21
- өзіне деген қатынасы (қарапайымдылық – нарциссизм, өзін-өзі сынау –
өзіне сенімділік, тәкаппарлық – кемсіту, т.б.);
- меншікке деген көзқарас (жомарттық – сараңдық, үнемшілдік –
ысырапшылдық, ұқыптылық – ұқыпсыздық және т.б.).
Адам мінезінің көріністері
әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға
қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен
қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байланысты болады.
Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет
түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын,
ерік-жігер
қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
Ерік-жігер айтылған жерде нәпсі де айтыла жүретінін ескергіміз келеді.
Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігінде
нәпсі сөзінің
сегіз түрлі мағынасын беріпті: НӘПСІ а. ( ذ غ سнәфс: 1. душа; 2. кровь; 3. человек;
4 грам. лицо; 5. намерение, желание, охота, аппетит; 7. гордость; 8. сущность
чего-л.) – страсть, страстное желание [19, б. 215]. Көріп отырғанымыздай, нәпсі
сөзінің алғашқы мағыналары – жан, қан, адам екен. Нәпсі ұғымы ислам
философиясындағы негізгі ұғымдардың бірі. Солай бола тұрса да ауызекі тілде
және қазақ тілінің лексикасында нәпсі ұғымы кейінгі мағынасында, құмарлық,
бір нәрсеге қатты құмарту мағынасында ғана қолданылады. Ал
оның әуелгі
мағыналары – жан, қан, адам – мүлдем дерлік семантикалық тұрғыда жұмыс
істемейді деп батыл айтуға болады.
«Нәпсі – алдаушы дұшпан» – қазақ дүниетанымында орныққан түсінік
осындай. Нәпсі сөзінің семантикалық қатпарларын түсіну үшін ислам
ғұламаларының еңбектеріне сүйенеміз. Шәкәрімше айтсақ – ақылды жан, ақыл
қонған жан рухқа айналады, ақылсыз жан нәпсінің бодауына түседі.
Табиғатынан ақылды жан (рух) өзін тірілтіп алмаса, ондай жанды нәпсі билеп
алады ды, ондай
жан енді толықтай нәпсіге, дененің қажетін өтеуші жанға
қызмет ете бастайды екен.
Қазақ айтады: «Менімен тіресу үшін екі рет туып кел» – деп. Екінші рет
туу – рухани туу, нәпсі мен шайтанды жеңе отырып, екеуінің арасын жарып өтіп
рухани қайта туу. «Адамның адамшылығы – көрінбей тұрған қалыпта, рухта,
ғақылда, нәпсіде, сырда ризық барлығын біліп, сондай ризықлар бирлан
ризықланып, халық-жұртқа һәм сол ризықлардан үлес несібе үлестірсе. Хазірет
Ғиса ғалиассаламнан жәдігер қалған бір сөз бар: «Кім де кім болсын, екі тумай,
іске жарамайды» – деген. Бір туғаны анасының құрсағынан шығып, шешесінің
жатырының қараңғылық, тарлық, қиындығынан жарық дүниенің жүзін шығып,
қанмен араласқан жаман сулардан құтылып, қалқиып,
қарайған кісі болғанды
айтады. Екінші туатыны – хайуандық дәрежесінде қалдыратын мінездерден
құтылып, адамдық дәрежесіне білге, ішпейтін, жемейтін періште сипат болуға
тырысып, өз қарақан басыңның ішітығың, не жұмыс үшін жаратылғандығын
түгел танып, көзге көрініп
тұрған ғылымлы сорда қалмай, ғылым мағына
жұмысымен айналысуды айтады. Солай болғаны үшін әуелгі шешеден туғанды
қанағат қылып: «Сонымен кісі болдық» – дегендер жаны жоқ өлік есебінде
болып ел болудан, жұрт болудан қалып барады да» деп Мәшһүр Жүсіп өткінші