5
енгізудің бірінші коммерциялық жүйесі қолданысқа енді. 1960 жылы
Америкада әлемде бірінші рет лазер жасалды. Бұл Нобель сыйлығын алған
кеңес ғалымдары В.А. Фабрикант, Н.Г. Басов және А.М. Прохоров және
американдық ғалым Ч. Таунс жұмыстары пайда болғаннан кейін мүмкін
болды. 1970 жылы американдық «Corning Glass Company» фирмасында өте
таза шыны алынды. Бұл байланыстың оптикалық
кабельдерін жасау және
бірге енгізуге мүмкіндік берді.
Электрбайланыстың қазіргі даму тенденциясы.
Цифрлық тарату жүйелерінің қарқынды дамуы аналогты тарату
жүйелерімен салыстырғанда бұл жүйелердің артықшылықтарымен: бөгеулікке
тұрақтылығының жоғарлығымен, байланыс линиясының ұзындығына тарату
сапасының тәуелсіздігімен, байланыс арналарының электрлік параметрлерінің
тұрақтылығымен, дискреттік хабарларды тарату кезінде өткізу қабілетін
тиімді пайдалануымен және т,б., түсіндіріледі. Қазіргі замандағы байланыс
желілерінің даму негізі интеграция процесінде. Интеграциялық процестердің
даму бағыты келесіде:
-
электрондау,
яғни,
барлық
техника
мен
электрбайланыс
технологиялары электрондық базаға көшуі;
- компьютерлеу –техника мен электрбайланыс технологияларының
компьютермен
қамтылуы, әр түрлі деңгейде желілік өзара әрекеттесу
интеграциясын жүзеге асырады;
- цифрландыру, өзінің артықшылықтарымен электрбайланысының
барлық құрылымдық компоненттеріне: арналар, тарату және қабылдау
құрылғыларына, коммутация және басқару жабдықтарына енді;
-
интеллектуалдау, интеграциялық процестердің пайда болуы,
электрбайланысының жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуына
ықпал етеді;
- глобализация, глобалды ақпараттық инфрқұрылымды құру идеясының
пайда болуы (тұтынушыға ақпаратты жеткізетін транспорттық байланыс
желісі және таратылған қатынас желілері құрайды);
- стандарттау, негізгі құжат стандарт болып табылады. Себебі,
электрбайланыс жүйесі әлемдікпен үйлесімділік
тауып бірігуі, сонымен
қазақстандық байланыс аумағындағы стандарттар мейлінше әлемдікке жақын
болуы тиіс.
Телекоммуникациялық технологиялардың ары қарай дамуы ақпаратты
тарату жылдамдығын арттыру бағытында болады, желіні интеллектуалдау
және тұтынушылардың мобилдігін қамтамасыз ету. Жоғары жылдамдықтар -
бейнені тарату үшін қажет, соның ішінде телевизиялық, әр түрлі ақпараттарды
мультимедиялық қосымшаларда интеграциялау, жергілікті, қалалық және
аумақтық байланыс желілерін ұйымдастыру. Интеллектуалдық - желінің
иілгіштігі мен сенімділігін арттырып, глобалды
желілерді басқаруды
жеңілдетеді. Электрондық құрылғыларды кішірейту жетістігі, олардың
бағасының төмендеуіне мобилді құрылғылардың дүниеге келуіне септігін
тигізеді.
6
Телекоммуникация желілерін құрудың жалпы принциптері
Қазақстандық
телекоммуникация
негізі
Қазақстан
аумағында
орналасқан электр байланыстың барлық желілерін біріктіретін ҚР
телекоммуникациясының Бірыңғай желісі болып табылады [2]. ҚР ТБЖ басқа
елдердің электр байланыс желілерімен байланысқан және дамитын ЖАИ
әлемдік ақпараттық кеңістікте маңызды орын алады. ҚР ТБЖ құрамына
жалпы қолданыстың телекоммуникация желісі (ЖҚТЖ) және келесілерден
тұратын: ведомстволық және белгіленген желілер, арнайы тағайындаудағы
телекоммуникация
желілері,
корпоративті
және
электромагнитті
сигналдардың көмегімен ақпараттарды жіберудің
басқа да желілері ҚР ТБЖ
шектеулі қолданыс байланысының желісі кіреді (1.1 суретті қара).
Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісі
Жалпы қолданыстағы
телекоммуникация желісі
Өзара байланыс
Шектеулі қолдану байланысының желісі
Телекоммуникацияның белгіленген желісі
Телекоммуникацияның ведомстволық желісі
Телекоммуникацияның арнайы арнаудағы желісі
Корпоративті және электромагнитті сигналдар
көмегімен ақпаратты жіберудің басқа да желілері
Барлық жеке және заңды
тұлғалардың қолдануы үшін
ашық.
Қызмет көрсетуге шектеумен
1.1 сурет –Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай
желісі
ЖҚТЖ бірге ведомстволық байланыс желілерінің қосарлануы шарттық
негізде орындалады. Ведомстволық желілерді тұрғындарға байланыс
қызметтерін көрсету үшін қолдануға болады және кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға лицензияларды алған кезде басқа да қолданушылар қолдана алады.
Белгіленген байланыс желілері – бұл телекоммуникацияның ЖҚТЖ шығысы
жоқ жеке және заңды тұлғалардың желісі.
ЖҚТЖ бірге белгіленген байланыс желілерін қосарланған кезде бұл
желілер ЖҚТЖ категориясына өтеді. Арнайы арнаудағы желілер ЖҚТЖ
каналдары базасында жасалады және қорғаныс, қауіпсіздік және тәртіп сақтау
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар үкіметтік байланысты
қамтамасыз ету үшін арналған.
Корпоративті
желілер
жеке
кәсіпорындардың
(фирмалардың,
ұйымдардың, акционерлік қоғамдардың және т.б.) желілерін біріктіреді және
заңды тұлғалардың басқарма және өндірісішілік мақсаттарды жүзеге
асыру
үшін арналған. Байланыс желісі байланыс құралдарынан және желілерінен
тұратын және электр байланысы үшін арналған технологиялық жүйеден
тұрады.
7
Байланыс құралдары – бұл электр байланыс хабарламаларын
қалыптастыру, қабылдау, өңдеу, сақтау, жіберу, жеткізу үшін қолданылатын
техникалық және бағдарламалық құралдар, сонымен қатар байланыс
қызметтерін көрсету үшін немесе байланыс желілерінің қызмет етуін
қамтамасыз ету кезінде қолданылатын техникалық және бағдарламалық
құралдары. Байланыс желілері – жіберу желілері,
физикалық тізбектер және
байланыстың ЖКҚ, яғни электр байланыстың құрылыстары және
байланыстың кабельдерін салу үшін жасалған немесе бейімделген инженерлік
инфрақұрылымдардың өзге де объектілері
Достарыңызбен бөлісу: