Байниязова жанар төлеубайқызы Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері



бет2/28
Дата01.03.2024
өлшемі208 Kb.
#493923
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
19 5

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұсынылып отырған жұмыс шағын көлемді біртілді сөздіктің ғылыми негіздерін, сөзтізбе құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Осы сала бойынша қазақ тіл білімінде жүргізілген зерттемелердің көпшілігі өзге тілді азаматтарға арналып жасалатын екітілді аударма сөздіктердің құрылымын қарастыруға бағышталған болатын. Бірінші кезекте өз ана тілін үйренушілерге бағдарланған, екіншіден Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін өз бетінше үйренгісі келетін өзге тілді (отандас және шетелдік) азаматтар үшін де өте пайдалы болатын біртілді шағын сөздіктің құрылымы іс жүзінде бұған дейін зерттелген емес. Көпұлтты, көп конфессиялы республика жағдайында халықты ұйыстыратын басты факторлардың бірі мемлекеттік тіл болғандықтан, оны үйренуге қолайлы жағдай тудыру - ғылыми қауымның басты міндеттерінің бірі. Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналып түзілетін шағын көлемді сөздіктерді түзудің ғылыми негіздерін зерттеу осы аталған міндетті жүзеге асыруға қызмет етеді. Оқу лексикографиясының теориялық мәселелерінің жан-жақты зерттелінбеуі, зерттелген жағдайда да тәжірибеге енгізілмеуі еліміздегі сөздік түзу ісінің жай-күйіне кері әсерін тигізуде. Осы жайт қазақ тілінің қолданымға ыңғайлы шағын көлемді сөздіктерін зерттеу мен құрастыру ісіне тікелей қатысты. Дидактикалық, ғылыми және анықтамалық интенциялардың теңгермелі болуын ескере отырып жасалатын біртілді шағын оқу сөздігінің ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу қазіргі таңдағы қазақ теоретикалық лексикографиясында маңызды мәселеге айналып отыр. Аталған жайттар зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің негізгі нысаны – оқу лексикографиясындағы қазақ тілінің лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын оқу сөздігін жасаудың ғылыми-теориялық негіздері, оның сөзтізбесін түзудің құрылымдық ерекшеліктері.
Зерттеудің пәні. Тіл білімінде лексикографияның жеке саласы ретінде қарастырылатын оқу лексикографиясы.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Дереккөздер ретінде шағын оқу сөздіктерінің отандық және шетелдік үлгілері, оқу лексикографиясының жалпытеориялық, құрылымдық мәселелері зерделенетін ғылыми еңбектер, қазақ лексикографиясының тарихы бойынша жасалған зерттемелер, шағын көлемді оқу сөздігін түзудің тәжірибесі мен ғылыми негіздері қарастырылатын зерттеу еңбектері пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет