шешім, клиенттік хабарланған шешім қажет. Бизнес прцестерімен
модернизацияланған желілермен проектерімен тығыз байланысты;
NGN – сәулетшілік элементтерінің кезеңің еңгізу;
тек қана тексерілген алдыңғы қатарлы операторлық класстың ашық
шешімдерін қолдану;
«жоғарыдан-төмен» әдісімен концепцияны орындау стратегиясы
TDM-желілеріде бір уақытта жұмыс істеуге әмбебап қызметтерді
желіге еңгізу, яғни, мобильді және VoIP.
NGN желісі дестелі коммутация технологиясын қолдана отырып сөзді,
бейнені, мәліметтерді таратуға арналған әмбебапты көп мақсатты желі.
Негізінен, бұл желі Internet және телефон желілерінің жақсы жақтарынан
құралған қосылыс десе де болады. Тәжірибе жүзінде алып қарастыратын
болсақ критикалық крек кездерде мәліметтерді тарату және сөздік
байланыстың кепілдендірілген сапасын қамтамасыз етеді.
61
NGN – ның технологиясының негізгі басымдылықтары:
жоғары масштабтылық;
модульді кеңейтілімділігі;
әртүрлі өндірушілердің құрылғыларын қолдауы;
жылдам құрастырылуы және жаңа қызмет түрлерін енгізу;
қол жеткізу әдісінің және транспортты желі типіне тәуелсіз желі
элементтерін және жаңа қызмет түрлерін қосу;
желілік ресурстарды тиімді қолдану арқылы эксплуатация құнының
төменділігі.
NGN
желілерінің
архитектурасы
IP-ядродан
және
әртүрлі
технологияларды қолданатын бірнеше қатынау желілерінен тұрады. NGN
желілерінің негізін тасымалдау деңгейі мен коммутацияны және жіберуді
басқару деңгейінің қызметін жүзеге асыратын әмбебап тасымалдау желісі
құрайды. Тасымалдау желісінің арналуы тасымалдау қызметтерін ұсыну
болып табылады. NGN тасымалдау желісінің құрамына келесі құрамдас
бөліктер кіруі мүмкін: тасымалдау және коммутация қызметтерін орындайтын
транзиттік түйіндер; абоненттерге мультисервистік желіге қатынау
мүмкіндігін ұсынатын соңғы (шекаралық) түйіндер; дабылдама ақпараттарын
өңдеу, шақырулар мен хабарламаларды басқару қызметтерін орындайтын
дабылдама бақылаушылары; дәстүрлі желілерді қосуды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін шлюздер. Дабылдама бақылаушыларын коммутацияның
бірнеше түйіндеріне қызмет көрсетуге арналған жеке құрылғыларға енгізуге
болады. Жалпы бақылаушыларды қолдану оларды желі бойынша бөлінген
коммутацияның бірыңғай жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Мұндай шешім жалғауларды орнату алгоритмдерін жеңілдетіп ғана қоймай,
сонымен қатар операторлар мен қызмет жеткізушілері үшін ең үнемді болып
табылады, себебі коммутацияның үлкен сыйымдылықты қымбат тұратын
жүйелерін үлкен емес, жеңіл және тіпті қызметтің ұсақ жеткізушілері үшін
құны бойынша қол жетімді жүйелермен алмастыруға мүмкіндік береді.
Инфокоммуникациялық қызметтерді іске асыру қызметтер түйіндері (Services
Node – SN) және /немесе қызметтерді басқару түйіндері (SCP) негізінде
жүзеге асырылады. SN қызмет жеткізушілерінің жабдығы болып табылады
және клиенттік бөлігі қолданушының соңғы жабдығымен жүзеге асырылатын
инфокоммуникациялық қызметтерге арналған қосымшалар сервері ретінде
қарастырылуы мүмкін. SCP бөлінген интеллектуалды тұғырнаманың элементі
болып табылады жне қызметтердің логикасы мен атрибуттарын басқару
қызметін атқарады.
Қызметтердлің бірнеше түйіндерінің және/немесе бір қызметті ұсыну
үшін іске қосылған қызметтерді басқару түйіндерінің жиынтығы қызметтерді
басқару тұғырнамасын түзеді, оған қызметтерді әкімшілік басқару түйіндері
және әртүрлі қосымшаларды басқару серверлері кіруі мүмкін.
Тасымалдау желісінің соңғы/соңғы-транзитті түйіндері қызметтер
түйіндерінің қызметін атқара алады, яғни шекаралық қызметтердің
62
түйіндерінің құрамын қызметтерді ұсыну қызметін қосу арқылы кеңейтуге
болады. Мұндай түйіндерді тұрғызу үшін 15.1-суретте көрсетілгендей иілгіш
коммуникацияның технологиясын (Softswitch) қолдана алады. Жаңа буынның
желілері қызметтердің барлық түрлерін (қолданыстағы және болашақтағы)
жасау, енгізе және басқаруға арналған ресурстарды (инфрақұрылым,
хаттамалар және т.б.) ұсынуы тиіс. NGN шеңберінде тірек олардың көбі өз
қолданушыларына өзінің меншікті қызметтеріне бейімделу мүмкіндігімен
қамтамасыз
ететін
сервис-провайдерлердің
қызметтерге
бейімделу
мүмкіндігін түсіріледі. Жаңа буынның желілері қызметтерді әзірлеу, ұсыну
және басқаруды қамтамасыз ететін API (Application Programming Interfaces)
тұратын болады.
15.1 сурет – NGN байланыс желісінің архитектурасы
Softswitch жабдығы телекоммуникациялық жүйеде көптеген құрамдас
бөліктермен әрекеттеседі.
Жалпы каналды дабылдама (ЖКД) желісі арқылы интеллектуалды
желінің құрамына кіретін қызметтерді басқару түйініне (Services Control Point
– SCP) шығу мүмкіндігін айту қажет, бұл абоненттерге қол жетімді қызметтер
мен қосымшаларды тікелей Softswitch арқылы интеллектуалды қызметтермен
толықтыруға мүмкіндік береді. Шақыруларды өңдеу логикасы шлюздер
бақылаушысында (Media Gateway Controller – MGC) іске асырылады.
Softswitch басқа желілердің коммутациялық станцияларымен әрекеттесуі
Media Gateway (MG) жабдығы арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттар үшін
Megaco (Media Gateway Control) қосымша тобымен IETF (Интернет
мәселелері жөніндегі инженерлік топта) әзірленген MGCP (Megaco)
хаттамасы қолданылады. MGCP хаттамасы IETF әзірленгендіктен, негізінен
IP-технологиясына әзірленген. Электр байланыстың халықаралық Одағының
63
жұмысы нәтижесінде мәліметтердің құрылым түзбеген трафигін жібергенге
қарағанда, мультимедиялық ақпаратты жіберуге бағытталған H.248
нұсқаулықтар жобасы пайда болды. «NGN желісі моделінің нұсқасы»
суретінде үзік сызықпен негізінен IP және ATM технологияларына
негізделген пакетті желісі бар Softswitch байланысы көрсетілген. Пакетті желі
телекоммуникациялық жүйе трафигінің негізгі бөлігін өңдейді. Пакеттер
коммуникациясы бар желілерге ауысуды телекоммуникациялық жүйенің
сатылы эволюциясы арқылы жүзеге асырылады. NGN желілерінің
функционалды моделі жалпы жағдайда үш деңгеймен ұсынылуы мүмкін:
тасымалдау, коммутацияны басқару деңгейімен және ақпараттарды жіберу,
қызметтерді басқару деңгейімен. Қызметтерді басқару деңгейі қызметтер мен
қосымшалар логикасын басқару қызметтерінен тұрады және келесі
қажеттіліктерді қамтамасыз ететін бөлгіш есептеуіш ортадан тұрады:
инфокоммуникациялық қызметтерді ұсыну; қызметтерді басқару; әртүрлі
қызметтердің өзара әрекеттесуі. Коммутацияны және жіберуді басқару
деңгейлерінің тапсырмасы дабылдама ақпараттарын өңдеу, шақыруларды
бағыттау және ағындарды басқару болып табылады. Тасымалдау деңгейінің
тапсырмасы коммутация және қолданушы ақпаратын ашық жіберу болып
табылады. Қызметтерді басқару деңгейі қызметтердің ерекшелігін іске
асыруға және тасымалдау желісінің түріне (IP, АТМ, FR және т.б.) және
қатынау тәсіліне тәуелсіз қызметтер логикасының бағдарламасын қолдануға
мүмкіндік береді. Осы деңгейдің болуы сонымен қатар басқа деңгейлердің
қызметіне араласпай, желіге кез келген жаңа қызметтерді енгізуге мүмкіндік
береді. Осы деңгей өз абоненттері бар және бағыттаудың өз жүйелерін
қолданатын әртүрлі технологияларға негізделген көптеген тәуелсіз қосымша
жүйелерден тұрады. Егер NGN желісінің топологиясын жазықтықтар жинағы
түрінде келтірсе, онда төменде абоненттік қатынау жазықтығы (мысалы,
жіберудің үш ортасына: металл кабельге, оптикалық талшыққа және
радиоканалдарға негізделетін) болады, содан кейін коммутация жазықтығы
(арналар немесе дестелер коммутацисы) жүреді. Көрсетілген жазықтықта
қатынаудың мультисервистік түйіндерінің құрылымы бар. Оның үстінде
интеллектуалды қызметтер және қызметтерді эксплуатациялық басқару
жазықтығы орналасқан бағдарламалық басқару жазықтығын құрайтын
SoftSwitch бағдарламалық коммутаторлар орналасады. NGN – ның
технологиясының негізгі басымдылықтары:
Достарыңызбен бөлісу: |