтындығы туралы ілім).
3.Нарықты білу (сұраныс және ұсыну ілімі). Александр Грейам 
Белл нарықтың іздегенін берді. Билл Гейтс те соны істеді. Жиырма 
мың доллар тұратын үйді, 60 мың долларға сату, ол да нарықтың 
мүкіншілігін пайдаланудың нәтижесі. Біреу сатады, екіншісі сатып 
алады.
4. Заңдарды білу (бухгалтерлік есеп, корпорация жұмыстарымен 
және т.б. байланысты әртүрлі ережелер мен заңдар). Сізге осы 
заңдарды білуге және бұзбауға кеңес берем. Бай болу үшін, не сатып 
алғыңыз келседе, мысалы: (кішкентай үй, үлкен пәтерлер, 
компаниялар, акциялар, облигациялар, ӛзара қорлар, асыл заттар және 
тағы бір басқа нәрселерді),осы қағидалар әр істің арқауы, негізі 
болады.
1996 жылы жылжымайтын мүлік нарығы күрт ӛзгерді, бәріде 
Финикске ұмтылды. Биржада дағбырт (бум) басталды. Американың 
экономикасы тағыда аяғынан тік тұрды. 1996 жылы сатып 
алғандарымды, қайта сатып:
Перуге, Норвегияга, Малайзияға және Филиппинге саяхатқа 
шықтым. Инвестициялар ӛзгерді. Біз жылжымайтын мүліктерді сатып 
алуды тоқтаттық.
Мен, қазір олардың бағаларын активтер колонкасы (бӛлігі) 
ішінде қалай ӛсетіндігін бақылаудамын, оларды жылдың аяғына қарай 
сатуым мүмкін. Бұл Конгрестің қандай Заң қабылдауына кӛп 
байланысты. Менің күтіп отырғаным, осы 6 үйдің біреулері жақсы 
бағаға ӛтуі мүмкін, сонда 40 мыңдық чек қолма-қол ақшаға 
айналдырылады. Мен бухгалтеріме 40 мың доллар қолма-қол ақшаның 
түсетіндігіне даяр болуына телефонмен хабарлап және оны қорғау 


130 
жолдарын табуын айттым.
Сӛйтіп, менің барлығына айтарым: инвестициялар пайда болады 
және жоғалады, нарықтағы ахуал жақсарады және нашарлайды, 
экономика құлдырайды және қайта кӛтеріледі. 
Ӛмір Сізге болмаған мүмкіншіліктерді алдыңызға тартады, бұл 
күн сайын болуда, бірақ біз кӛбінесе оларды байқамаймыз, Ал олар 
қашанда баршылық!
Әлем және технология қаншалықты ӛзгерген сайын. Сізде 
отбасыңызда, ұрпақтан-ұрпаққа дейін қаржылық тәуелсіздікті 
қамтамасыз ету мүмкіншіліктері соншалықты мол.
Сонда қаржылық тапқырлықты дамыту неге қажет?
Тағыда мұның жауабы тек қана ӛзіңізге аян. Мен, үнемі неменеге 
оқитынымды және біліктілігімді қалай арттыруымды білемін. Менің 
бұлай істеуім-алдымызда үлкен ӛзгерістердің болатындығын білемін. 
Ескіге тырмысып жармасқанша, жаңаны құп аламын. 
Мен нарықта құлдырау мен кӛтерілудің болатындықтарын 
білемін. Ӛзімнің қаржылық тапқырлығымды үнемі жетілдіруге 
тырысамын, себебі: нарық әрбір ӛзгерген сайын, кейбіреулер 
жалбарынышпен тізесінен тұрып, жұмыс сұраушылықпен болады. Ал 
енді біреулері, ӛмірдегі осындай қиыншылықтарды пайдалана 
отырып, соларды пайдаға асырады. Міне, қаржылық тапқырлық деген 
осы. Жұрттың кӛпшілігі: мен, ӛз басым сәтсіздікті қалай сәттілікке 
аудара алатындығым жӛнінде айтып беруімді сұрайтын. Шынымды 
айтсам, мен ӛзімнің салымдарым туралы аз айтуға тырысамын. Мен 
ӛз-ӛзімді дәріптеп, мақтанудан аулақпын. Менің мақсатым басқада. 
Мен мысалдарды кӛрнекі құралдар ретінде пайдаланып, бұлардың 
қаншалықты қарапайым екенін. Сіздерге кӛрсетуге тырысам. Сіздер 
осы қаржылық тапқырлықтың тӛрт тіреуін жақсы білсеңіздер, 
солғұрлым жеңіл болады. Мен ӛз басым, қаржы есімі үшін, негізінен 
екі 
тәсілді 
пайдаланам: 
жылжымайтын 
мүлік 
және 
ұсақ 
компаниялардың 
акциялары. 
Жылжымайтын 
мүлік- 
менің 
фундаментім. Күннен-күнге мүлік маған ақшалай табыс әкеледі, кейде 
оның бағасы кӛтеріледі. Ұсақ акцияларды ақшаны тез, кӛбейту үшін 


131 
пайдаланам. Бірақ, мен ешкімге де, ӛзімнің айналысып жүрген 
ісіммен, айналысыңыз, -деп кеңес бермеген болар едім. Мысал- ол тек 
қана мысал.
Егерде жағдай маған күрделі және оны егжей- тегжей түсінбесем, 
мен оған ақша салмаймын. Қаржылық даму үшін, қашанда қарапайым 
есеп және салиқалы ой керек. Мысал үшін, мен мына тӛменде 
кӛрсетілген 5 пікірді пайдаланам:
1. Олар адамдарды кӛп білу үшін ынталандырады.
2. Олар егерде фундамент мықты болса, басқасының бәрі оңай.
3. Олар аркімде бай бола алатындығын айтады.
4. Олар мақсатқа жету үшін миллиондаған тәсілдердің барлығын 
кӛрсетеді.
5. Олар осыларды білу үшін, ерекше қаблеттілікті қажет 
етпейтіндігін дәлелдейді.
1989 жылы мен таңертеңгі жүгіріс кезінде, Портленд шағын 
ауданының (Орегон штаты) бір тамаша үйлер салынған «пряникті 
үйлер», -деп аталатын шағын ӛңірінде жиі болам. Салынған үйлердің 
әсемдігі, шындығында ертегідегі сияқты еді. Барлық жерде 
"сатылады", -деген жарнамалар ілулі еді.
Бұл кезеңде құрылыс ағашының нарығы күйзеушілік жағдайда 
еді, құнды қағаздар биржасы күйреген, экономика депрессияда 
болатын. Бір үйдің қақпасында, басқаларына қарағанда ескірген 
«сатылады», -деген жазуды кӛрдім. Үй ескілеу еді. Бір күні сол үйдің 
жанынан жүгіріп бара жатқанымда, абыржыған түрі бар, үй иесімен 
кезіктім.
-Мына үйіңізге қанша сұрайсыз? -дедім мен білмекші болып. Үй 
иесі айналып қарап, әлсіз күлімсіреп.
-Ал, Сіз қанша бересіз? -деді ол. Үйдің сатылуға қойылғанына 
бір жыл болды. Ешкім келіп кӛрмейді де.
-Мен кӛрейін,деп жауап бердім мен, сӛйтіп жарты сағаттың 
ішінде, үй иесінің сұрағанынан 20 мыңға арзан бағаға үйді сатып 
алдым. Бұл 1930 жылы салынған, екі бӛлмелі, тамаша камині бар, іші 
жӛнделген бір сүйкімді үй екен. Жалға беруге әбден жарайтын үй. 


132 
Маған 45 мыңға түскен үйдің, бес мыңын қолма- қол ақшалай бердім 
(шындығында бұл үйдің құны 65 мың еді, бірақ ешкімде сатып 
алмаған).
Бір аптадан кейін, үй иесі қуанышты түрде кӛшіп кетті, содан 
кейін бұл үйге (менің бірінші тұрғыным, жергілікті бір профессор) 
жалға кірді. Барлық рәсімдеулерден кейін, менің қалтама ай сайын 40 
доллардан түсіп тұрды. Дегенмен, бұл аса мақтанарлық жәй емес еді. 
Бірақ, бір жылдан соң Орегонда жылжымайтын мүлік нарығы 
кӛтерілді. Калифорниялық инвесторлар, ӛздерінің жылжымайтын 
мүлік нарығының дақпыртынан кейін, қалталарын ақшаға толтырып, 
Орегонға және Вашингтонға қарай ауысты.
Осы кішкентай үйді Калифорниядан келген жас жұбайларға 95 
мыңга саттым, мұндай саудаға олар қуанышты еді. Сатудан түскен 45 
мың таза пайдамды. Салық тӛлеу мерзімін ұзартатын 1031 бабқа 
сәйкестендіріп, ақша салу үшін, мен жаңа жылжымайтын мүлікті 
іздестіруге кірістім.
Бір ай кӛлемі ішінде, 12 пәтерлі үлкен үйді таптым, ол «Интел 
заводының жанына (Бивертон қаласы, Орегон штаты) орналасқан еді. 
Үйдің иелері Германияда тұратын, олар үйдің бағасы жӛнінде 
түсініктері де жоқ еді, тезірек құтылғандарынша асығулы болатын. 
Мен 450 мың тұратын үйге, 275 мың ұсындым. Олар 300 мыңға 
келісті.
Мен үйді сатып алып, екі жыл ұстадым. Сол баяғы 1031 бабтың 
тәсілімен, осы үйді 495 мыңға сатып, Финикстен (Аризона штаты) 30 
пәтерлі үй сатып алдым. Сол кезеңде біз Финикске кӛшіп келгенбіз, 
сондықтан калай да ӛзіміздің жылжымайтын мүлкімізді сатуымыз 
қажет еді.
Бір уақытта Орегонда сияқты, жылжымайтын мүлік нарығы, 
Финиксте құлдырауда болатын. 30 пәтерлі үйдің құны 875 мың болды 
оның 275 мыңын қолма-қол ақшалай тӛледік. Бұл үйден түсетін пайда, 
ай сайын 5 мың долларды құрады, Аризонда нарық ӛсе бастады, 1996 
жылы Колорададан келген бір инвестор, осы үйге 1 миллион 275 мың 
доллар ұсынды. 


133 
Біз, әйеліміз екеуіміз, үйді сатуға болмас па екен,- деп ойласып, 
бірақ күте тұруға келістік, мүмкін Конгресс пайда туралы заңды 
езгертер?
Егер олай болса, біздің мүлкіміздің құны тағы 15-20 процентке 
кӛтерілуі ықтимал. Оның сыртында ай сайын 5 мың доллар жаман 
табыс емес. Бұл мысалды келтіргенім, аз ғана нәрседен қалай үлкен 
табысқа жетудің жолын кӛрсету болатын.
Дегенмен, бұл үшін қаржы есептерін, инвестиция салу 
стратегиясын, нарықты сезінуді және заңдарды білушілік қажет. 
Егерде, адам бұл мәселелерге мойын ұсынбаса, онда оған стандарттық 
ережелермен қимыл жасаған жӛн, яғни тәуекелдікке ұрынбау, ақшаны 
әртүрлі және сенімді кәсіпорындарға салу. Рас, «сенімді» капиталдық 
салымдылық дегеннің ӛзі «санитарлық тазартуға» килігеді, яғни 
олардың «сенімділігі» соншалықты, ондағы таза пайда мӛлшері 
азаяды.
Ірі брокерлік фирмалардың барлығы дерлік, ӛздерін және 
клиенттерін қорғау мақсатында, күмәнді мәмілелелер (сделкалар) 
жасамайды. Бұл дана саясат. Жақсы мәмілелерді ; жаңа 
бастаушыларға ұсынбайды. Байларды одан сайын бай қылатын 
мәмілелерді (сделкаларды), ойынды кімдер жақсы біледі, соларға 
қалдырады. Нақтылығында, мұндай мәмілелерді «тәжірбиесіз» 
инвесторларға ұсыну заңға қайшы келеді. Алайда, мұндайлар да 
болып тұрады.
Мен «тәжірбиелі» болған сайын, маған кӛп мүмкіншіліктер 
кездесумен болады. Қаржылық тапқырлықтың тағы бір тиімділігі, ол 
ӛмір бойы- сол мүмкіншіліктердің санын үнемі ӛсіріп отыруы. 
Қаржылық LQ жоғары болған сайын, мәміленің (сделканың) 
тиімділігін оңай анықтай аласыз. Сіздің каржылық тапқырлығыңыз 
нашар мәмілені тез аңғарады немесе нашарын жақсыға айналдыруға 
кӛмектеседі.
Мен кӛбірек білген сайын, ал мұнда оқырлық кӛп дүние бар, одан 
да кӛп ақша табуға мүмкіншілігім бар, себебі: жылдан- жылға менің 
тәжірбиемде ӛсіп, ақылым кемелдене түседі.


134 
Дегенмен, тәуекелдікке бармай, ынталы жұмыс істейтін менің 
достарым бар, олар ақыры каржылық біліктілікке жете алмады,себебі: 
бұған кӛп уақыт керек еді.
Менің негізі философиям- активтер колонкасын (бӛлігін) дамыту. 
Ол менің басты алгоритмім. Мен қашанда аздан бастаймын, яғни 
тұқым себемін. Кейбірулері ӛседі, кейбіреулері ӛспейді.
Біздің корпорацияда жылжымайтьын мүлік бірнеше миллион 
долларды құрайды. Олар біздің жылжымайтын мүлкіміздің 
инвестициялық қоры. Менің айтарым осы миллиондар, қашанда ұсақ 
салымдардан 5-10 мың доллар аралығынан басталған. Мұндай қолма-
қол салымдар ұғымды кезеңде басталды, себебі: нарық тез кӛтерілді 
және салықсыз бірнеше рет оларды сатуға және сатып алуға 
жағдайларыңыз болды. Оның сыртында, біз акциялар пакеттерінің 
иелері болдық, осының негізінде тағы бір корпорация құрдық. Оны, 
біз ӛзара жеке қорымыз дейміз. Тек қана, біз сияқты инвесторлармен 
жұмыс істейтін достарымыз бар, себебі: бізде қашанда болсын, 
инвестицияға салатын басы артық ақша бар.
Сонымен қатар, АҚШ немесе Канаданың биржасына шыққалы 
жатқан жеке компаниялардың акцияларын сатып аламыз. Пайданы 
қалай тез түсіруге болатындығы жӛнінде, мынандай тағы бір мысал 
келтірейік.
Жаңа құрылған бір компанияның, жүз мың тұратын акциялары 
25 центтен, олар биржаға шығарылғанға дейін сатып алынады. Жарты 
жыл ӛткеннен кейін, бұл компания мықтылар тізіміне енеді, енді бұл 
акциялар 2 доллардан тұрады. Егер компания істі одан әрі жақсы 
басқарса, бағалар арта түсіп, әр акцияның құны 20 долларға дейін 
кӛтерілуі мүмкін. Сӛйтіп, біздің 25 мыңымыз жылға толмай, 
миллионға айналады.
Егерде Сіз нақтылы не істейтіндігіңізді білсеңіз, бұл лоторея 
ойыны емес. Егерде Сіз ақшаңызды күмәнді мәмілеге (сделкаға) салып 
және содан кейін Құдайға жалбарынумен болсаңыз, онда бұл нағыз 
лоторея , -деп есептеледі.
Қай жағдайда болмасын, ең бастысы -қатерді азайту үшін, 


135 
ӛзіңіздің нақтылы біліміңізді, тәжірбиеңізді және осы ойынға деген 
құмарлығыңызды ұтымды пайдалана білу. Әрине, ұтылып қалу қауіпі 
қашанда бар. Алайда, қаржылық тапқырлық оны азайтады. 
Сондықтан, біреуге кауіпті жағдай, басқаға онша қауіпті болмауы 
мүмкін. Менің қашанда жұртқа берер кеңестерімнің бастысы: 
ақшаңызды акцияларға, жылжымайтын мүлікке және т.б. салмастан 
бұрын, алдымен ӛзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды кӛтеруге 
салыңыз, -дер едім. Сіз сауатты болған сайын, қатерді жеңінуге 
мүмкіншілігіңіз арта түседі.
Менің жеке капиталдық салымдарым, кӛп адамдар үшін тым 
қатерлі, сондыктан ешкімге түбегейлі түрде, менің жопыммен жүруге 
кеңес бермеймін. Мен бұл ойынға 1979 жылдан ойнаймын, талай 
күйреушілікті басымнан ӛткізгенмін.
Сіз жоғарғы абзацқа кӛтеріліп, қайта оқысаңыз, мұндай 
инвестицияның жұрттың кӛпшілігіне неге қатерлі екенін аңғарып, 
мүмкін Сіз, ӛз ӛміріңізді басқаша құрып, үлкен қатерлерге соқтықпай, 
аздан кӛпті табудың басқа жолдарын табарсыз.
Мен бірнеше рет қайталағанымдай, ешкімге де кеңестер 
бермеймін. Қарапайым мысалдарды келтіріп, қалай істеуге 
болатындығын ғана кӛрсеттім. Менің жетістіктерім-бұл саладағы қол 
жеткізуге болатын нақтылы мүмкіншіліктермен салыстырғанда, ұсақ 
дүние, бірақ қарапайым адамға жылына 100 мың доллар пассивті 
табыс Табу бұл да жаман іс емес және ол соншалықты қиын да емес. 
Нарық барысына қарай және Сіздің іскерлігіңізге байланысты, 
бұған 5-10 жылдың ішінде, қол жеткізуге болады, Егерде Сіз 
тұрмысыңызға кӛп шығын шығармасаңыз. Сіз жұмыс істейсіз бе, әлде 
істемейсіз бе, соған қарамастан 100 мың доллар қосымша пайданың 
еш артықшылығы жоқ. Қажет болса жұмысыңызды істейсіз, керек 
болмаса жұмыстан кетесіз, салық жүйесі Сізге қарсы емес, оны 
пайдаңызға жаратыңыз.
Ӛз басым жылжымайтын мүлікпен жұмыс істеуді қалаймын. 
Маған бұл тауар ұнайды, ӛйткені ол тұрақты. Менің фундаментім 
берік. Ақша ағымы айтырлықтай тұрақты, егер бәрі дұрыс есептелсе, 


136 
жылжымайтын мүліктің бағасы кӛтерілуі ықтимал. Бұл фундаменттің 
ерекшелігі, маған басқа капиталдық салымдарды батыл жүргізуге 
ықпал етеді. Егерде мен құнды қағаздар нарығында үлкен пайда 
тапсам, онда салық тӛлеймін, содан қалғанын жылжымайтын мүлікке 
саламын, 
сӛйтіп 
активтер 
колонкасын 
(бӛлігін) 
кӛбейтем. 
Жылжымайтын мүлік туралы бір-екі сӛз.
Мен кӛптеген елдерде, адамдарды инвестиция салуға үйреттім. 
Сонда әр қалаға барғанда: «бұл жерде арзан бағаға жылжымайтын 
мүлікті сатып ала алмайсыз»-дегенді еститінмін.
Іс барысында, керісінше жағдайларды кӛрдім. Тіпті Нью-
Йорктің, Токионың орталықтарында және қала маңдарында 
кӛпшіліктің анғармайтын, тамаша мүмкіндіктерін кӛрдім. Сингапурда 
қазіргі кезеңде жылжымайтын мүлікке баға кӛтерілгенде, жақын 
жерден айтарлықтай ұсыныстар кездестіруге болады. Сондықтан, 
маған бұл жерде олай болмайды деушілерге, одан да «Мұны бізде 
қалай істейтінді білмейміз...әзір» десеңдер дәлірек болар еді,- деп 
жауап беретінмін оларға.
Тамаша мүмкіндіктерді кӛзбен емес, ақылмен кӛреді жұрттың 
кӛпшілігінің бай бола алмаушылықтарының себебі; оларда жеткілікті 
қаржылық білім жоқ, соның салдарынан ӛздерінің мұрындарының 
астында не болып жатқандықтарын кӛрмейді.
Менен: «Неден бастау керек?»-деп жиі сұрайды.
Соңғы тарауда, мен ӛзімнің қаржылық бостандыққа жеткен 10 
кезеңді ұсынам. Бірақ, есіңізде болсын, бұл Сізге қуаныш әкелуі керек. 
Бұл небәрі ойын ғана. Кейде Сіз ұтасыз, кейде қателіктен үйренесіз, 
,бірақ ойыннан қашанда ғанибет алуыңыз қажет. Жұрттың кӛпшілігі 
ұта алмайды, себебі: ұтылудан қорқады. Міне, сондықтан мен бала 
кезімнен, мектепке немқұрайдылықпен қарайтынмын.
Мектепте бізге айтатындары: қателіктер- ол жаман және оны 
жасағанда жазаға бұйыратын. Бірақ, адамдардың оқу механизіміне 
тереңірек үңілсек, онда адамдардың ӛз қателіктерінен оқитынын 
кӛреміз. Біз жүруді, құлау арқылы үйренеміз. Бір ретте құламай, бала 


137 
жүруге үйренбейді. Велосипедке үйрену де солай.
Қаржы мәселелері де осындай. Ӛкінішке орай, кӛпшіліктің бай 
болмауының негізгі себебі: олардың ұтылып қалудан ӛте 
қорқатындықтары. Жеңімпаздар ұтылудан қорықпайды. Ұтылыс ол 
ұту жолының бір бӛлігі. Ұтылыстан қашатын адам, ұтудан да қашады. 
Ақшаға, мен теннис ойыны сияқты қараймын. Тырысып ойнаймын, 
қателесем, түзелем, қайта қателесем, сӛйтіп бірте-бірте дұрыс ойнай 
бастаймын. Егер ұтылып қалсам, қарсыласыма қолымды созып: 
«Келесі сенбіге, -деймін» Инвесторлардың екі түрі бар:
1. Бірінші және кең тараған түрі. Бұл-инвестициялар пакетін 
сатып алушы адамдар.
Олар алдымен сауда нүктелеріне телефон соғады, мысалы: 
Жылжымайтын мүліктер сату компаниясына, брокерге немесе 
қаржыны жоспарлау маманына, содан кейін ғана, ӛзара қор 
акцияларын, жылжымайтын мүліктер акцияларын, жайшылықтағы 
акцияларды немесе облигацияларды сатып алулары мүмкін. Бұлар 
инвестиция салудың қарапайым да және тыныш түрі, яғни бұл сатып 
алушының дүкенге келіп, сӛреден таңдап тұрып, даяр компьютерді 
сатып алғандай секілді.
2. Екінші түрі- бұл инвестицияны құратын инвесторлар. Мұндай 
инвестор, ӛзі мәміле (сделка) жасайды, компьютерді ӛзіне бӛлшектеп 
жинаушы адам тәрізді. Бұл ӛзіңнің жағдайына қарай бейімдеу секілді. 
Мен компьютерді білмеймін, бірақ мен мүмкіншіліктер кӛрінісін 
қалай жинақтауды білемін, не болмаса осыны білетін адамдарды 
білемін.
Екінші түрдегілер, кӛпшілігінде кәсіби инвесторлар. Бай әке, 
маған осылардай болуға кеңес беретін. Мүмкіншіліктерді жинақтауды 
білу маңызды, егер тағдыр Сізге қарсы болмаса, нақ осы жерде үлкен 
ұтыс шоғырланған, әрине сонымен қатар қатал ұтылыста. Кей уақытта 
мүмкіндіктердің бӛліктерінің шоғырлауына кӛп уақыт кетуі ықтимал 
(бірнеше жылдар). Әрі беріден соң мұндай жағдайдың тіптен болмай 
да қалуы мүмкін. Егерде Сіз екінші түрдегі инвестор болғыңыз келсе, 


138 
ӛзіңізді 
мына 
тӛменде 
кӛрсетілген 
үш 
қағиданы 
білуге 
жаттықтыруыңыз қажет. Бұлар қаржылық тапқырлықты толықтыра 
түседі:
1. Біреулердің байқамағанын, табу және кӛру қабілеттілігі. 
Біреудің кӛзімен кӛрмегенін, Сіз ақылмен кӛресіз.
Мысалы, біздің бір досымыз, қарауға да сондай қорқынышты үй 
сатып аллы. Мұндай үйді неге сатып алды екен? -деп бәрі таңданумен 
болды. Алайда, біз кӛрмегенді, ол кӛрген екен. Бұл үйдің жанында 4 
бос учаске бар еді. Оны, ол делдал компаниядан білген еді. Үйді сатып 
алып, оны құлатып орнын тазартып, сӛйтіп 5 учаскені бір құрылыс 
компаниясына, ӛзінің шығындарынан үш есе артық бағаға сатады. Екі 
айғы жұмыс оған 75 мың доллар пайда түсіреді. Бұл кӛп емес, бірақ ең 
тӛменгі жалақыдан әлдеқайда кӛп және соншалықты қиын да емес 
еді.
3. Ақшаны қалай іздеуді білу. Қарызға ақша алу үшін, 
жұртшылықтың кӛпшілігі, қашанда банкіге барады. Банкіден басқа, 
екінші түрдегі инвесторға ақшаны іздеп табуға үйренушіліктің толып 
жатқан мүмкіншіліктері баршылық. Ең басында, мен банкінің 
кӛмегінсіз, үйлерді сатып алуға үйрендім. Әңгіме, үйлерді сатып алуда 
емес, бағасы жоқ тәжірбие жинақтауда еді.
«Банк маған ақша бермейді» немесе «Бұған менде ақша жоқ», -
деген сияқтыларды жұрттың кӛпшілігі жиі айтады. Егерде Сіз екінші 
түрдегі инвестор болғыңыз келсе, онда Сізге кедергілерді жеңуге 
үйренуіңіз қажет, олар адамдарды тойтарып тастайды (мұндай кісілер 
мәміле жасауға бармайды, ӛйткені ақшалары жоқ). Егерде Сіз мұндай 
кедергілерді жеңіп, шеше алсаңыз, онда Сіздің мүкіндігіңіз шапшаң 
қимылдауға кӛмегін тигізеді. Мен солай, банктен бір тиын алмай, 
талай рет үйлер мен акцияларды сатып алдым.
Бір ретте, мен 1 миллион 200 мыңға кӛп пәтерлі үй сатып алдым. 
Сатушы мен сатып алушының жазбаша түрде келісімшартын 
жасадым. Содан кейін 100 мың доллар ақша тауып, оны тӛлеп және 
қалғандарын іздеп, табу үшін 90 күндік мұрсат алдым. Неге мен бұлай 
істедім?


139 
Себебі: мен үйдің 2 миллион тұратындығын білдім. 
Шындығында, мен бұл 100 мың долларды қарызға алғаным жоқ. Мен 
жәй ғана, осы үйді сатып алғысы келген адамды іздеп таптым. Осы 
мәмілені (сделканы) тауып бергенім үшін, 50 мың доллар тӛлеп, ол үй 
сатып алудағы менің кезегіме тұрды, мен ӛз шаруама кеттім.
Осының барлығына 3 күн кетті.
Тағы айтарым: әңгіме, Сіз не сатып алатындығыңызда емес, 
Сіздің не білетіндігіңізде.
Инвестицияда бастысы-сатып алушылық емес, қажетті білім.
3. Ақылды адамдардың кеңестерін пайдалана білу. Ақылды 
адамдар -бұлар ӛздерінен де ақылды адамдармен жұмыс істеушілер. 
Сізге кеңес қажет болғанда, даналықпен кеңесшіні таңдай біліңіз. Кӛп 
дүниеге үйрену қажет, бірақ мүмкін Сізді, болмаған сый күтіп тұрған 
шығар.
Егерде Сіз бұларға үйренгіңіз келмесе, онда Сізге бірінші түрдегі 
инвестор болуға кеңес беремін. Сіздің нені білетіндігіңіз үлкен 
байлық, ал Сіздің нені білмейтіндігініз-ол үлкен қатер. Қатер қашанда 
бар, одан қашпау керек, керісінше оны билеуге үйрену керек.


140 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет