Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет207/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   348
18.08.2023 dis

АСТАМШЫЛ сын. 1. Дандайсыған, кекірейген, кесір. Кітап өзімізде бармен көзге 
ұрып, өзгеден артылсақ деген астамшыл пиғыл жетегінде емес, кем-кетігімізді жөндесек, 
орныбар, бірақ өзі олқы түсіп жатқан тұстарымызды орнына келтірсек деген ниетпен 
жазылғандығымен де оқырман жүрегіне бірден жол табатындығына сенімдіміз («Қаз. 
әдеб.»). 2. Өктем, асқақ. Ол Разумовтың әрбір қимылын қадағалап бақса да, совет 
генералының кескінінен жеңген жақтың астамшыл ірілігін сезе алмады (Ә.Нұрпейісов, 
Күткен күн). Махамбеттің ойына ен далаға ел қондырмақ болмақ болған астамшыл да іңкәр 
кездері оралады (Т.Әлімқұлов, Туған ауыл). 
102. 
АСТАРЫ БАР, ТЫСЫ ЖОҚ бейн. Күштi болып көрiнуге тырысып жүретiн әлсiз, 
аузымен орақ оратын пысықай (адам). Өзi осалдың сенi басар пысы жоқ, Ол бiр сорлы 
астары бар, тысы жоқ. Олар саған қожамын деп ойлайды (Қ.Мырзалиев, Домбыра). 
103. 
АСЫҚҚЫШ сын. Сабырсыз, шыдамсыз. Дұшпанның артынан өкшелей қуып жеткен 
қыпшақ жігіттері желкеден соғып, асыққыш немелерді әп-сәтте турап тастады 
(О.Сәрсенбаев, Сағым). 
104. 
АТАҚҚҰМАР сын. Атаққа әуес, мансапқұмар. Атаққұмар Ақкірпік пен Есдәулет 
жарылып кете жаздады (Д.Әбілев, Арман.). Атаққұмар кісі жалғандыққа мәз болады 
(Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). 
105. 
АТАҚШЫЛ сын. Даңққұмар, атағын шығаруға әуес. «Жұрттың бәріне жақсы 
көрінгіш, атақшыл неме, сенің ақылыңа болайын», – деп тұрсың ғой (Ж.Жұмаханов, 
Жазылм.кітап). 
106. 
АТҚЫН сын. жерг. Азғын, бұзылған. Мынау атқын қайдан келген (Қаз. тілі. диалек. 
сөздігі). 
107. 
АТТЫНЫҢ АЯҒЫН, ЖАЯУДЫҢ ТАЯҒЫН АЛҒАН Қу, сұм, айлакер. Үсейін 
маған бір тиын да бермес! Ол аттының аяғын, жаяудың таяғын алған қу ғой (I.Жансүгіров, 
Шығ.). 
108. 
АУЖАР сын. сөйл. Ожар (қызба, оғаш). Ол тек өзінің аужар мінезімен үй сыртына 
барған соң, ат үстінде шірене берді; үйге кіріп атақты адамға сәлем беріп, жүгінесөйлеудің 
орнына, анадайдан: – Ау, кім бар? – деп айқайлады (X.Есенжанов, Ақ Жайық). 


232
109. 
АУЗЫ АЛА Ауыз бірлігі жоқ, ынтымақсыз, берекесіз. Дұшпаның қайтсын күш алмай, 
Ылау сұрап, атыңды Тартып алып мінеді, Аузың ала болған соң (ХVІІІ–ХІХ ғғ. қаз. ақын.). 
110. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет