1 – параграф. Технологиялық процестерді жүргізу
73. Жұмыс орындары ҚНжЕ 12.2.061-81 ЖҚСЖ. Өндірістік жабдықтар талаптарына сәйкес болады.
74. Технологиялық процестерді жобалау, ұйымдастыру мен жүргізу ҚНжЕ 12.3.002-75 ЖҚСЖ. Өндірістік үдерістер талаптарына сәйкес болады.
75. Технологиялық процестер технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
76. Балқыту агрегаттарының жұмыс алаңдары және балқыған металл мен шлактар түсуі мүмкін жерлерде, сондай-ақ конвертерлер шұңқырларының, штейнді және шлакты шұңқырлардың маңында ылғалдануға жол берілмейді.
77. Салқындату агрегаттарынан су аққан жағдайда балқыту агрегаттарын пайдалауға жол берілмейді.
78. Тозу мөлшерiн анықтау үшiн, тотығуға әкеп соғатын жағдайда жұмыс iстейтiн сыйымдық технологиялық аппаратура мен құбырлардың жай-күйiн, олардың қабырға қалыңдығын жөндеу кезiнде үнемi қарау жолымен бақылау жасау технологиялық регламентке сәйкес жүргiзіледі.
79. Жарылыс өрт қаупi бар және зиянды булары, газы және шаңы бар жұмыстар үшiн арналған технологиялық аппаратура жабдықтары мен құбырлар саңылаусыз (ауа өткiзбейтiн) болады, ал зиянды бөлiнулер болатын жердi толық саңылаусыз ету мүмкiндiгi болмаған күнде, жергiлiктi сорғыштармен жабдықталады. Ауа өткiзбейтiн жабдықтар жүйелi түрде тексерiлiп тұрады. Саңылау пайда болса бiрден жойылады.
80. Iстегi технологиялық жабдықтарда тәжiрибе құрылғысын ұйымдастыруға және тәжiрибе жұмыстарын жүргiзуге жобамен ғана рұқсат берiледi.
2 – параграф. Басқару орындары, тетіктері және панельдерi
81. Басқару пульттерiнiң жобаға сәйкес байланыс құралдары болады.
82. Агрегаттардың жанында тiкелей қарастырылған күзет орындары, пульттер және басқару панельдерi қызмет көрсетуге ыңғайлы және қауiпсiз, жақсы көрiнетін сектормен, қызмет көрсетiлетiн агрегаттың және оған iргелес телiмдердiң анық көрiну жерлерiнде орналастырылады.
83. Ыстық температура аймағында орналасқан күзет орындары, пульттер және басқару панельдерi жылу сәулелерiнiң әсерiнен қорғалады. Терезелер жылуды шағылыстыратын бүркенiштерi бар арнайы шынылармен шыныланады.
84. Пульттер мен басқару күзет орындарының жайларында өрт сөндiру құралдары болып көмiртегi қышқылы мен ұнтақталған от сөндiргiштер пайдаланылады.
85. Күзет орындарының, пульттер және басқару панельдерiнiң технологиялық процестердi жүргiзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету аспаптары, сондай-ақ қызмет көрсету агрегаттарын iске қосу және тоқтату туралы және олардың қалыпты тәртiпте жұмыс iстемеу жағдайлары туралы хабарлау үшiн жарық дыбыс дабыл қаққыштары болады.
86. Өндiрiстiк жабдықтарды басқару ұйымы ҚНжЕ 12.4.040-78 ЖҚСЖ. Өндірістік жабдықтарды басқару символдары талаптарына сәйкес болады.
Отырып iстеу жұмыстарын орындау жағдайында жұмыс орындарына эргономикалық талаптар ҚНжЕ 12.2.032-78 ЖҚСЖ. Жұмыстар отырып орындалатын жағдайдағы жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптар, тұрып iстеу жағдайында ҚНжЕ 12.2.033-78 ЖҚСЖ. Жұмыстар тұрып орындалатын жағдайдағы жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптарға сәйкес болады.
87. Сыйыспайтын операцияларға қызмет көрсету үшiн басқару механизмдерi олардың бiр уақытта қосылу мүмкiндiгiн болдырмайтындай болып жасалады. Басқару рычагтары мен тұтқаларының өзiнен-өзi қосылуын немесе байқамай қосылуын болдырмау қажет.
88. Екi бiрдей операцияның қолмен және педальмен басқару жүйелерi болған күнде, екеуiнiң де басқару жүйесiнiң бiр уақытта қосылу мүмкiндiгiн болдырмайтын, бөлiп тастау қатынасы /блокировка/ қарастырылады.
3 – параграф. Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру құралдары. Өндiрiстiк дабылдама және байланыс.
Бұғаттау қондырғылары
89. Басқару щиттерiнде, пульттерiнде және панелдерiнде орналасқан басқару схемаларының, дабыл қаққыштар мен бақылап өлшеу аспаптарының, оларда кернеу бар екендiгi туралы дабыл қаққыштары болады.
90. Агрегаттары мен алыстан басқару аппараттары агрегат орнатылған жерде және басқару щитiнде технологиялық параметр көрсеткiштерi бар бақылап өлшеу аспаптарымен жабдықталады, ал алыстан басқару аппараттары аппарат жағдайы (қосылған-ажыратылған) жарық дабылқаққышымен жабдықталады.
Бақылап өлшеу аспаптары қадағалау және реттеу үшiн ыңғайлы және қауiпсiз жерлерде орнатылады.
91. Iстен шыққан немесе тексеру мерзiмi өткен бақылап өлшеу аспаптарын пайдалануға жол берiлмейдi.
92. Өлшеу құралдарын тексеру жүргiзу тәртiбi мен ұйымдастыру, ревизия және сараптама жасау ҚНжЕ 8.002-86 Өлшеу бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдарын тексеру, ревизиялау және сараптама жасау тәртібі және ұйымдастыру талаптарына сәйкес болады.
93. Электр аспаптары және щиттер құрылымға сәйкес жерге қосылады.
94. Бақылап өлшеу аспаптары жарық түсу нормаларына сәйкес жарықтандырылады.
95. Аспаптар мен автоматизациялау құралдары үшiн қысымды ауа және азот желiлерi 1 сағаттан кем емес уақыт бойында олардың жұмысы үшiн қысымды ауа және азот запастарын қамтамасыз ететiн буферлiк ыдысы болады.
Бұл талаптар, компрессорлары ауа қысымымен немесе ресивердегi газ бойынша автоматты түрде iске қосылатын қондырғыларға жатпайды.
96. Аспаптар мен автоматизация құралдары үшiн құрғатылған сығылған ауаны немесе азотты пайдаланған кезде бұл қондырғылардың құбырларынан ауа немесе азот желiлерiн ажырату буферлiк ыдыстың алдында орнатылған терiс клапанмен немесе басқа автоматтандырылған құрылғымен жүргiзiледі.
Бақылап өлшеу аспаптары мен автоматизация құралдарына сығылған ауаның келу бағыттары металл құбырларынан жасалады.
97. Өзара байланысты учаскелер және агрегаттар арасында дауыс зорайтқыш және телефондық байланыс орнатылады. Кейбiр жағдайларда қауiп туралы ескертулер үшiн дыбыстық және жарық дабыл қаққыштар қатар қолданылады. Шу деңгейi көтерiңкi жерлерде тек өшiп-жанатын немесе бағытталған жарық сигналдары қолданылады.
98. Жұмыстары автоматтық, реттеу және қолдан реттеу тәртiбiнде ескерiлген агрегаттар, олардың осы жұмыс тәртiбiне қосылғаны туралы дабыл қаққыштар қарастырылады.
99. Байланыс және дабыл қаққыш құралдары қызметкерлердің барынша көп көру және есту аймақтарында орналастырылады, сондай-ақ қызмет көрсету үшiн оңай жетуге және қауiпсiз болуы қажет.
100. Дабылдардың мағынасы және оларды берген кезде қызмет көрсететiн қызметкерлердің тәртiп ережесi, сондай-ақ дабыл беруге құқығы бар тұлғалардың тiзiмi технологиялық регламентте көрсетiледі.
101. Агрегаттарды, негiзгi технологиялық жабдықтарды, рельстiк және рельссiз көлiк пен механизмдердiң барлық түрлерiн дабылдық құрылғылар бұзылған жағдайда пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
102. Аспаптарға, автоматизациялық құралдарға, дабыл қаққышқа, алыстан басқаруға және қорғау блокировкасының құрылғыларына, олардың дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұрақты қадағалау қойылады.
103. Аспаптар мен автоматизация құралдарын реттеудi, жөндеудi тек бақылау-жөндеу аспаптары және автоматтандыру құралдары қызметiнiң (бадан әрі - БЖАжАҚ) жұмысшылары жүргiзеді.
4 – параграф. Аспирация
104. Аспирациялық қондырғылар, қауiптi және зиянды заттарды, бұл заттардың өндiрiстiк жайлардың жұмыс аумағының ауасында ҚНжЕ 12.1.005-88 ЖҚСЖ. Жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптары, белгiлеген шектік рауалы концентрациясынан (бұдан әрі - ШРК) аспайды, олардың шығатын жерлерiнен алыстатуды қамтамасыз етеді.
105. Өндiрiстiк жайларда ауаның қауiптi және зиянды заттармен ластану көздерi болып табылатын транспорт құралдары мен жабдықтарды аспирациялық құрылғысыз пайдалануға тыйым салынады.
106. Аспирациялық қондырғылар технологиялық жабдықтарды iске қосудан бұрын жүргiзiлуге, ал ол тоқтаған соң ауада ең ақырғы мүмкiн концентрациясынан ШРК асатын қауiптi және зиянды заттардың шоғырлану мүмкiндiгiн болдырмайтын уақыт өткен соң тоқтайды.
107. Аспирациялық қондырғылар мен технологиялық жабдықтардың блокировкалары болған кезде тiкелей аспирациялық жабдықта қосымша iске қосу құрылғылары ескерiледі.
108. Егер жергiлiктi тарту желдеткiштiң жұмысын тоқтатқан жағдайда өндiрiстiк жабдықтарды (процесстердi) тоқтату мүмкiн болмаса немесе, егер жабдықты (процесстi) тоқтатқан кезде зиянды заттардың жұмыс аймағына ең ақырғы мүмкiн концентрациясынан ШРК-дан асып кететiн санында шығуы тоқтамай жатса, жергiлiктi сорғыштар үшiн, олардың автоматтандырылған ауыстырып қосуымен резервтiк вентиляторлар ескерiледі.
109. Аспирациялық жүйелер ауа өткiзбейтiн болады. Жергiлiктi сорғыш жүйелерiнiң конструкциялары жабдық жұмысын бақылайды және оны жөндеудi қиындатпайды. Аспирациялық жүйелердiң герметикалық жағдайы үнемi тексерiлiп тұрады, ал табылған ақаулар дереу жойылады.
110. Аспирациялық жүйелермен алыстатылатын қауiптi және зиянды заттары бар ауа, атмосфераға шығарудан бұрын, өнеркәсiп кәсiпорындарын жобалау санитарлық норма талаптарына сәйкес, тазалауға жатады.
111. Жарылыс-өрт қаупi бар өндiрiстерде аспирацияға жататын ауа (газ), технологиялық регламентке сәйкес құрамында жарылыс өрт қаупi бар заттарға тексерiледі. Бұндай заттардың шоғырылуы от алғыштықтың шоғырылу шегiнен төмен 50 % аспайды.
Жергiлiктi сорғыш жүйелерiнде жарылыс өрт қаупi бар заттардың шоғырлануын бақылау, ұйымның техникалық басшысымен бекiтiлген кесте бойынша жүргiзiледі.
112. Жарылыс өрт қаупi бар заттардың шоғырлануы, шаң тозаңнан тазаланатын ауада жарылыс өрт қаупi бар заттардың құрамы барынша көп жағдайда технологиялық жабдықтардың толық жұмыс жағдайында анықталады.
113. Шаң ұстайтын аппараттар мен коллекторлардан шаңды аластау үзiлiссiз немесе оқтын-оқтын техникалық басшымен бекiтiлген кесте бойынша жүргiзiледі.
Аспирациялық жүйелерде жарылыс өрт қаупi бар немесе өрт қаупi бар шаңның жиналуына мүмкiндiк берiлмейдi.
114. Құрамында шаңы бар, ауа (газ) жүретiн аспирациялық жүйе құбырлары жүйелi түрде тексерiлуге және оған қонған шаң техникалық басшысымен бекiтiлген кесте бойынша тазаланады.
115. Жарылыс-өрт қаупi бар және өрт қаупi бар шаңдардан ауаны тазарту үшiн шаң тұратын камераларды пайдалануға рұқсат берiлмейдi.
116. Шаңдардан және шихтаның басқа компоненттерiнен ауаны (газдарды) ылғалмен тазалау пайдаланылған кезде аппараттар мен шлам (ұнтақталған тау жынысы) құбырларында қиын жуылатын шөгiндiлердi болдырмау немесе кетiру шаралары болуы қажет.
117. Жарылыс өрт қаупi бар өндiрiстердiң аспирациялық жүйелерi, ылғалды тазалау аппараттары және осы жүйелермен қызмет көрсетiлетiн технологиялық жабдықтар дереу тоқтатылады. Олардың тоқтатылып қосылуы нұсқау талаптарына сәйкес жүргiзiледі.
118. Аспирациялық жүйелердiң тиiмдiлiгiн тексеру осы Талапқа сәйкес жүргiзiледі.
5 – параграф. Қоршаулар
119. Қызмет қажеттілігіне орай қоршауға болмайтын бөліктерден басқа еден деңгейінен 2,5 м дейін (қоса есептегенде) биіктікте орналасқан немесе жұмыс алаңдарында жүріп байқаусызда жанасып кету қаупі бар жабдықтардың қозғалыстағы барлық ашық тұстары қоршалады. Қоршау тұтас немесе көздері 20х20мм тор түрінде болады.
Машиналардың атқарушы органдары адамдардың өміріне қауіп төндіретіндей немесе қоршалмаған болса, машинаның жұмысқа қосылғанынан хабар беретін дабыл және тоқтату құралдары мен энергия көзінен ажыратқыш қарастырылады.
Жоғарыда көрсетілгендей жабдықтардың ішіне орналаспаған жүк теңестіргіштер қоршалады немесе адамдарды қауіпті аймақтан бөліп тұратын бағыттаушы қондырғылардың (құдықтар, трубалар, шахталар) ішіне орналастырылады.
Орналасу биіктігі мен айналу жылдамдығынан тыс тісті, белдікті және шынжырлы берілістер толықтай қоршалады. Қоршаулар алынатындай, берік және тот пен механикалық әсерлерге берілметіндей болады.
Агрегаттардың қиын жерлерге орналасқан қозғалыс үстіндегі бөліктерін жабылатын қондырғы арқылы жалпы қоршаумен қоршауға рұқсат етіледі.
120. Қозғалыс үстіндегі жабдықтардың элементтерінен бөліп тұратын алынып тасталатын қоршаулар, сондай-ақ қоршауларға жасалған есіктердің жабдықтардың жұмысын қоршаулардың қорғаныш жағдайында ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қосу қондырғылары бар автоматты ажыратқышы болады.
Әрбір цехта техникалық жетекші тарапынан жасалып бекітілген алынып тасталатын қоршауларында жоғарыда айтылған ажыратқышы бар жабдықтар элементтерінің тізімі болады. Жаңадан салынған немесе қайта жарақтандырылған нысандарда бұл ажыратқыштар жобада қаралады.
121. Қоршау аталған жабдықтың құрамдас элементі ретінде жобаға сай болады. Қоршауы ақаулы немесе мүлдем жоқ жабдықтар мен мехнизмдердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.
122. Қоршаулардың дұрыстығы ай сайын арнайы журналға тіркеле отырып тексеруден өтеді. Табылған ақаулар қолма-қол жөнделеді.
123. Жабдықтар жұмыс істеп тұрған кезде қозғалатын бөліктер мен қоршауларды жөндеу, қолмен тазалау және бекітуге тыйым салынады.
124. Жабдықтарды жөндеу үшін қоршауларды алып тастауға тек механизм толық тоқтаған кезде ғана рұқсат етіледі. Жөндеу, қарау және тазарту ждұмыстарынан кейін механизмдерді қосу қоршаулар орнына қойылып, барлық бөліктері қатайтылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі:
1) механизмдердің жылжитын бөліктерінен 35 см артық қашықтықта орнатылған қоршаулар жақтау түрінде, ал 35 см жақын қашықтықта металл қасбетті тегіс немесе торлы қоршау орнатылады;
2) жақтаулы қоршау биіктігі жылжитын бөліктер мен механизмдердің 1,25 м кем емес өлшемімен анықталады. Қоршаудың төменгі белдігінің биіктігі 15 см, ал қалған белдіктер арасындағы аралық 40 см артық емес, ал аралас бағандар діңдері арасындағы қашықтық 2,5 м артық емес;
3) жылжитын элементтердің торлы қоршау биіктігі кемінде 1,8 м. 1,8 м биіктіктен төмен механизмдер толық қоршалады. Тор ұяшықтарының өлшемі 30×30 мм артық емес, сым диаметрі 2 мм кем емес;
4) станоктар мен машиналардың жылжымалы бөліктерінің шығыңқы бөлшектері (сонымен қатар иін ) және айналатын қосылыстар айналудың барлық қабықтары бойына қапталады.
6 – параграф. Алаңдар мен баспалдақтар
125. Өндірістік үй-жайларда:
1) ені 2,0 м кем емес басқару щиттеріне (тұрақты жұмыс орындар болған кезде) қызмет көрсету бойынша алаңдар;
2) ені 1,0 м кем емес жабдыққа тұрақты қызмет көрсетуге арналған алаңдар және ені 0,8 м кем емес жабдыққа кезеңді қызмет көрсетуге арналған алаңдар; жабдыққа барлық жағынан қызмет көрсету қажеттілігі кезінде оның айналасындағы алаң ені сәйкесінше 1,0 және 0,8 м болуы тиіс;
3) жөндеуі осы үй-жайда орындалатын жабдықты монтаждау мен қайта монтаждауға арналған алаң монтаждалатын және қайта монтаждалатын жабдықты орналастыруға жеткілікті өлшемдерімен, оған жөндеу жүргізу және және жұмыстық өтулерді, негізгі және қосалқы шығатын жерлер мен баспалдақ алаңдарын үйіп тастамай қажетті материалдарды, жабдықтарды аспаптарды орналастыру қарастырылады.
126. Жоғары температура аймақтарындағы алаңдар жылумен оқшауландырылады:
Ғимарат колонналары мен басқа да құрылыс конструкциялары ерітілен өніммен жанасуы мүмкін орындарда отқа төзімді қорғаныстар болады.
127. Еденнен (жерден) 2,0 м және одан да биікте орналасқан тұйық, реттеуші және басқа арматураларды, сондай-ақ жылу мен желдету қондырғыларында қызмет жасау үшін стационарлық алаңқайлар мен оларға апаратын баспалдақтар жасалады.
Егер жобада арматураларды қашықтан басқару қарастырылған болса, стационарлық алаңқайлар жасаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда арматураны қарау мен жөндеу үшін телескопиялық мұнаралармен жабдықталған арнайы машиналар, жылжымалы алаңдар, аспалы бесіктер қарастырылады.
128. Еденнен 0,6 м немесе одан биік жерге орналасқан алаңқайлар, ауыспалы көпірлер, баспалдақтар төмен жағында тұтас кенересінің биіктігі 0,14 м, биіктігі 1,0 м кем емес жақтаулармен қоршалады.
Өндірістік ғимараттардағы шұңқырлардың айналасы, зумпфтар, қақпақтар, құдықтар, қашыртқы арықтар, төбедегі тесіктер жұмыс шарты бойынша ашық болса, қоршаулармен қоршалады немесе еденмен бетпе-бет жататын жапқышпен жоғары жағынан тұтас жабылады.
129. Баспалдақтар мен алаңқайлар құрылысы ҚНжЕ 23120-78 Марштық баспалдақтар, алаңдар және болат қоршаулар. Техникалық шарттар талаптарына сай болады.
Қызмет көрсететін және өтетін алаңқайлардың, сондай-ақ көпірлер мен баспалдақ сатыларының төсеніш құрылғысы жүрген адам таймайтындай болады.
130. Ғимараттан тыс орналасқан өтетін алаңқайлар, көпірлер мен баспалдақтар қыс айларында мұздан тазартылады, ал тайғанақ кездері құм мен майда шлак төселеді.
131. Шұңқырлар мен құдықтарға түсу үшін бір-бірінен 0,3 м биіктікте орналасқан тік баспалдақтар немесе қадалар қойылады.
132. Ыдыс (резервуар) төбесінен ыдысқа апаратын баспалдақтың әр жағына қарай ең кемі 1,8 м қашықтықта ең кемі 1,0 м сүйеніш жасалады. Төбенің қоршалған алаңқайында сұйық көлемін өлшейтін люк, өлшеу құралы мен арматура орналастырылады. Егер арматура, сондай-ақ тыныс алу мен сақтандыру клапандары төбенің әр бөлек учаскесінде орналасқан болса, оларға қоршаулы алаңқайлар арқылы бару керек. Тікелей ыдыстың төбесіне шығып тұруға тыйым салынады.
133. Жабдыққа қызмет көрсету алаңдары, баспалдақтар, көлденең көпірлер ақаусыз жұмыс істеп, дер кезінде жөнделіп отырылады:
1) сатылы баспалдақтар 60 0, резервуарлар үшін 50 0 артық болмайтын еңістікпен орнатылады. Жылжу үшін баспалдақ ені 65 см кем емес, жүк таысмаладу үшін 1 м кем емес. Сатылар арасындағы қашықтық биіктігі бойынша 25 см, саты ені 23 см, ішкі еңісі 2-5 0, жақтаулы қоршауы кемінде 15 см болады. Егер адырна саты еніне тең немесе артық болса жақтаулы қоршау талап етілмейді.
Сатылы баспалдақтарға орташа жұқа тақтайлы биіктігі 1 м кем болмайтын екі жақты қоршау орнатылады. Бағана арасындағы қашықтық 2 м артық емес. Қоршау адырна баспалдақпен, өту алаңының бағанымен қосылады.
Баспалдақ сатысы арасына ені 65 см өту алаңдары орнатылады, өту алаңдарының едендері беті кедір бұдырлы болат табақтардан жасалған тегіс немесе қалыңдығы 40 мм кем емес тақтайлардан болады. Алаңдарда биіктігі 1,25 м қоршаулар және биіктігі 15 см кем емес жақтау орнатылады, сұйықтың жиналуына арналған төсемі бар саңылау 1 см артық емес;
2) тоннель баспалдақтарының ені кемінде 60 см; еңіс бұрышы 800-90 0; сақтандырғшы доғалар радиусы 35-40 см, бір бірінен қашықтығы 70-80 см, алаңдар мен баспалдақтар кемінде үш ұзын жолақпен бекітілген. Баспалдақ биіктігі бойынша 6 м артық емес қашықтықта өту алаңдары орнатылады.тоннель типті баспалдақтар сатылары мен тасымалды басқыш арасындағы қашықтық кемінде 35 см;
3) тасымалды басқыштардың ені кемінде 60 см, еңіс бұрышы 60 0 – 80 және екі жағынан кемінде 25 см биіктікте жақтау (ұстағыш);
4) жарылыс өрт қауіпті объектілер үшін ағаш төсемдерді пайдалануға жол берілмейді.
Толық тоқтатылған жабдықтар мен аппараттарды жөндеу кезінде қалыңдығы 40 мм кем болмайтын тақтайдан жасалған уақытша ағаш төсемдерді пайдалануға рұсқат беріледі.
7 – параграф. Шикіқұрам мен концентраттарды күйдіру
134. Материалдар күйдіретін пештің сырт қорабы, олардың газөткізгіштері, қоймалау қазандықтары мен басқа да құрал-жабдықтар конструкциясы, сондай-ақ сырт қораптың жабдықпен жалғасатын тұсы толықтай ауа өткізбейтін болады.
135. Газ бен шаң жұмыс аумағының ауасына тарауы мүмкін болған жағдайда, күйдірілген материалдарды пешке тиеу және түсіру желілері технологиялық жабдықпен тұйықталып, қосымша салынған жасырынатын орындар және аспирациямен жабдықталады.
136. Жұмысшы және бақылау терезелері, сондай-ақ пештің басқа да тесіктері есікшелермен (қақпақтармен) тығыздалып жабылады немесе жылуға төзімді материалдармен бітеледі.
Бақылау-қақпақтарының конструкциясы олардың өз бетімен ашылуына, осылайша ыстық газ бен шаң шығаруына жол берілмейді.
137. Пешті қыздыруға пайдаланылатын тұтандырғыш пен от бүріккіштің құрылысы пешті іске қосқаннан кейін оларды пеш жанынан тез де қауіпсіз түрде алып кетуді қамтамасыз етеді.
138. Егер қаптаудан кейін материалдарды күйдіру пешіндегі қайнаған қабат газ өтетін терезенің жоғарғы шетінен өтетін, свод пен көлденең жазықтық арқылы пайда болған кеңістік пеш көлемінің 10 %-нан асса, төбеде жарылыс клапандары орнатылады.
139. Материалдарды пешке беретін қондырғының құрылысы автоматты түрде реттеліп есептелген үздіксіз немесе дембіл-дембіл берілуді қамтамасыз етеді.
140. Күйдірілген материалдарды бункерден шығару механикаландырылады.
141. Күйдірілген материал мен шаңды, сондай-ақ жабық орлар мен газөткізгіштерді шығару үшін жасалған тесікті тазалау механикаландырылады. Тесік бітеліп қалған жағдайда төменнен жабуға тыйым салынады.
142. Түсірілген күйдірілген материалдарды тасымалдау мен оны салқындату шаң мен газ бөлінуіне жол бермейтін қондырғыларда жүргізіледі.
143. Пештен газ өткізгіштен салқындату аппараты мен аппараттың өзіне дейінгі учаскенің құрылысы шаңның отыруын және жабық ор мен газ өткізгішті қарап шығу мен тазалау үшін қажетті терезе мен алаңқайдың болуы қарастырылады.
144. Шаң жинағыштар шаң түсіру кезінде ауа кетпеуін қамтамасыз ететін қапсырма немесе басқа қондырғылармен жабдықталады.
145. Басқару жүйесі пеш жұмысын қолмен де, автоматты түрде де қамтамасыз етеді.
Көрсеткіштері бойынша пеш жұмысы автоматты немесе қолмен басқаруды қамтамасыз ететін бақылау-өлшеу аспаптары жеке бөлмеге орналасқан жалпы басқару нүктесіне шығарылады.
146. Пешті басқару жүйесінде пештің апатты тоқтатылуын ескертетін жарық және дыбыс дабылы және жабдықтар немесе күкірқышқылы цехының жылдамдатқыштары тоқтап қалған кезде пештің жұмысын тоқтатып тастайтын тежегіштер қарастырылады.
147. Пештерден газ сору үшін кезектен тыс эксгаустер қарастырылады.
148. Пеш таңдайларын, тиеу-түсіру тораптарын, көмейлерін, газ жолдары мен шаң тұту құрылғыларын, сондай-ақ оларды жарықтандыру үшін жөндеу кезінде кернеуі 12 В болатын тасымал шамдарды қосуға арналған қосқыштары бар электр желісі қарастырылады.
149. Материалдарды күйдіру пештерін іске қосу мен ажырату технологиялық регламентке сәйкес атқарылады.
150. Кернеу технологиялық регламентте көрсетілген көлемнен төмендеу кезінде пештерді пайдалануға тыйым салынады.
151. Өндірістік жайларда пештерді жағуға арналған мазут қорын тәуліктік қажеттіліктен көп сақтауға болмайды. Аталған мақсаттарға арналған мазутты сақтау орны өрт күзетімен келісіледі.
8 – параграф. Заводіші көлігі
Конвейерлік көлік
152. Конвейерлі көліктің құрылғысы мен орналасуы ҚНжЕ 12.2.022-80 ЖҚСЖ. Конвейерлер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес болады.
153. Конвейерлерді жұмысқа қосу осы Талаптың 47 тармағының талаптарын сақтай отырып атқарылады.
154. Конвейер жұмыс істеп тұрған кезде оны жөндеуге немесе әлдебір тетіктерін тазалауға, сондай-ақ оның таспасын қолмен демеп жіберуге және оған шығуға рұқсат етілмейді.
155. Шаң-тозаңды, шаң және бу мен газ бөлінетін материалдарды тасымалдайтын конвейерлер шығарылатын заттардың түріне қарай шаң сорғыш жүйелермен, желдеткіштермен немесе сору құралдарымен жабдықталады.
Таспалы және пластинкалы конвейерлер
156. 60 алты және одан да көп градусты ылдилы қысаң дәлізде орналасқан конвейердің жұмыс істеп тұрған тарамының алды кіреберіс есік жақтан қоршалады. Ылди бұрышы 6-120 болғанда конвейердің бойымен көлденең кедергілері бар төсеніш жол, ал 120-тан көп болғанда - баспалдақтар салынады.
157. Конвейердің еден деңгейінен 0,7 м және одан да жоғары орналасқан жұмыс істемейтін тарамы болғанда оның астынан адам өтпейтіндей етіліп екі жағынан да қоршалады.
Ұзындығы 20,0 м-ден астам конвейерлерлер үстінен шағын көпіршелер, ал астынан өтетін жолдар болады.
158. Конвейерлердегі жетекті, тарту және көмекші барабандар, тарту қондырғылары, арқандар мен блоктар, муфталар, тағы да басқа тетіктер жабық болады.
159. Тартқыш қондырғылардың жүктері де жабық болады. Конвейер жұмыс істеп тұрған кезде қоршалған аймаққа кіруге болмайды.
160. Конвейер құрылғысында ауық-ауық тексеріліп тұратын элементтердің, блоктардың және конвейерді бақылау қондырғыларының, сондай-ақ реттеу, үйкеліске көп түсетін бөліктерін майлау, т.б. тораптары қоршаусыз-ақ ашық болады.
161. Диаметрі 1,0 м және кемінде 1,5 м барабандар үшін таспалардың барабандарға оратылатын бөліктері конвейердің бойымен барабан кіндігінен кем дегенде 1,0 м қашықтықта қоршалады.
Жетекті барабандар тұтас металл қаңылтырмен қоршалады, ал тарту барабандарын ұясын 20х20 мм-лік тормен де қоршауға болады.
162. Тарту қондырғылары мен іске қосу механизмдері барабандарының қоршауларында қоршауы алынған конвейердің өздігінен іске қосылып кетуінен сақтайтын шығыр болады.
163. 60 алты және одан көп ылдилы таспалы конвейерлер таспасының кері айналып кетуін болдырмау үшін олар автоматты тежеу қондырғыларымен жабдықталады.
164. Таспалы конвейерлер мыналармен жабдықталады:
1) таспаның барабандар мен роликті тіреулер ернеуінен шығып кетпеуін болдырмайтын бағыттағыш қондырғылармен;
2) таспа үзіліп кеткенде немесе бір орнында айналып қалғанда конвейерді ажыратқыш қондырғылармен;
3) апатты жағдайда конвейерді кез келген жерден тоқтата қоюға мүмкіндік беретін қондырғылармен, сондай-ақ одан басқа конвейердің басы мен аяққы бөлігінде ажыратқыш түймелермен;
4) таспалар мен барабандарды жабысқыш материалдардан механикалық жолмен тазарту қондырғыларымен; ондай қондырғылармен реттеу органдары қауіпсіз жерде орналасады.
165. Бірнеше сабақтас немесе бір технологиялық желімен байланысқан конвейерлер бір уақытта жұмыс істеген жағдайда олардың электр двигательдері жабық болады.
Мұндай жағдайда:
1) конвейерлер мен жабдықтарды іске қосу мен тоқтату технологиялық регламентте көрсетілген тәртіппен атқарылады;
2) конвейерлер мен жабдықтар күтпеген жерде тоқтап қалғанда әуелгі конвейерлер мен жабдықтар автоматты түрде ажыратылады, ал келесілері тасымалданушы материалдар олардан әбден түсіп біткенше жұмыс істей береді;
3) конвейерлер мен жабдықтарды басқару пультінен іске қосып жіберуді болдырмайтын жергілікті шығыр орнатылады.
166. Таспалы конвейерлерлерден төгілген материалды жұмыс кезінде тазалау механикаландырылады; материалды қолмен тазалауға тек конвейер тоқтағаннан кейін және биркалық жүйе талаптарын сақтай отырып ғана рұқсат етіледі, мұндай жағдайда конвейердің іске қосу аппаратурасы тазалау және басқа да жұмыстар кезінде іске қосылып кетуін болдырмайтын қондырғымен жарақтандырылады.
167. Таспаның бір орында айналып қалуын болдырмау үшін жетекті барабанға канифоль немесе басқа да материалдарды себуге болмайды. Таспаның бос айналуы оны тарту арқылы реттеледі.
168. Жоғары температуралы материалдарды тасымалдаушы конвейерлер қызмет көрсетуші адамдарды ыстықтан қорғайтын қорғаныс құралдарымен жабдықталады.
тасымалдаушы конвейерлердің шашырауы мүмкін жерлері былғары қаппен немесе қалқаншамен жабылады.
169. Жылжымалы (реверсивті) конвейерлердің жұмыс аймағы олардың ені мен ұзына бойына еден деңгейінен 1,2 м биіктікте тұтас немесе торлы қоршаумен қоршалады. Қоршаудың адамдар кіріп-шығатын есіктері болады. Есіктердің конвейер тетігімен байланысқан шығыры болады.
Жылжымалы конвейерлердің бас-аяғында ажыратқыштар және екі жаққа да жылжып тұруды қамтамасыз ететін орнықты тірегі болады.
170. Жылжымалы тиеу және түсіру қондырғылары бар конвейерлердің жолдарында тиеу-түсіру қондырғыларының жүрісін тежеп отыратын бас-аяққы ажыратқыштар мен тіректер болады.
Автоматты түрде түсіргіш арбалар мен жылжымалы конвейерлердің электр двигательдеріне электр қуаты аспалы шлангалы сымның көмегімен жүзеге асырылады. Ондай двигательдерге электр қуатын троллейлі сымдар арқылы беруге де рұқсат етіледі, тек олардың аспалы биіктігі электр қондырғылары талаптарына сай болады.
171. Жылжымалы түсіру арбалары мен жылжымалы конвейерлердің электр двигательдеріне қуат беретін электр сымдары пайдалануға сенімді және өтер жолда кедергі жасамайтындай болады. Сымдар ыстықтың әсері мен механикалық зақымдардан қорғалған болады.
172. Түсіру арбалары өздігінен қозғалып кетуден сақтайтын қондырғылармен жабдықталған болады.
173. Түсіру арбалары мен жылжымалы конвейерлердің және қуат көздерінің рельсті жолдары мен жүру доңғалақтарының құрылысы мен жай-күйі олардың рельстен шығып кетуіне жол бермейтіндей жағдайда болады. Жүкті өздігінен түсіретін арбалар мен жылжымалы конвейерлердің және қуат көздерінің доңғалақтары қалқаншалармен жабылады. Қалқанша мен рельстің арақашықтығы 10 мм-ден аспайды.
174. Ылдилы қатпарлы конвейерлердің жетектері шынжыр үзіліп кеткен жағдайда механизмнің кері қарай шегініп кетуін болдырмайтындай автоматты тежегіш құрылғысымен жабдықталады.
Шынжырлы конвейерлердің ылдилы жерлері шынжыр үзіліп кеткен жағдайда оны ұстап қалатын жарақпен жабдықталады.
Шнекті конвейерлер
175. Шнекті конвейерлердің науалары алуға және қайтадан орнатуға ыңғайлы болатындай етіліп тұтқасы бар әрі тығыз жабылатын алмалы-салмалы металл қақпақтармен жабылады. Саңылауларды жауып тұратын сұқпа жапқыштар қауіпсіз және реттеуге мүмкіндік беретін жерлерде орналады. Конвейер жұмыс істеп тұрған кезде науаның қақпағын алуға, оның үстіне шығуға, сондай-ақ тасымалданушы және түсірілуші ағындарды тазалауға рұқсат етілмейді.
176. Шнекті конвейерлердің қаптама қақпақтары шнектер айналып тұрған кезде олардың бетін ашуға болмайтындай шығырмен жабдықталады.
177. Шнек жұмыс істеп тұрған кезде тасымалданушы материал сынамасын алу үшін автоматты сынама алғыштар қарастырылады. Сынаманы қолмен алуға тек конвейер тоқтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Ожаулы элеваторлар
178. Ожаулардың немесе тарқыш шынжырлардың (таспалардың) жағдайын қадағалау үшін элеватордың қаптама қақпақтарында арақашықтығы 4,0 м-ден аспайтын, алмалы-салмалы тығыз жабылатын және қолдануға оңай байқау терезелері болады.
179. Элеватор қақпақ ашық кезде жұмысқа қосылып кетпеу үшін байқау терезелерінің қақпақтарының элеватор жетегімен бірге автоматты шығыры болады.
180. Элеватордың қаптамалары жоғары жағынан шайқалмайтындай етіліп төбеге бекітіледі.
181. Элеваторды қамту алаңы мен төбеге немесе ғимарат шатырына дейінгі аралық 1,8 м-ден кем болмайды.
182. Элеватор тиянақтары маңындағы тарту құрылғыларын реттеу үшін үш жағынан кемінде 1,0 м, ал төртінші жағынан кемінде 0,8 м-лік жұмыс алаңы қарастырылады.
Элеватор тиянақтары еден деңгейінен ойпаңдау жерде төмен орналасқан жағдайда ойпаңдау жердің қабырғасы мен элеватор қаптамасының аралығы үш жағынан кемінде 1,2 м, ал төртінші жағынан кемінде 0,8 м болады. Ойпаңдау жерге түсу үшін сүйеніштері бар баспалдақ орнатылады. Ойпаңдау жер тұтас қақпақпен жабылады.
183. Элеватор шынжырын (таспаны) тартуды реттеу механизмі еден (алаң) деңгейінен 0,7-1,2 м қашықтықта орналасады.
184. Барлық элеваторлар ожаулы шынжырдың (таспаның) кері қайтып кетуін болдырмау үшін тежегіш құрылғылармен және шынжырдың үзіліп кеткендігін білдіретін белгі қондырғыларымен жабдықталады.
185. Элеваторлардың тиянақ орналасқан жерінде де, сондай-ақ элеватор басында да апатты ажыратқыштар болады. Элеватор жұмысқа бір-ақ жерден қосылады.
186. Апатты жағдайлардан басқа уақытта ожаулы элеватордың жетегін тоқтату тек тиегіш құрылғы ажыратылғаннан кейін және барлық ожаулардың жүгі түсірілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Элеватордың ажыратқыш құрылғысы тиеу механизмінің іске қосу құрылғысымен байланысты болады.
187. Элеватор жұмыс істеп тұрған кезде:
ожауларды ұстап тұрған шынжырларды (таспаларды) реттеуге;
әлдебір жөндеу жұмыстарын жүргізуге немесе ожауларды жабысып қалған материалдардан тазалауға рұқсат етілмейді.
Аспалы конвейерлер
188. Аспалы конвейерлер мен монорельстер орналасқан жерлерде конвейерлерден түскен материалдар мен әлдеқандай заттардың адамға құлауын болдырмау үшін өту жолдары мен жұмыс орындарының үстінде тұтас қоршаулар болады. Қоршаулардың биіктігі адамдардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтірмейтіндей болады.
189. Шынжырлы аспалы конвейердің еденнен (жерден) 2,0 м-ге дейінгі ғана биіктікте орналасқан жетекті және бұрылмалы блоктары қозғалмайтындай етіп бекітілген қоршаулармен жабдықталады.
190. Шынжырлы аспалы конвейердің ұстату құрылғысы жүктің тасымалдау кезінде ауып кетпеуін болдырмайтындай болады.
191. Монорельсті конвейер шынжыр үзіліп кеткен жағдайда электр двигателін ажыратып жіберетін тетікпен және шынжырды ұстап қалатын құрылғымен жабдықталады. Монорельстер жүрісті шектегіштермен жарақталады.
Пневматикалық және тербелмелі көлік
192. Пневматикалық және тербелмелі көліктің қабылдау және түсіру құрылғылары саңылаусыз және шаң тұту құрылғыларымен жабдықталады.
193. Шаңданғыш материалдарды тасымалдау жүйесіне кіретін барлық су құбырлары мен элементтер саңылаусыз болады.
194. Пневматикалық көлік жүйесі пайдалануға берілер алдында жұмыс қысымымен тығыздығы жөнінен тексеруден өтеді.
Аспалы арқан жолдар
195. Кәсіпорынның аспалы арқан жолдарының құрылғысы мен пайдаланылуы жүкті аспалы арқан жолдарды қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес болады.
Рельсті және рельссіз көлік
196. Құрылыстар мен табаны 1520 (1524) мм темір жолының жылжымалы құрамын жақындату өлшемдері ҚНжЕ 9238-83. Құрылыстар және темір жолының жылжымалы құрамын жақындату өлшемдеріне сәйкес болады. Темір жолдарды ғимараттарға, жайларға және қоймаларға жақындату Қазақстан Республикасы аймақтарындағы қолданыстағы көлемдерге сәйкес келеді.
Жұмыс істеп тұрған цехтарда көлемдерді нормативті мөлшерге жеткізуге мүмкіндік болмағанда ол цехтарда көлемдер бұзылғаны туралы ескертетін тиісті дабыл құралы (жарық, дыбыс немесе жарық-дыбыс) орнатылады.
Кәсіпорындарда табаны 750 мм тар темір жолы болса құрылыс пен жылжымалы құрамды жақындату көлемдері ҚНжЕ 9720-76. Құрылыстар және табаны 750 мм темір жолының жылжымалы құрамын жақындату өлшемдеріне сәйкес болады.
197. Темір жолдарынан өтетін жолдар рельс басымен бір деңгейде болатын төсеммен жабылып, бағдаршаммен және поезд келе жатқанын ескертетін дыбыс беретін дабыл құралымен жабдықталады. Адамдар мен автокөлік жиі жүретін жерлерде адамдар мен көлік өтетін жолдар шлагбаумдармен жабдықталады.
Жаяу жол қозғалысы мен темір жолдар қиылысы әр түрлі деңгейлерде (виадуктер, тоннелдер және басқалар ) қарастырылады.
Автокөлік пен темір жол қиылыстары жерлерінде өткелдер салынады.
Темір жолдарынан белгіленбеген жерлерден жаяу және көлікпен өтуге, сондай-ақ олардың үстімен жүруге тыйым салынады.
198. Өткелдерде локомотивтер мен вагондарды қоюға тыйым салынады.
199. Материалдарды, заттарды, қоқыстарды және басқаларды темір жол аумағында үйіп тастауға тыйым салынады.
200. Жұмыс істеушілердің қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысы үшін кәсіпорын аумағында жаяу жүргіншілер жолдары немесе өтетін қысаң жолдары салынады.
201. Рельссіз көліктердің қозғалысының жылдамдығы өндірістік ғимараттарға кірерде, оның ішінде және шығарда 5 км/с-тан аспайды. Кәсіпорын аумағында және өндірістік ғимараттарда көрсетілген көліктің қозғалысы ҚНжЕ 10807-78 Жол белгілері. Жалпы техникалық шарттары және ҚНжЕ 23457-86 Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары. Қолдану ережелері талаптарына сәйкес жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдарды қолдану арқылы жол белгілерімен реттеледі.
202. Технологиялық көлікпен және осы мақсатқа жабдықталмаған автомобильдермен кісілерді тасымалдауға тыйым салынады.
203. Темір жол бойында қоймаланатын жүктер жүктің (штабельдің) биіктігі 1,2 м дейін болса жақын рельстін басына аралығы 2,0 м-ден жақын болмай, ал биіктігі жоғары болғанда 2,5 м-ден жақын болмай орналастырылады.
204. Ғимараттар, темір жолдар, вагондар құрамы, белгілер, темір жол көлігін орталықтандыру мен тұйықтау темір жол көлігін техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болады.
205. Заводіші темір жол көлігінің қозғалмалы құрамдарының бірікпе жолдардағы, өткелдердегі, торап жолдардағы, қосылмалар мен бұрылмалардағы қозғалыс жылдамдығы технологиялық регламентпен белгіленеді.
206. Сұйық қалдық немесе металл құйылған ыдыстарды тасымалдауға арналған локомотивтер автоматты тіркесу тетігімен жабдықталады. Қалдықты немесе металды құйғаннан кейін олар ажыратылып, кем дегенде 15 м қашықтыққа апарып қойылады.
207. Қалдық тасығыштар ыдыстарды қозғалтудың (бұрудың) электр желісіне қосылады және арақашықтық басқару механизмімен жабдықталады. Қозғалту механизмі ыдыстың өз еркімен бұрылуына жол бермейді.
208. Қалдық тасығыш арбаның рамасы ілгектермен жабдықталады, қалдық арбасы қалдық құйылар алдында рельстерге сол ілгектердің көмегімен бекітіледі.
209. Қалдық үйінділері мен ұнтақтау қондырғылары қалдық құйылған ыдыстардағы қақты түсіруге арналған механикаландырылған құрылғылармен жабдықталады. Ондай құрылғылар басқару пультінен басқарылады.
210. Қалдық үйіндісі мен диспетчерлік қызмет арасында телефон байланысы болады. Қалдық үйіндісінің жолдарына отқа төзімді шпалдар пайдаланылады.
211. Қалдық үйіндісі төгілетін жердің жанында әлдеқандай жұмыспен айналысуға рұқсат етілмейді. Ыдыстан қалдықты төккенде оны төгуші адам қауіпсіз жерде тұрады.
212. Сұйық металды, қалдықты, пайдаланылған тозаңды, агломератты, құйманы және т.б. тасу технологиялық регламентке сәйкес белгіленген бағытта атқарылады.
213. Ұнтақ және сусымалы материалдарды тасымалдап тиеу, тасу және түсіру шаң көтерілмейтін арнайы темір жол вагондары мен автомашиналарда немесе контейнерлерде атқарылады.
214. Шаң тұту құрылғыларының шаңын тасымалдау сол мақсатқа арналған ыдыстарда немесе саңылаусыз көлік түрлерімен тасымалданады. Шаң тұту құрылғыларынан шаң-тозаңды шығару әдісі шаңның ауаға тарауын болдырмайды.
215. Цехтардағы тар жолды көлік вагонеткаларын ауыстыру механикаландырылған түрде атқарылады.
216. Қашықтықтан басқарылатын өткізу арбалары арба қозғалған кезде дыбысты белгі беріп отыратын қондырғымен жабдықталады.
217. Аударылмалы қорапты вагонеткалардың тасымалдау кезінде қорапты сенімді түрде бекітіп тұратын және түсіру кезінде қораптың қарсы жаққа қарай аударылып кетпеуін қамтамасыз ететін құралдары болады.
218. Цехтарда көлік дәліздерін жасағанда ені кем дегенде 1,2 м, көлік жолынан биіктігі кемінде 1,0 м кедергімен бөлек қоршалған адамдар жүретін жол қарастырылады.
219. Автомобиль көлігін пайдалану автомобиль көлігі талаптарына сәйкес болады.
220. Рельссіз көліктің механикаландырылған арбалары (электркарлар, автокарлар, тиегіштер және т.б.) тежегіш, дыбыстық белгі құралдарымен, жарық беру аспаптарымен және бөгде адамдардың пайдалануына жол бермейтін кедергілі құлыптармен жабдықталады.
221. Механикаландырылған арбалармен тасылатын жүктер жүк тағанынан бекітіліп, оның үштен бірінен артық шетке шығып тұрмайды. Тиегіш жүріп келе жатқанда жүкті көтеріп-түсіруге және қисайтуға, сондай-ақ 1,0 м-ден астам биіктегі жүкті тасымалдауға рұқсат етілмейді.
222. Рельссіз көліктің механикаландырылған арбаларын пайдалану және жөндеу технологиялық регламентке сәйкес атқарылады.
223. Аккумуляторларды қуаттандыру аккумулятор батареялары мен қуаттандыру құрылғылары талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелерде атқарылады.
224. Жарылыс қауіпсіздігі жоқ механикаландырылған арбаларды жарылыс және өрт қаупі бар бөлмелерде пайдалануға тыйым салынады.
225. Ағынды-сору желдеткіштерімен жабдықталмаған бөлмелерде көміртегі тотығын жұтатын арнайы сүзгілері жоқ іштен жанатын двигательді көлік құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
226. Механикаландырылған арбалар тұғырының көрнекі жерінде оның нөмірі мен жүк көтеру шамасы белгіленеді.
227. Жүргізушінің ток өткізбейтін қолғабы мен алаңдағы аяғы астында сондай кілемшесі болмаса 80 В және одан жоғары кернеулі аккумуляторлы жылжымалы электрлі көлік құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
228. Жүк көтергіш крандар мен жүк ұстағыш құралдар және ыдыстар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 21 қазан 2009 жылғы № 245 бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш крандар құрылғысы мен пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болады.
Төсенішті крандар кілт-белгімен жабдықталады.
229. Газды, шаңды жағдайда жұмыс істейтін машинистер крандарының кабиналары ауа кірместей және таза ауа барып тұратындай болады. Ашық алаңдарда жұмыс істейтін крандардың кабиналары жылыту құрылғысымен жабдықталады.
230. Ожаулардың, қалдық тостағандарының, қалыптардың, басқа да технологиялық ыдыстардың, сондай-ақ жалпы мақсаттағы көлік контейнерінің құрылғысы мен пайдаланылуына сәйкес болады.
Технологиялық ыдыстарды әк сұйығымен немесе басқа да материалдармен бүрку механикаландырылған түрде атқарылады.
Ыдыстар толтырылар алдында қаралады.
231. Ожаулар мойнының тозуы барлық өлшеулермен алғанда әуелгі көлемінен 10 %-тен аспайды. Ожау мойындары жылына бір рет қатаң бақылаудан өткізіледі. Тексеру қорытындылары актімен ресімделеді.
232. Сусыма материалдарды контейнерлермен тасымалдаған кезде мыналар ескеріледі:
1) контейнерлерді қабылдап, сақтайтын алаңдар қарастырылады;
2) оларды механикалық жолмен тиеу-түсіру қамтамасыз етіледі;
3) механикалық тазалау, ал қажет болған жағдайда жуу мен кептіру қамтамасыз етіледі;
4) контейнерлердің дұрыстығына бақылау қамтамасыз етіледі.
233. Контейнерлердегі материалдарды жібіту технологиялық регламентке сәйкес арнайы камераларда немесе қондырғыларда атқарылады.
9 – параграф. Қоймалар, эстакадалар, шанаптар және кен жөнелткіштер
234. Шаң-тозаңды ұнтақ материалдар силостар мен шанаптарға тиеу мен түсіру саңылаусыз көлік құрылғылармен атқарылады.
Шаң-тозаңды ұнтақ материалдарды тиеу (түсіру) қапсырма кранмен атқарылатын жайдың іші желдеткішпен жабдықталады.
235. Ашық қоймаларда сақталатын сусыма материалдар (көмір, кен, кокс, құм үйінділері және т.б.) табиғи еңіс бұрышына сәйкес келетін тік еңіс күйінде жатуға тиіс.
Сусыма материалдардың астын үңгіп қазып алуға, сондай-ақ оның үстіне шығуға тыйым салынады.
236. Материалдар ашық әдіспен сақталғанда үйінділер көлемі мен олардың арасындағы өту жолдарының ені технологиялық регламентке сәйкес болады.
237. Улы заттар технологиялық регламент талаптарына сәйкес сақталады.
238. Уытты сұйық заттар құйылатын ыдыстар көлік ыдыстарының көлемінен артық болады.
239. Жанғыш және тез тұтанғыш заттар қоймаларын сақтау мен пайдалану өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болады.
240. Тез тұтанғыш сұйықтар мен улы заттардан босаған ыдыстар тығындалып, арнайы бөлінген алаңда сақталады.
241. Уытты және ауаға тез тарағыш заттар (бензол, т.б.) сақталған бөшкелер мен ыдыстардан шыққан ауа сол заттардың буынан тазартылады.
242. Сұйық уытты заттарды сақтауға арналған ыдыстар автоматты түрде жабылатын қақпақпен жабдықталады.
243. Аса улы заттарды сақтау, есепке алу және тасымалдау аса улы заттарды өткізу, сатып алу, сақтау, есепке алу және тасымалдау жөніндегі талаптарға сәйкес атқарылады.
244. Қышқылдар, сілтілер және басқа да уытты сұйықтар қоймаға арнайы ыдыспен апарылады, ал оларды тасымалдау, қабылдау және құйып алу технологиялық регламентке сәйкес атқарылады.
245. Қышқыл, сілті және басқа да уытты заттар құйылған цистерналар мен бөшкелердің қақпағын ашарда, сынама аларда және деңгейін өлшерде адам жел жағында тұрады.
246. Эстакаданың рельсаралық кеңістігіне рельс төбесі деңгейінде төсем төселеді.
Тұйық эстакадалар құрылғысы жобамен белгіленген тіреулермен жабдықталады. Тіреулер тиісті белгі түстерімен боялып, жарық белгілерімен жабдықталады.
247. Бункерлі эстакаданы қамтушы алаңдар жол ортасынан кемінде 2,0 м жерде болады. Алаңдардың ені кемінде 0,7 м болады. Алаңдардың орналасуы оларға вагондардан түсірілген шихта материалдары құламайтындай және люктарды ашып-жабуға кедергі жасамайтындай болады.
248. Эстакадалар астындағы жүру жолдары тасымалданушы материалдар құламайтындай жабық болады.
249. Бірнеше және жекелеген вагондарды кіргізу және эстакадалар мен бункерлердегі жүрістер адамдар шығып кеткеннен кейін ғана атқарылады. Шихталы материалдар қоймасына кіретін құрамның ұзындығы қақпа жабылатындай болады.
250. Жай ішінде орналасқан эстакадалар құрамның жақындап қалғанынан хабардар етерлік жарық және дыбысты белгілермен жабдықталады.
251. Жүк түсірілгеннен кейін вагондар материал қалдықтары мен қоқыстан тазартылады. Жұмыстар жетекшісі жүк әр түсірілген сайын эстакаданың дұрыс тазартылуын тексеріп отырады. Эстакаданы тазарту орындарында аялдау белгілері орнатылады.
252. Бункерлерде салынған темір жолдар осы Талаптың 204 тармағының талабына сәйкес болады.
253. Бункерлер көлемі 300х300 мм-ден аспайтын ұялы торлармен жабық тұрады.
Шихталы материалдар қақпақтары қашықтан басқару арқылы ашылатын конвейерлер немесе вагондармен әкелінетін цехтарда жан-жағынан қоршалған, биіктігі кемінде 1,0 м тұтас қабырғалы бункерлер құрылғысына рұқсат етіледі.
254. Бункерлерлердің қақпақтары жабық тұрған кезде одан материалдар төгілмейтіндей болады. Қақпақтарда екі жақты (ашық-жабық) көрсеткіштер болады.
255. Бункерлердегі материалдар деңгейі бақылауда болады. Оларды рұқсат етілген мөлшерде аударылуына орнатылатын белгі қондырғыларымен жабдықтау жобамен анықталады.
256. Шаң-тозаңды материалдарға арналған қабылдау алаңдары тиімді шаң басқыш құралдармен жабдықталады. Шаң-тозаңды материалдарды ылғалдандыру технологиялық процесс бойынша рұқсат етілген жағдайда ғана атқарылады.
257. Шаң-тозаңды материалдарға арналған бункерлер тұтас қымталады, ал қақпақтар тығыз жабылады. Шаң-тозаңды материалдарға арналған бункерлер шаң-тозаң сорғыш қондырғылармен жабдықталады.
258. Бункерлерді материалдардан тазарту жұмыстары, ілініп қалуларды дұрыстау, сондай-ақ оларды жөндеу наряд-рұқсат бойынша мынадай талаптарды сақтай отырып атқарылады:
1) материалда шұңқыр пайда болса, сондай-ақ бункерде ыстық материал болғанда жұмысшыларды оған жіберуге тыйым салынады;
2) бункерде жұмыстар атқарылатындығы жөнінде темір жол цехының кезекші диспетчері, вагон-таразы немесе бункердің түсіру алаңының көлік машинисі жазбаша түрде ескертіледі.
3) жұмыстар басталмас бұрын бункердің торлары, бункер арқылы өтетін темір жол бойы материалдар қалдықтарынан тазартылады; бункер төсенішпен желдеп тұратындай етіп қымталады; жұмыс орны аялдау белгісімен қоршалады және темір жол құрамының қозғалып кетуін тоқтататын тежегіш тиянақтармен қамтамасыз етіледі;
4) жұмысшыларды бункерге түсірер алдында тиеу-түсіру қондырғылары ажыратылуға және қосқыштарға «Қосуға болмайды - адамдар жұмыс істеуде» деген ескертпе плакат ілінеді. Плакаттар адамдар бункерден шыққаннан кейін тек техникалық қадағалаушы адамның рұқсатымен ғана алынады;
5) бункерде жұмыс істеу үшін кемінде үш адамнан тұратын бригада бөлінеді, олардың біреуі бункер ішінде жұмыс істейді де қалған екеуі бункер үстінде бақылап тұрады.
Бункердегі жұмысты бақылаушы тұлға басқарады.
Қадағалаушылар мен бункер ішінде жұмыс істейтін адамдар арасында өзара байланыс немесе сақтық арқаны арқылы беріліп тұратын белгі болады. Жұмысшы өз талабы бойынша сол арқанмен дереу шығарылып алынатындай болады;
6) жұмысшы бункер ішінде жұмыс істеуге рұқсат алар алдында жұмыстарды қабылдау қауіпсіздігі жөнінен нұсқаудан өтуге, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, каскамен, көзілдірікпен, сақтық арқаны бар белдікпен және наряд-рұқсатта қарастырылған жекелеген жағдайларда тұмылдырық немесе газдан қорғау құралымен қамтамасыз етіледі;
7) жұмысшыларды бункерге түсірер алдында арнайы жасалған мәткеге бекітілген аспалы баспалдақ пен қуаты 12 В-тан аспайтын тасымал электр шамы түсіріледі;
8) жұмысшы бункер ішіне түсер алдында жауапты жетекшінің нұсқауы бойынша сақтық арқаны бар белдікті арқан тартылып тұратындай немесе 0,5 м мөлшерінде ғана босаң күйде болатындай етіп мықты тіреуге бекітеді.
Сақтық арқанын темір жол рельстеріне, реверсивті кен жөнелткіштер мен түсіру арбаларының қаңқаларына, сондай-ақ басқа да қозғалмалы жабдықтарға байлауға тыйым салынады;
9) бункердегі жұмыс арнайы қондырғылар немесе аспалы баспалдақтар үстінен атқарылады.
Бункер ішінде ілініп тұрған материалда тұрып жұмыс істеуге болмайды. Бункердегі материалды құлату тек жоғарыдан төмен қарай атқарылады. Егер материал бункердің бір жағында ілініп қалса, жұмысшыларды материалдың жоғарғы деңгейінен 1,0 м-ден астам төменге түсіруге болмайды; мұндай жағдайда жұмысшының сақтық арқаны сол тартылған күйінде ілініп қалған материалдың қарсы жағына байланады;
10) бункер ішіндегі жұмысшыны бір орыннан екіншісіне ауыстыру тек бақылаушылардың айтуымен және бақылауымен ғана атқарылады;
11) егер бункер ішіндегі жұмысшыдан белгі берілсе немесе оған әлдеқандай қауіп төнсе бақылаушылар оны бункерден дереу алып шығады;
12) жұмыс аяқталып, жұмысшы бункерден шығарылғаннан кейін бункер үсті алаңы толық жұмыс жағдайына келтіріледі және бункердің тиеу-түсіру құрылғыларына электр қуатын береді және бункерлі темір жол қозғалысын қалпына келтіруге жазбаша рұқсат алынады.
259. Бункер ішінде ілініп қалған материалдарды түсіру үшін арнайы құралдар (электр дірілдеткіштер, ауа қысымды құрылғылар) қолданылады.
Бункер ішінде ілініп қалған материалдарды қолмен көсеп түсіруді көсеу қақпақтары немесе тор арқылы кеспек темір не ұзын сүңгінің көмегімен атқаруға ғана рұқсат етіледі. Ал ылғал және ұсақ материалды түсіруге ауа қысымы да қолданылады. Көсеу қақпақтарының жанында алаңдар қарастырылады.
Бункер ішінде ілініп қалған материалдарды қолмен көсеп түсіруге адамдарды жұмсауға рұқсат етілмейді.
260. Толық тексеру және жөндер алдында қабылдау құрылғылары мен бункерлер материалдардан тазартылып, желдетіледі.
261. Бункердің түп футеровкасын жөндеу және ауыстыру үшін осы Талаптың 258 тармағы талаптарына сәйкес ылди қабырғалы орында жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар қолданылады.
Бункердің түп футеровкасын жөндеу және ауыстыру кезінде оның шығару және түсіру саңылаулары жабық болады.
Шығару саңылаулары кен жөнелткіштермен жабдықталған жағдайда оларды жұмыс кезінде қосуға рұқсат етілмейді.
262. Бункерлердегі темір жолдарды тазарту кезінде жұмыс атқарылып жатқан жерлерге аялдау белгілері мен тежегіш тиянақтар қойылады.
263. Вагон аударғыштар мен қапсырма крандар машинистерінің кабиналары жылыту және желдету құралдарымен жабдықталады.
264. Кен жөнелткіштер мен бөліп бергіштер құрылымында берілетін материалдың төгілмеуі қарастырылады.
10 – параграф. Тиеу және түсіру жұмыстары
265. Тиеу және түсіру жұмыстары, сондай-ақ материалдарды қоймалар аумағына ауыстырып тасу механикаландырылған болады және технологиялық регламентке сәйкес атқарылады.
266. Келген вагондардың жүгін түсіру тек олар толық тоқтағаннан, қауіпсіздік белгілерімен қоршалғаннан, тежегіш тиянақтар қойылғаннан және тиеу-түсіру жұмыстарын атқаруға жауапты тұлғаның рұқсатынан кейін ғана жүргізіледі.
Түсіру алаңында ақаулы вагондарды жөндеуге тыйым салынады.
267. Вагондардың есіктері мен тұғырлар қораптарын тәжірибелі жұмысшылар ашады. Оларды ашар кезде жұмысшылар қауіпсіз жерге кетіп қалады.
Жүкті өздігінен түсіретін вагондардың есіктері мен қақпақтарын ашуға арнайы құралдар қолданылады.
268. Есіктері мен тесіктері ашық тұрған бункерлерге жүк тиеуге, сондай-ақ бункерлерге жүк тиеп жатқан кезде жұмысшылардың олардың жанында тұруына тыйым салынады.
269. Вагондарды бір уақытта қолмен және көтергіш механизмдермен тиеуге, сондай-ақ жүктерді кранмен вагондарды қолмен түсіріп жатқан орынның үстімен алып өтуге тыйым салынады.
270. Көмір және басқа да өздігінен тұтанып кететін материалдар тиеген вагондар қойманың арнайы бөлінген алаңында түсіріледі.
271. Вагондарда қатып қалған материалдарды жібіту үшін арнайы құрылғылар болады.
Вагондарда қатып қалған материалдарды қопсыту үшін жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдар пайдаланылады. Қатып қалған немесе түсіру кезінде түспей қалған сусыма жүктерді тек жоғарыдан төмен қарай ғана түсіруге рұқсат етіледі.
272. Темір жолдарда вагондар құрамы тұрған кезде оларды тазалауға тыйым салынады.
11 – параграф. Материалдарды бөлшектеу, ұсақтау және соққылау
273. Бөлшектегіш және ұсақтағыш машиналардың тиеу және түсіру қақпақтары жабық, саңылаусыз және не сору қондырғыларына қосылған немесе сулышаңданбайтын құрылғылармен жабдықталған болады.
274. Материалды бөлшектегіш және ұсақтағыш машиналарға тиеу, сондай-ақ бөлшектенген (ұсақталған) материалды тасымалдау механикаландырылған болады.
275. Бөлшектегіш және ұсақтағыш машиналардың қосу құрылғысы кен жөнелткіштердің қосу құрылғыларымен сабақтас болады. Кездейсоқ аялдамаларда тоқтап тұрған машинаға материал берілмейді.
276. Материалды бөлшектеу немесе ұсақтау кезінде оны ылғалдандыру мен сулышаңданбайтындай күйге жеткізу құрылғылары бөлшектеу немесе ұсақтау жабдығымен сабақтас болады. Жабдық бос жұмыс істеп тұрғанда ылғалдандыру жүйесі автоматты түрде ажырап қалады.
277. Бөлшектеу және ұсақтау жабдықтарын іске қосу мен пайдалану технологиялық регламентке сәйкес атқарылады.
278. Адамдарды науаға немесе бөлшектеу не ұсақтау машиналарының жұмыс кеңістігіне оларды тазалау немесе бөгде заттардан арылту үшін түсірер алдында аталған машиналардың электр двигательдері өшіріліп, сақтандырғыштар алынып, басқа да қауіпсіздік шаралары қолданылады. Қосқыштарға «Қосуға болмайды - адамдар жұмыс істеуде» деген ескертпе плакат ілінеді. Жұмыстар наряд-рұқсат бойынша бақылау тұлғасының бақылауымен ғана атқарылады.
279. Бөлшектегіш және ұсақтағыш машиналардың жанында әртүрлі қосалқы бөлшектер мен бұйым-заттарды сақтауға тыйым салынады. Оларды сақтау үшін арнайы орындарда ыдыстар болады.
280. Конусты және жақтаулы бөлшектегіштердің тиеу тесіктері өн бойына өтетін тар жолы бар тұтас қоршаулармен жабылып тасталады. Өтетін тар жолдар бөлшектегіштердің қосу құрылғыларымен сабақтас қақпақтармен жабық болады.
281. Тоқпақты, көлденең және тік балғалы бөлшектегіштер корпустың қақпағы ашық тұрған кезде жұмысқа қосылып кету мүмкіндігін болдырмайтындай болады. Салмағы 50 кг-нан астам тоқпақты және көлденең балғалы бөлшектегіштердің корпустарының қақпақтарын ашып-жабу механикаландырылған тәсілмен атқарылады.
282. Оператордың (бөлшектегіштің) жұмыс алаңы оны бөлшектегіштен ұшқан материалдан сақтайтындай алынбалы металл тор қоршаумен қоршалады.
Ал басқару пульті болған жағдайда оның жайы сынбайтын шынымен әйнектеліп, сыртынан ұясы 15х15 мм-ден аспайтын темір тормен қоршалып тасталады.
283. Бөлшектегішті тоқтатуға (апатты жағдайлардан басқа уақытта) тиелген бар материал өңделіп, кен жөнелткіште ілініп қалған материалдар алынып тасталған кейін ғана рұқсат етіледі. Кен жөнелткіш көп уақыт тоқтап тұрған жағдайда материалдар одан алынып тасталады.
284. «Үйінді күйінде» жұмыс істеуге арналмаған бөлшектегіштерге жүк олар нақты айналымға немесе тербеліске түскеннен кейін ғана салынады. Ондай машиналарды іске қосуға тек ішінде материал жоқ кезде ғана рұқсат етіледі.
285. «Үйінді күйінде» жұмыс істеп тұрған бөлшектегіш апатты жағдайда тоқтатылғанда оны тазалау мен қайтадан іске қосу технологиялық регламентке сәйкес атқарылады.
286. Машинаның жұмыс кеңістігінде тұрып қалған материалды қол құралмен алып тастауға және ұнтақтауға болмайды.
Бөлшектегішке түсіп кеткен металл сынығын кесу наряд-рұқсат бойынша және бақылаушы тұлғаның бақылауымен атқарылады.
287. Адамдарды бөлшектегіштердің жұмыс кеңістігіне түсіргенде сақтық белдіктері қолданылады және бөлшектегіштердің тиеу тесіктері адамдарды кездейсоқ түскен материалдардан қорғайтын уақытша жабындылармен жабылады.
288. Ұсақтау кезінде жарылыс қаупі бар шаң пайда болатын материалдарды бөлшектеу кезінде шаң жарылысын болдырмау шаралары қарастырылады.
289. Жергілікті басқару кезінде диірменнің іске қосу құрылғысы іске қосқан адам оның жұмысын бақылай алатындай жағдайда болады.
290. Диірменнен шарлар мен біліктерді шығару мен тиеу механикаландырылған болады.
291. Шарларды контейнерлерге тиер алдында тиеу орнын қоршап, «Қауіпті!» деген жазуы бар плакат ілініп қойылады. Шарлар контейнерлерге қорап деңгейінен 100 мм төмен тиеледі.
292. Диірмен тоқтағаннан кейін оның ішін қарау мен жөндеу жұмыстары тек оның жұмыс кеңістігі желдетілгеннен кейін немесе ондағы қауіпті заттар ШРК деңгейінен аспаған жағдайда ғана атқарылады.
293. Диірменнің қақпағы төмен қарап тұрғанда оның бұрандаларын бұрап-босатуға, сондай-ақ диірмен жүріп тұрғанда кен жөнелткіш қабының болтын қатайтуға тыйым салынады.
294. Ылғалды ұнтақтау құралының жан-жағы биіктігі кем дегенде 1,5 м мықты бекітілген сенімді металл қоршаумен қоршалады. Қоршаулардың ұнтақтағыштың іске қосу құрылғысымен сабақтас жасалған есіктері болады.
295. Құрғақтай ұнтақтау құралының сору қондырғысына қосылған герметикалық қаптамасы және қаптама жоқ кезде құралдың іске қосылуына жол бермейтін шығыры болады. Ұнтақтау құралдарының жұмысын бақылау үшін қаптаманың шыныланған терезелері болады. Тиеу есіктері саңылаусыз және ұнтақтау құралының іске қосу құрылғысымен сабақтас болады.
296. Ұнтақтау құралдары жұмыс істеп тұрған кезде сынама алуға тыйым салынады.
297. Соққылау құралдарының түсіру және тиеу шұңқырларының бүкіл өн бойында адамдарды кездейсоқ ұшқан материал кесектерінен сақтап қалатын қорғаныс құралдары болады.
298. Соққылау құралдарын жұмысқа қосар алдында барлық бекіткіштерді, әсіресе орнықсыз жүктердің бекіткіштері мұқият тексеріледі.
299. Кен жөнелткіштердің шығару тесіктеріндегі, соққылағышқа түскен, тиеу және түсіру шұңқырларындағы материалдарды көсеуге арнайы тесіктер болғанда ғана рұқсат етіледі.
300. Соққылау құралдарының түсіру шұңқырларын қолмен тазалауға және оларға адамдар түсіруге осы Талаптың 258 тармағы талаптарына сәйкес рұқсат етіледі.
12 – параграф. Газ тәрізді оттегі және ауа бөлудің басқа да өнімдері
301. Ауа бөлудің газ тәрізді өнімдерін металлургиялық агрегаттарға беру орталықтандырылған болады және реципиенттер мен газ сақтағыштарды реттейтін ауа бөлу қондырғыларынан бастап өткізу құбырларынан, ал олар болмағанда - баллоны бар разрядты коллекторлардан өндіріледі.
302. Жекелеген жағдайларда өндірістік қажеттілікке қарай ауа бөлудің өнімдерін тікелей тұтыну орнында редуктор арқылы баллоннан беруге рұқсат етіледі. Баллон жылу шығаратын көздер мен ашық оттан кем дегенде 10,0 м жерде орнықты етіп орналасуы және жылу әсерінен қорғалуы керек. Мұндай жағдайда орнатылатын баллондар саны технологиялық регламентке сәйкес анықталады.
303. Ауа бөлудің өнімдерін металлургиялық агрегаттарға беретін өткізу құбырлары балқыма өнімдері түсуден жырақ жерде орналасады.
Жоғары температуралы аймақта немесе үнемі жылу бөліп тұратын көздер маңында орналасқан оттегін өткізу құбырлары жылу өтпейтіндей болады.
304. Ауа бөлудің өнімдері өтетін құбырлардағы ашып-жабу және реттеу арматуралары қолдануға ыңғайлы жерде және белгіленген нормаларға сәйкес жарықтандырылады.
305. Технологиялық өткізу құбырларында орнатылған ашып-жабу арматураларын реттегіш, ал реттегіш арматураларды ашып-жабу ретінде пайдалануға тыйым салынады.
306. Ауа бөлудің өнімдері арматура бекімелерінен немесе басқа да жерлерден шығып тұрған кезде жабдықтар мен өткізу құбырларын пайдалануға болмайды.
307. Қысыммен тұрған ауа бөлу өнімдерінің жабдықтары мен өткізу құбырларын жөндеуге болмайды.
308. Ауа бөлу өнімдерінің жабдықтары мен өткізу құбырларын жөндеу жұмыстары осы Талаптың 350 тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
309. Өткізу құбырлары мен арматураларды қыздыру ыстық ауамен, бумен немесе ыстық сумен атқарылады.
310. Ауа бөлу өнімдерінің разрядты коллекторы жобада қаралып, арнайы жабдықталған жерде орналасады.
311. Разрядты коллектордағы ауа бөлу өнімдерінің баллондары орнықты жерде орналастырылады. Ауа бөлу өнімдерін баллоннан тікелей тұтыну орнына апаратын өткізу құбырларына шығару редуктор арқылы атқарылады. Редуктордың төменгі қысым камерасының манометрі және газ тұтыну орнында тиісті рұқсат етілген қысымға арнап реттелген серіппелі сақтық қақпағы болады. Ауа бөлу өнімдерін ақаулы редуктор немесе манометрмен тұтынуға болмайды.
312. Артық баллондар жобада қарастырылған қоймаларда сақталады.
Оттегі және жанғыш газ баллондарын бір жерде сақтауға болмайды. Баллондарды сақтау мен тасымалдау технологиялық регламентне сәйкес атқарылады.
313. Ауа бөлу өнімдерін реттеу және бөлу тораптарын, разрядты коллекторларды және басқа да заттарды сақтауға арналған жайлардағы ауада оттегінің мөлшеріне бақылау жасалып тұрады.
Бақылау кезеңі ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес белгіленеді. Аталған жайларға қызмет көрсететін адамдардың кіріп-шығуына белгілі шек қойылады.
Жайлар СТ ҚР ҚНжЕ Р 12.4.026-2002. Дабылдау түстері, қауіпсіздік белгілері және дабылдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттары және қолдану тәртібіне сәйкес тиісті белгілермен жабдықталады.
314. Газ тәрізді оттегінің өткізу құбырларының құрылғысы мен оларды салу газ тәрізді оттегі құбырларын жобалау жөніндегі талаптарына сәйкес болады.
315. Оттегі арматурасын технологиялық агрегаттарды басқару щиті орналасқан бөлмеде қоюға болмайды.
316. Оттегі жабдықтары, оттегі құбырлары мен арматуралары тым майлы болған жағдайда монтаждау және орнатар алдында олар мұқият тазаланады. Егер арматура дайындаушы заводтың өзінде майланып келген болса (ол тиісті құжат немесе белгімен расталған болады) және орауы бұзылмаса майынан тазартылуға жатпайды.
317. Оттегімен байланысты жабдықтар мен өткізу құбырларының бетіндегі майлылық мөлшерін анықтау ҚНжЕ 12.2.052-81 ЖҚСЖ. Газ түріндегіі оттегімен жұмыс істейтін жабдықтар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес болады.
318. Жабдықтар мен өткізу құбырларының майын кетіруге төрт хлорлы көміртегін пайдалануға болмайды.
319. Оттегі құбырлары, арматура және оттегі жабдықтары оларға жағар майлар мен басқа да жанғыш заттардың жағылуынан қорғалған болады.
320. Оттегі жабдықтарына таңдалатын материалдар ҚНжЕ 12.2.052-81 ЖҚСЖ. Газ түріндегі оттегімен жұмыс істейтін жабдықтар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес болады.
321. Титан құймасы негізінде жасалған арматураны оттегі құбырларында пайдалануға болмайды.
322. Тұтыну цехтарында оттегі баллондарының тетіктерін босатып алуға, ауыстыруға болмайды.
323. Оттегі құбырлары мен арматура және оттегі жабдықтарының тығыздығын тексеру арнай аспаптар немесе сабын ерітіндісінің көмегімен атқарылады. Оттегінің ауаға таралуын ашық от немесе әлсіз жалынмен тексеруге болмайды.
324. Оттегі құбырлары мен оттегі жабдықтарын, сондай-ақ байытылған оттекті ауасы бар өткізу құбырлары мен жабдықтарын жөндеуге оттегінің құрамы әрі кеткенде 23 % (көлемді) мөлшерге дейін ауамен (бумен) үрлегеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Оған екі рет талдау жасалып, тексеріледі. Оттегі құбырлары мен оттегі жабдықтарын поршеньді компрессорлардан ауа үрлеу арқылы тазартуға болмайды.
325. Оттегі құбырлары мен оттегі жабдықтарындағы отпен атқарылатын жұмыстар осы Талаптың 323 және 324 тармақтарына сәйкес болады.
326. Оттегі құбырлары мен оттегі жабдықтарындағы барлық жөндеу жұмыстары осы Талапқа сәйкес болады.
327. Оттегі құбырлары мен оттегі жабдықтарына қолданылатын құрал майсыз және айшықты көгілдір белгісі болады.
328. Оттегі құбырлары мен оттегі жабдықтары және арматуралар орналасқан жерде темекі тартуға болмайды.
329. Оттегі құбырлары мен оттегі жабдықтарына қызмет жасайтын адамдардың арнайы киімдері мен қолғаптары майсыз болуға тиіс. Киімді фланцыларға немесе оттегі құбыры арматурасына ілуге болмайды.
Оттегісі көп ортадан шыққаннан кейін кемінде 30 минут бойы отқа, балқыған заттарға жақындауға және темекі тартуға болмайды; киімдер желдетіледі.
330. Оттегі құбыры жанғанда немесе сол маңда өрт шыққанда оттегі құбыры дереу өшіріледі.
331. Жөндеу жұмыстарына және әртүрлі саңылауларды бекітуге қолданылатын шлангалар ҚНжЕ 9356-75 Газдық дәнекерлеп, пісіру және металды кесудің резіңке жеңдері. Техникалық шарттар бойынша ІІІ класқа сәйкес болады.
Шлангалардың майы, жарығы және жыртылған жері болмайды. Жаңа шлангалар қолданылар алдында майдан тазартылады.
Күйдіруге арналған металл түтіктер құрғақ және майсыз болады. Түтіктің күйдірген кездегі төменгі қалдық ұзындығы кем дегенде 1,5-2,0 м болады.
Шлангалар штуцерлерге, сондай-ақ түтіктер шлангаларға сырғып кетпейтіндей арнайы қысқыштармен бекітіледі.
332. Өткізу құбырларынан оттегін алғанда шлангаларды қосатын арматура желдетіліп тұратын саңылаулары бар темір шкафқа сиятындай болады.
Шкафтың есіктері жұмыс кезінде ашық тұруға тиіс. Бұранданы пайдаланушы жұмысшы жоқ болған кезде шкаф есігі құлыптаулы тұрады.
Шкафтардың айырым бояуы мен белгі-ескерту жазулары СТ ҚР ҚНжЕ Р 12.4.026-2002. Дабылдау түстері, қауіпсіздік белгілері және дабылдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттары және қолдану тәртібіне сәйкес болады.
Оттегі құбырларының цехтардағы таратылуы жобаға сәйкес болады.
6 – тарау. Электр қондырғылары
333. Жарылысөрт және өрт қаупі бар материалдар қайта өңдеуден өтетін немесе сақталатын жайлар мен сыртқы қондырғылар электр қондырғылары талаптарына сәйкес жарылу және өрт қаупі жөнінен топтастырылады.
334. Әр электр қондырғысына қалыпты және апатты жұмыс тәртібінің пайдалану нобайы жасалады.Оларға және жерге қосу қондырғыларына енгізілген барлық өзгертулерді кім, қашан және қандай себепті енгізгендігі нобайда көрсетіледі. Пайдаланылатын электр нобайлары мен оларға енгізілген өзгертулер ұйымның электр саласына жауап беретін адаммен бекітіледі.
335. Электр нобайларында тұтынушыларды артық кернеуден және қысқа тұйықталудан қорғау қарастырылады.
336. Электр тогы соғу қаупіне байланысты жұмыстар кезінде тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану талаптарына сәйкес қорғану құралдары пайдаланылады.
Қорғану құралдарын пайдалану тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану электр қондырғыларында пайдаланылатын қорғану құралдарын қолдану және сынақтан өткізу талаптарына сәйкес болады.
337. Электр құралы, алып жүретін электр шамдары, төмендеткіш трансформаторлар және ток жиілігін өзгерткіштер пайдаланылар алдында мұқият тексеріледі.
Алып жүретін электр құралы аспаптар тұратын бөлмеде сақталады және жұмысшыға жұмыс кезіне ғана беріледі. Кернеуі 42 В-тан жоғары электр құралы жеке қорғану құралдарымен бірге беріледі.
338. Жарылыстан қорғалған электр жабдықтарын жөндеу өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес болады.
7 – тарау. Өртке қарсы қорғаныс
339. Кәсіпорынның өртке қарсы қорғанысы ҚНжЕ 12.1.004-91 ЖҚСЖ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптарына сәйкес болады.
340. Жарылыс және өрт қаупі бар өндіріс орналасқан жайлар, сондай-ақ жарылыс, өрт қаупі бар заттар сақталған қоймалар өрт өшіру және өрт белгісін беру құралдарымен жабдықталады.
341. Жарылыс және өрт қаупі бар жайларда темекі тартуға және ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Ол жөнінде СТ ҚР ҚНжЕ Р 12.4.026-2002. Дабылдау түстері, қауіпсіздік белгілері және дабылдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттары және қолдану тәртібі талаптарына сәйкес есіктердің сыртқы жағында қауіпсіздіктің тыйым салатын белгілері орнатылады.
Темекі тартуға тек арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда ғана рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |