Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет215/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   348
18.08.2023 dis

ӘЛІПТІҢ АТЫН БІЛМЕС Сауатсыз, надан. Әліптің атын білмес надан сопы, 
Қорқамын бола ма деп діннің соры (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
151. 
ӘҢГҮДІК сын. Даңғой, есерсоқ, әулекі, әумесер. Адамды ақын ететін де, әңгүдік ететін 
де өмір ғой, Владимир Евгеньевич (Ә.Нұршайықов, Жомарт өлке). – Әлгі университетті 
бітірiп кеп, Ақтұмадағы бастауыш мектепке кеткен осы әңгүдік екен ғой. Шіркіннің 
дипломын маған берсе ғой (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). Бүгін, міне, сенің туған күніңде 
Қандай тілек айтсам екен, бауырым? Саған байлық тілер ем мен, бірақ ол – бір әңгүдік 
Есігіңнен кіргенімен паң күліп, Жүргенімен шеру тартып, сән құрып, Саған жолдас бола 
алмайды ол мәңгілік (М.Шаханов, Ғасырлар.). 
152. 
ӘҢГІМЕЛІ сын. Әңгімесі көп, сөзі көп.≈ Әңгімелі адам. Әңгімелі болды. Басына іс 
түсті, қауіп төнді. Балам, патшаның өз басы әңгімелі болып жатыр деген не? – деді Мөңке 
(Ә.Нұрпейісов, Шығ.). 
153. 
ӘҢГІРЛЕК сын. Даңғырлақ, дарылдақ. Әңгірлек болма, әдепті бол (Ә.Сәрсенбаев, 
Сең). 
154. 
ӘҢКҮС сын. жерг. Әумесер, даңғой. Қарсы жақ қалмақ жігіттері екен; той іздеп, салт 
қуған әумесер, әңкүс серілер (Д.Досжанов, Жібек.). 
155. 
ӘПЕНДІ зат. 1. Қожанасыр, мәжнүн, алаңғасар адам. Біздің қожайын да әпенді 
шатыс, қарапайым адам ғой (Қ.Баялиев, Дегелек.). Мұндай әңгіме айтқан адам әлгі аңды 
тек қана аң деп қана санайтын жай адамға әпенді көрінуі ықтимал (Қ.Тәукебаев, Айлалы.). 
Сыңқылдасып, күлісіп, сырды ақтарып, Сылқым жастар барады қырға аттанып. Әпенді 
қарт көтеріп немересін, Әжеміздің алдында тұр мақтанып (М.Мақатаев, Шығ.). 
Шалқаншама аңғал, әпенді болғанымен, жүрегі таза еді (Ә.Қалмырзаев, Ар).  
156. 
ӘПЕРБАҚАН сын. 1. Есерсоқ, есірік, сотқар, ұрда-жық (адам). Көзіне құйылған 
жасты қарсы алдында анталап отырған әпербақан жігіттерге көрсеткісі келмей, төмен 
қарап, жер шұқылап қалды (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). 2. ауыс. Асау, аңғырт. Өйткені 
әпербақан мал екен; жер ошақтан қарғып кеткенде, Қартқожа қопаң етіп түсіп қала жаздап 
еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). // Есерсоқ, есірік адам. Ол Шыманның кайрап салғанына 
көтеріліп, «Сарыны не тірі ұстап беремін, не өлтіремін» деп, екі білегін сыбанып, соңына 
өзі сияқты әпербақандарды ертіп, Сарының келетін күнін аңдып жүрген қолшоқпар еді 
(А.Жұбанов, Замана.). Асқанға тосқан дегендей, Рысбек сияқты әпербақандарға жүген 
кигізіліп, аяғына тұсау салынған (З.Ақышев, Жесірлер). 
157. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет