Байқоңыр - Қызылорда облысыҚармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.
Байқоңыр - Қызылорда облысыҚармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді.
Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан.