23
Дегенмен, мінезге қатысты ықтималдық ұғымының өзі шартты түсінік, себебі
бұл мүмкіндіктің әрқашан пайда бола бермейтінін білдіреді. Әйтпесе бұл жай
ғана механикалық мінез-құлық мәселесі болар еді. Осылайша, мінез-құлық
қасиетін «белгілі бір жағдайларда пайда болатын әр түрлі қылықтардың тұрақты
формалары немесе заңдылықтары» ретінде түсіну ұсынылады [23, б. 20].
Қазақ тілінде мінез сипатына қатысты
құлық деген де сөз-ұғым бар. Бұны
алғаш түсіндірген сөз зергері М.Ж.Көпеев: «Құлық» – деген адамда болған
мінездің ең барып тұрған оңды жақсысы. Солай болғаны үшін қазақ өз бетімен
көшіп-қонып, өсіп-өніп жүрген күнде әр таптың бір биі болып, ел-жұрты: «Қой
үстіне торғай жұмыртқалатып» билеп тұрды. Сонда айтысып жүрді: «Тайдың
жорғасы түйе болады, Жігіттің жорғасы еліне ие болады» – деп. Мұнан мағлұм
болды: ел билеуге жараған – мінез-құлқы басқадан озық болғандықтан
билегендігі. Қазақта өлең бар:
Құтылмас көптен, қоян, қамалаған,
Тәңірі атар ер дұшпанын табалаған.
Төрт бұрышын бұ дүниенің түгел ойлап,
Ер азбас, өз ақылын шамалаған!
Бұл құлық, жақсы мінез – өзін-өзі шамалап, өзіне-өзі құн баға пішіп кесуге
ақыл есі түгел жеткен жаннан табылмақ екен» дейді [20, б. 33].
Қазақ сөзі айтады: «Әуелі өзіңнің үйіңе жақ, онан соң ауылыңа жақ, онан
соң отан-аймағыңа, онан соң халқыңа жақ. Сонан соң барып Құдайыңа жақ!» –
дейді екен. Әне – дін, әне – өсиет, әне – қасиет.
Бұл құлық мінез – адам жаратылыста өзімен бірге жаралған нәрсе. «Жорға
жүрісінен
пұл болады, жаман жүрісінен құл болады». Ақыл-есіне ие болуға
жараған жан шаппай, желмей, өз бойындағысын өзі тауып алып толықтырып,
өсіріп, жұрт көзіне түсіреді. Бұл құлық – адам ізгілік, жақсылық, жағымдылықты
– біреуге жағыну, біреуге сүйкімді көріну үшін емес, өзі ақжүректік, адал
көңілділік, туралық, түзулікте табан аудармай тұрып қалғандықтан тапқан»
дейді қазақ ойшылы Ж.Көпеев [20, б. 34].
Кейбір адамдар іске ойланбастан кірісіп, шапшаң бітіріп тастағысы келеді.
Мұндай қасиет мінезі жеңіл, қызуқанды адамдарға тән. Басқа біреулер іске
кіріспестен бұрын асықпай ойланып, оны тиянақты бітіргісі келеді,
бұл мінезі
ауыр, салқынқанды адамдарға тән. Мінез дегеніміз жеке адамдардың тұрақты,
өзіне тән психологиялық сапасының көрінісі.
Ендеше қазақ тіліндегі құлық пен қылық сөзінің шығу төркіні бір, тек кейін
семантикалық дифференциация жүрген. Сөйтіп, қылық адамның белгілі бір
жағдаят кезінде жасайтын, айналасы білетін, содан сондай әркетті күтетін сипат
болып танылды да, ал құлық деген сөз мінез сөзімен қосарланып мінез сипатын
білдіретін атауға айналды.
Мінезді қалайтын құрылымдар
сезім, көңіл, жігер, сана болып келеді.
Мінез соңында адам санасымен тығыз байланысты болады. Сана адамның
бойындағы психологиялық барлық процеске басшылық етеді. Адамның мінезіне
әсер ететін оның сезімі болады. Сол сезім арқылы адам айналасындағы
құбылыстарға өзінің бағасын беріп отырады. Ол адамға жақсы-жаман, ұнамды-
24
ұнамсыз, қажетті-қажетсіз сияқты түрлі деңгейде әсер етеді. Егер де адамның
айналасындағы болмыс пен құбылыстар оның көңілін жабырқатуы мүмкін.
Себебі көңіл ылғи да сыртқы немесе ішкі әсерлерден туындайды. Ал өз кезегінде
көңіл-күй адамның мінез құлқына әсер етеді. Егер де адам көңілді болса, ол
ашық-жарқын мінез көрсетіп, шат-шадыман күйде болады,
көңілі жабырқау
болса ызалы, болмашы нәрсеге ашуланғыш болып келеді.
Адам мінезі барлық уақытта бір қалыпты болып тұрмайды, ол адамның
жасына да байланысты. Жас ұлғайып, ақыл-ойы толысып, өмір тәжірибесі
көбейген сайын адамның мінезі де өзгере бастайды. Егер адам жасында қиялға
берілгіш, арманшыл, белсенді болып келсе, өсе келе өмірге шын көзімен
қарайтын
парасатты, жалған мен ақиқатты айыра алатын, әлеуметтік
кемелденген тұлға болып қалыптасады. Сонымен қатар, жер бетінің әр
тұсындағы адам табиғатының қалыптасу процесіне көз жіберсек, ол өмір сүріп
отырған ортаның ерекшелігіне тығыз байланысты болатынын, климаттың әр
жерде әртүрлілігі ұлттық темперамент, салт-сана, дәстүр,
әр халықтың
тіршілігінің, мәдениетінің дамуына, менталитетіне өзінің әсерін тигізетінін,
осылардың жиынтығы адамның мінез-құлқын қалыптастыратынын айтады
зерттеуші Ә.Нілібаев [24, б. 169-181].
Әр дәуірдің, әр қоғамның, әр нәсілдің, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі бар.
Адамның мінез-құлқына географиялық, климаттық,
тіпті геологиялық
ерекшеліктер де әсер етеді. Мысалы, қиыр солтүстік пен қиыр оңтүстік
адамдарының мінез-құлқы бір-біріне ұқсамайды деген сияқты көптеп келтіруге
болады.
Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уасаллам” «Адамның денесінде бір ет
бөлшегі бар. Ол жақсы болса, бүкіл мүшелер жақсы болады. Ол жаман болса,
бүкіл мүшелер бұзық болады. Ол – көңіл» деп бұйырған. Яғни біздің жүрек деп
атайтын бір бөлшек етте болатын қуатқа ишарат етілген. Көңілдің жақсы болуы
– жаман мінезден тазарып, жақсы мінезбен безенуі дегенді білдіреді. Көңілді
діни санада былай анықтайды: «Адамның бақыттылығы мен бақытсыздығының
тоғысатын жері – көңіл. Көңілдің қалауын іске асыруды және бақытты болу үшін
дене жүректі қолданады. Көңіл дене жүрегіне ғайып (көзге көрінбейтін) әлемнен
келіп кіргені үшін, дене оның қалауын қанағаттандырғаны мен шынайы бақытқа
жетпейді. Себебі көңіл бұл дүниеге жат болғандықтан, өзінің бастапқы келген
отанына оралуды қалайды. Адам жүрекпен дененің қажеттіліктерін басынан
кешіріп, өмір сүреді. Ғазалише жүректің қажеттілігі, Аллаһты
білу және Оны
сүю. Дененің қажеттілігі болса азықтану, дем алу және сол сияқты т.б. амалдар
жатады» [25, б. 11-16]. Қазақ халқы көңілге аса мән беретін халық.
Көңіл көңілден
су ішеді, көңіл қалу, көңіл бір атым насыбайдан да қалады, көңілі жақын деген
тіркестер адам мінезін қалыптастыратын және адамдар арасындағы мінез
арқылы қарым-қатынас жасайтын жағдайды реттеп отыратын ұғым екенін
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: