Байқоңыр – ғарыш айлағы және оның қоршаған орта жағдайына әсері



бет10/11
Дата02.01.2022
өлшемі1.57 Mb.
#453332
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байқоңыр - ғарыш айлағы

Ғарыш ұшу аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан – 16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында


Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:
  • ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
  • атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарыман ластайды;
  • атмосфераның озон қабатын бұзады;
  • территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;
  • қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
  • ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.

Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:


  • қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;
  • егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;
  • токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;
  • аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.

Қорыта айтқанда, атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш аймағынан ұшырылатын зымырандардың жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқым келеді.

Сондықтан жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет