Байниязова жанар төлеубайқызы Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері


«Теоретикалық лексикографияның ғылыми негіздері»



бет6/28
Дата01.03.2024
өлшемі208 Kb.
#493923
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
19 5

«Теоретикалық лексикографияның ғылыми негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде теоретикалық лексикографияның құрылымдық негіздері зерттеледі. Лексикографияның теориясы мен тарихы құрамындағы негізгі категориялардың мазмұнына талдау жасалады.
Адам баласының тілі - негізінен сөздерден тұратын тіл. Осыны білгендіктен Ф.Соссюр «сөздердің тіл механизмінің өзегін құрайтындығын» жазған болатын. Осыған ұқсас «Сөз – тілдегі сөздік құрамның негізгі бірлігі ғана емес ол, сонымен қатар, жалпы адамзат тілінің орталық өзегін құрайтын бірлік» деген тұжырымды орыс ғалымы А.И.Смирницкий де айтқан еді [1].
Лексикография – лингвистикалық қызметтің барлық нәтижелерін жария етіп, жарыққа шығаратын негізгі канал болып табылады (В.В.Морковкин). Оның үстіне, тіл білімі ғылымында сөздің барлық қасиеттерін жинақты түрде қарастыратын бірден-бір саланың да лексикография болып табылатындығы белгілі. Осы тұрғыдан лексикографияны тіл туралы ғылым санатындағы лингвистика мен тілді танып білуге ықыласты қоғамның арасын жалғайтын тілдесім қызметі деуге болады.
Адамзат қоғамында практикалық лексикографияның пайда болып, сөздіктердің түзіле бастағанына төрт мың жылдан астам уақыт өткен. Ал содан бергі кезеңде жасалған сөздіктердің жалпы саны, ХХ ғасырдың ортасында жасалған санақ бойынша, он мыңнан асқандығы белгілі. Лексикография мәселелерін зерттеушілер сөздік түзу саласында мол тәжірибе жинақталғанымен, сөздік құрастыру тәжірибелерін қорытып, ғылыми талдау жасаудың, оны жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздемесін даярлау ісінің тым кеш қолға алынғанын айтады. Расында да, лексикография атты ғылым саласының XX ғасырдың ортасына дейін жетілген теориясының болмағандығы да шындық. Осы орайда, лексикография теориясының мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, оны жеке ғылыми пән ретінде қарастырудың XX ғасырдың орта кезеңіндегі академик Л.В.Щербаның еңбегіне дейін [2] жүйелі түрде жүргізілмегенін айтпай отыра алмаймыз. Теориялық мәселелерді зерттеудегі кемшіліктер лексикографиядағы практикалық жұмыстардың болашағының айқын болмауына, сапасының нашар болуына әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет