Байқоңырдың негізгі объектілеріне: - техникалық тұғырлар;
- старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар),
- ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.;
Көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: - отын (жанармай) сақтайтын алаң;
- сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар,
- энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер,
- байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады.
Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |