57
Құжаттық электрбайланыс қызметтері [22]:
-телеграфтық қызмет (жалпы қолданыс желісі, абоненттік телеграф,
газеттерді жіберу және халықаралық телекс)- хабарлауды әріпті- сандық түрде
жеткізу қызметі, сондай-ақ телеграфтық байланыс жүйесін қолданғанда,
тұрғындар мен кәсіпорындарға жасалатын қызметтер жиынтығы;
- деректерді тарату қызметі ( ЭЕМ –ның локальдық желілері,, ЭЕМ-ның
өңірлік желілері, корпоративтік желілер мен Интернет)- ЭЕМ үшін әртекті
көлемді деректерді (хабарларды) жеткізуді орындайтын қызмет;
- факсимильдік қызметтер (факс-қызметтер,электрондық пошта, АВ-
конференциялар, ақпаратқа қол жеткізу қызметтері мен анықтамалық
қызметтер)- факсимильді терминалдар арасында құжаттарды (хабарларды)
жіберу қызметін жасауға арналған қызметтер;
-телематикалық қызметтер (ТМ) – ақпаратты электрбайланыс желілері
арқылы
таратуға арналған телефондық, телеграфтық және деректерді тарату
қызметтерінен басқа, электрбайланыс қызметтері.
Жалпы қолданыстағы телеграфтық желі тұрғындар мен кәсіпорындарға
байланыс бөлімшелеріне түскен хабарларды қабылдау, жіберу және мекен-
жай иелеріне жеткізу бойынша қызметтер кешенін береді.
Абоненттік телеграф осы қызмет абоненттеріне телеграфтық
хабарларды беру және телеграфтық келіссөздер жүргізу мүмкіндігін
береді.Осы қызмет абоненттеріне нөмір бөлініп, абоненттік телеграф желісіне
қосылған телеграфтық аппарат орнатылады. Қызметтің абоненттері заңдық
тұлғалар болып келеді.
Телеграфтық хабарды шет елге жіберу мүмкіндігін ТЕЛЕКС қызметі
қамтамасыз етеді. Бұл - оның абоненттік телеграф қызметінен негізгі
айырмашылығы.
Шектелген аумақты қамтитын, әдетте станциядан қашықтығы бірнеше
ондық не жүздік метрден аспайтын, сирек жағдайда - 1,2 км болатын
есептеу желілері локалдық есептеу желілері (ЛЕЖ) деп аталады.
Бір қәсіпорын немесе бір не бірнеше жақын
орналасқан ғимараттарда
жайғасқан мекемелер аумағын қамтитын, өз ара байланысқан локалды есептеу
желісі жиынтығы корпоративті желі деп аталады. Едәуір географиялық
кеңістікті қамтитын желілер жахандық деп аталады.
Әр текті жахандық, өңірлік, локалдық және корпоративті желілерді
біріктіріп, оларға бір тұтас технология бойынша белгілі бір қызметтер
жиынын беретін жахандық желі- Ғаламтор деп аталады.
Телематикалық («телекоммуникация» мен «информатика»дан шыққан)
қызметтер әр түрлі нысандар, машиналар мен адамдар арасындағы
ақпараттық алмасуларға арналған.
Факсимильдік байланыс – бұл кез келген жылжымайтын кестелік
бейнені шығару және жіберу қызметі.
Электрондық пошта – абоненттік терминалдар арасында аралық
жинақтағы электрондық хабарлармен алмасуға арналған ТМ қызметі.
58
Телеконференция қызметі аумақтық оқшауланған қолданушылар
,немесе қолданушылар тобы арасында шынайы
уақыт тәртібінде мәтіндік,
дыбыстық және видео хабарлауларды жіберу мүмкіндігі бар байланыс
сеансын өткізуге арналған.
Егер де қолданушылар арасында дыбыстық ақпаратпен алмасу
жүргізілсе, онда конференция аудио конференция деп аталады, ал егер
дыбыспен қатар кескін де берілсе, онда конференция бейнеконференция деп
аталады. Дыбыспен қатар бір мезетте мәтіндік ақпарат та берілуі мүмкін
(аудио –кескіндік конференция). Дыбысты жіберу қызметтері аумақтық
оқшауланған қолданушыларды деректерді дестелеп жіберу желісінің қорын
пайдалана отырып, шынайы уақыт тәртібінде сөздік ақпаратпен алмасу
мүмкіндігімен қамтамасыз етуге арналған.
Ақпараттық қорларға қол жеткізу
қызметі- ТМ қызметінің
қолданушының сұрау салу пішінінде білдіретін өз ынтасымен ақпараттық
қорларды алуына арналған және жеткізіп берушіден алынған ақпараттық
қорларды орналастыру (мысалы WWW қызметтері) мен сақтау қызметтерін
беру түрі.
ДТ желісі ақпараттық- есептеу желісі (АЕЖ) құрылуының өзегі, негізі
болғандықтан, кейде оны ДТ –ның негізгі желісі деп атайды.
Әрекеттегі және жасалынып жатқан ДТ желілері құрылымы бойынша,
қалыптасу үдерістері, техникалық құралдар мен бір қатар өзге белгілерімен
[23] айтарлықтай өзгешелінеді. ДТ желісінің жіктелуі 14.1 суретте келтірілген.
Алғашқы кезеңдерде деректерді тарату үшін, дәстүрлі желілер қолданған.Бұл,
ең алдымен жалпы қолданыстағы телефондық желілерді пайдаланатын ДТ
желілерін ұйымдастыру. Бұл желінің негізгі ерекшелігі оның кең
тармақтылығы. Алайда, ЖҚТЖ келесі себептерге байланысты, ДТ
талаптарына толықтай жауап бере алмайды:
- хабар жіберудің аналогтық тәсілі;
- жіберу жылдамдығының төмендігі ( 2400 бит/с төмен);
- байланыс
орнатуға едәуір уақыттың кетуі;
- байланыс орнатудағы жиі тоқтап қалулар, негізінен пайдалы белгі
берудің рұқсат етілген жоғары емес деңгейіндегі импульстық арнайы
кедергілер.
ДТ үшін АТ мен «Телекс» желілерін пайдалану да бір қатар
кемшіліктермен қабат келеді:
- жіберудің төменгі жылдамдығы ( 200 бит/с төмен );
-дәлдік төмендігі – қателіктің болу ықтималдығы 10
-3
белгісінде;
-қатаң кесімделген бастапқы МТК-2 коды мен жұмыс тәртібі
(стартстоптық).
Сандық ДТ желісі дәстүрлі желілермен салыстырғанда жоғары
дәлдікпен, жіберудің жоғары жылдамдығымен, байланыс орнатуға кеткен
уақыттың аздығымен және жоғары сенімділігімен сипатталынады.
59
14.1 сурет - Деректерді тарату желісінің жіктелуі
Қателіктің бой алу ықтималдығының белгісі бұл желілерде төмен
немесе 10
-6
…10
-7
тең. ДТ-дың жоғары жылдамдықты
арналарының тарату
жылдамдығы –ондаған, жүздеген кбит/с және ондаған Мбит/с. Түйісу сандық
жүйелік болғандықтан, байланыс орнату уақыты бірнеше с. қысқарады.
Сандық желі сенімділігі оның бөлшектерінің мейлінше жоғары сенімділігіне
байланысты қамтамасыз етіледі: ТСЖ АЖБ-да жүзеге асырылуы, түйісу
жүйесі жабдықтарының резервтелінуі және де ЭЕМ негізінде жүйені
басқарудың икемділігі. Бұл жүйе ДТ желісін оперативті басқаруға, оның
жай-күйін тиімді бақылауға, ал жеке бір бөліктері қатардан шығып қалған
жағдайда- айналып өту жолдарын табуға мүмкіндік береді. АТ-дегі ДТ
жүйесін екі топқа бөлуге болады: асинхрондық және синхрондық.
Асинхрондық желілерде біртұтас синхрондық болмайды, жеке тарату желілері
мен коммутациондық станциялар өзіндік такттік генераторларға ие.
Синхрондық желілерде өтіп жатқан барлық үдерістер (тарату мен түйісулер)
уақыт бойынша біркелкі дереккөздегі бірыңғай такттік синхросигналмен
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: