Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет206/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   348
18.08.2023 dis

77. АРАМ ауыс. Қара ниетті, сұм, жауыз. Адал менен арамның арасы, Жақсы менен 
жаманның арасы Жер мен аспан секілді, Арам биді би десең, Шайтан, малғұн шаһаріне 
Базарын қосқан секілді (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Адасқанның алды – жөн, арты – 
соқпақ, Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ. Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп, Әсте жоқ 
кеселді істен биттей қорықпақ (Абай, Тол. жин.). Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың, 
Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың. Жанымен сүйді әділет ардың жолын, Сондықтан ол 
иесі терең ойдың (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Кісі ақысын көп жеген арам емей немене? (Үш 
ғасыр.).  
78. АРАМ НИЕТТІ Теріс пиғылды, жаман пікірлі. Батадан батаның жорғасы жоқ. Арам 
ниетті молдадан адал ниетті қарапайым адамның батасы қымбат (Д.Еркінбеков, Шығ.). 
Бөріден туған бөлтірік өзінің арам ниетіне басып, бүгін ауыр қылмыс жасап отыр 
(Ә.Әлішев, Батыр.) 
79. АРАМ ПЕЙІЛ Қара ниет. – Арам пейіліңе қарай, бақытыңды тапсаң көремін, – деді де 
ыза буған күйі жалт бұрылып, шығып кетті (М.Дүйсенов, Ант.). «Орданың» мәнісін 
түсінбесе де әйтеуір Гришаның арам пейілін қызара бөрткен кескінінен танып, Сәкен 
жағасынан ала түсті (С.Талжанов, Сейфулланың Сәкені) 
80. АРАМ ПИҒЫЛДЫ Теріс ниетті, жаман ойлы. Панаңды күннен, желден қорғап тұрған, 
Қырғызып, өзің жалғыз қалдың, – деді, Алланың арам пиғыл сүймес құлы, Отыңа өзің 
жаққан жандың, – деді (А.Байтұрсынов, Шығ.). Көрер көзден ұялсайшы, Құнықтың ба сәби 
қанға? Ұқсамаған жерің қайсы, Арам пиғыл жыртқыш аңға (А.Шамкенов, Сағат.). 
Басқыншы жау біздің қасиетті қаламызды қара топыраққа айналдыруды көкседі. Бірақ 
фашистердің арам пиғылы іске асқан жоқ («Қаз. әдеб.»). 
81. АРАМЗА сын. Залым, қу, алдамшы. Жаһандаудың «бейбіт» варианты экономикалық, 
техникалық жағынан артта қалған әлсіз елдерді терең ойластырылған арамза әдіспен 
рухани құлдыққа түсіруді көздейтіні жасырын емес («Қаз. әдеб.»). Аңқау елге – арамза 
молда (Мақал-мәтел). Маған сан рет опасыздық істеген арам з а шикіл сары Сейілбек мені 
келіп паналап, қол астымда есепші болып қызмет істеп жүр (Ө.Тұрманжанов, Адам.). // 
Залым, қу адам. Махмұттың турашылдығынан, әділдігінен арамзалар қаймығады 
(Ж.Аймауытов, Шығ.) 
82. АРАНДАҒЫШ сын. Пәлеге ұрынғыш. Өзіңді-өзің көгендеп бердің, арандағыш, қараңғы 
бауырларым! Күнәң кешірімсіз. Соңғы айтарым: көгендескен өзің екенсің, көгеннен өзің 
ағыт! (Д.Әбілев, Ақын.). 
83. АРАНДАТҚЫШ сын. Пәлеге ұрындырғыш. Сізге қойылған план ғана емес, кейбір 
арандатқыштар мен сізді қоршаған қорқақтардың тая соққан табансыздығында ма деп 
ойлаймын (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.). Айғай, қиқу, арандатқыш сөз, жалған ерлік секілді 
ұсақ-түйекті мына аттылар екпіні көміп тастады (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). 


230
84. АРБАҒЫШ сын. Арбайтын, арбай білетін. Сырбай өз өмірінде жыланнан арбағыш 
мақлұқты көрген емес (С.Мұқанов, Таңд.). Жылан әбден әлсіреген кезде, мяу-мяу оның 
арбағыш көзін тырнап кеп қалды (М.Тиесов, Әңгім.). 
85. АРДА сын. 1. Бұла, ерке (адам). Арда күрең жігітсің алым-берім. Қашан өзің өлгенше есіл 
көзел, Күнде той, күнде жиын жүрген жерің (Айтыс). 2. жерг. Түк білмейтін надан (адам)
Шырағым, мен түк білмейтін ардамын ғой (Қаз. тілі. диалек. сөздігі). Бір аят оқып бет 
сипай алмайтын арда молда молда бола ма? (Қаз.тілі. аймақ. сөздігі). 
86. АРДЫҢ-КҮРДІҢ сын. сөйл. Аңқаулықпен, көп ойланбай ойындағысын айта салатын, 
аңғырт. Досымның мінезі алып ұшпа, ардың-күрдің, кейде алаңғасар да аңқылдақ болатын 
(С.Бақбергенов, Алтынемел.). Осы сәтте ардың-күрдің, әумесер ұлы сырттан кіріп келіп, 
көзіне жас алып анасының тізесін құша құлапты (Б.Момышұлы, Шығ.). Жүрегіммен 
ақжарқын, ардың-күрдің, Сен мені ойламағын қайғысыз деп, Мен дағы, қараңызшы, жүдеп 
жүрмін, Мен де өзімше бір жанмын қайғысы көп (М.Мақатаев, Шығ.). 
87. АРҚАСЫЗ сын. Енжар, ынжық, жігерсіз. Арпасыз ат қыр аспас, арқасыз батыр жауалмас 
(Мақал). 
88. АРҚАСЫНЫҢ ҚОЗБАСЫ БАР Қызба, өршіп кететін, желөкпе. Ән біткен сайын 
дуылдасып, арқасының қозбасы бар желөкпе немелер өңеші жыртылғанша айқайлап, 
қошемет жаудырып, азан-қазан болады да, жаңа бір ән басталғанда жаңағы у-шудың бәрі 
жым-жылас тиылып, жұрт тағы да сілтідей тынып қалады (Ә.Кекілбаев, Дала.). 
89. АРҚАУЫ БОС Табиғаты, негізі нашар. Жамағаттың арқауы бос, ұйқышыл, еріншек 
тесалақ жұбайы сырттан есіткен жаңалығын аңқау басымен айта салып, әне, 
ауызбастырыққа бір қиын істі атқармақ боп уәдесін де берді (Ғ.Сланов, Асау арна). 
90. АРСЫЗ сын. Адамгершілік қасиеті төмен, ұятсыз. Көшкенде көлік бар ма түйе алдында. 
Еруде сауын бар ма бие алдында. Өз ерін сыйламаған арсыз келін, Біз түгіл Құдайынан 
ұялды ма? (Шал ақын, Өлеңд.). Арсыз күлкің тыйылмас, жылауың да, Айтысың да 
басылмас, ылаңың да, Араздасып ағайын кетер еді, Бір кәрия болмаса бір ауылда 
(М.Мақатаев, Шығ.). // Арланбайтын ұятсыз адам. Бүркеніп арсыздарың шайнауына, Жем 
тапты пісірмеген, қуырмаған. Шыққан соң талғамайтын доңыздарың, Қасыңа қиын болар 
жуу маған (А.Байтұрсынов, Шығ.). 
91. АРСЫЛ-ГҮРСІЛ Құбылмалы, айнымалы, алақұйын мінез. Сашканың шешесі … сүйікті, 
аусиған ірі қатын еді, мінезі де тұрпатына сай – арсыл-гүрсіл болатын (Ә.Тарази, 
Жаңбырлы түндер). 
92. АРСЫЛДАҚ сын. Арс-арс еткіш, ұрысқақ, ұрысшыл. Апшымаңыз, әміршім, – дейді 
Қожа, – босағаңызда бірер күн болса, бұл да өзіңіздей арсылдақ болып шығады («Қаз. 
әдеб.»). Мұнымен елді жетілтсе, Ойбайды жүр қоймай дер, Аша алмассың жылаумен, 
Арсылдақтың арасын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 
93. АРСЫҢ-КҮРСІҢ сын. сөйл. Арсы-гүрсі. Өзі септес көп жастардың бойынан әр кезде 
байқала бермейтін оқшау бір пайымдағыш қасиет бұдан елден ерек сезіліп тұрады. Жас 
адамда арсың-күрсің мінез, көп ретте әр іске енжар қарау басым келе береді ғой 
(А.Байтанаев, Асан). Старшина Евстигнеевті де курсанттар ұнататын. Өзінің арсың-күрсің 
мінезі бар (Т.Ыдырысов, Жалын. жыл.). Ол ойында бөтен ештеңе жоқтай арсың-күрсің 
мінезімен жайдарылана жетіп барды (А.Байтанаев, Асан). 
94. АРЫЗКЕШ сын. сөйл. Арызқой. Қайда көрсең кінәмшіл, Исабай тым шыдамсыз... 
Ашуланшақ, арызкеш, Мінезі бар ұнамсыз (Ш.Смаханұлы, Шимайбек.). 
95. АРЫЗҚОЙ сын. Арыз жазғыш, арызқұмар, шағым айтқыш. Жалған арызқойды жазалау 
осы отырған үш полковниктің қолынан келер деймін (К.Тоқаев, Тасқын). Арамызда әлі де 
кездесетін арызқой, пәлеқор, шағымпаздарды ақын уытты күлкімен буады («Қаз. әдеб.»). 
Арызқойларға да тыйым салатын жағдайымыз бар шығар (А.Шамкенов, Шапақ). Мүмкін 
еңбекшілер деп отырғаныңыз бірді-екілі арызқойлар шығар, – деді біреу көлденеңнен 
(С.Жүнісов, Жапанда.). 
96. АРЫЗҚОР сын. сөйл. Арызқой, пәлесалғыш, жалақор. Біреуді «ол кісі өлтірген қанды қол 
зұлым, арызқор адам» деудің орнына Халидаш уақиғаның өзін баяндайтын, тұспалдап 


231
түсіндіретін жан («Лен. жас»). // Жалақор адам. Арызқор да алыс арда, бұққанда, Күле 
кіріп, күңірене шыққанда.Ұялған ба әлде айыбын ұққан ба? Қоштасуға саған созды қол 
Күләш (Қ.Тоғызақов, Өлеңд.). Сіз, әлі осындасыз ба, – айтып едім ғой, – ол кісі бүгін 
арызқор д ы қабылдамайды деп (С.Бегалин, Ана.). 
97. АРЫЗҚҰМАР сын. Арызқой. Арызқұмар болғандар опыр-топыр, шақ-шұққа Түспейжүр 
ме, көрдің бе, жалаң-жұлаң, тақ-тұққа(Абай, Тол. жин.). 
98. АРЫЗШЫЛ сын. 1. Арыз жазғыш, шағынғыш. Дау құмар, «домалақ арызшыл», 
атыстырғыш болғандықтан жалпақ ел осыүшеуін бір қосып Тұрсынбайға «Үш 
құмар»деген атақ берген (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). 2. Арыз айтқыш, біреудің үстінен 
шағымдана беретін; жылауық. Сырт естуім, сол қырғыздардың өзі арызшыл, бір-бірінің 
үстінен өсек дегенді өте көп айтады дейді (А.Сатаев, Дала.). – Арызшыл қарттарыңды 
тәубесіне келтірдім. Енді домалақ арыз жазбас, – деп тергеуші кетерінде бір күліп қойған-
ды (Ә.Қалмырзаев, Қарлығаш). Арызшыл желөкпелердің дем берушісі «арақ» деген азамат 
тағы бар (С.Бақбергенов, Адам.). 
99. АС ІШІП, АЯҚ БОСАТАР Жалқау, жатып ішер, арамтамақ. Жігіттерді докторға тез 
қаратып, қазынаның нанына ортақ болып отырған жұмысқа жарамайтын, ас ішіп, аяқ 
босатарларды елге қайтару керек (Ә.Бөкейханов, Шығ.). Бітіретін бір тиын жұмысы жоқ, 
тек қазақ атынан комитет болып отырған, ас ішіп, аяқ босатарлар (I.Жансүгіров, Шығ. 
жин.). Қазіргілер шетінен ас ішіп, аяқ босатар, кілең жаман-жәутіктер (Ө.Қанахин, Жас 
дәурен). 
100. 
АСҚАҚ ауыс. Өркөкірек, менмен, тәкаппар. Тарт тіліңді, асқақ қыз! Алшағырға 
қолжетсе, Арманы болмас Құртқаның (Қобыланды батыр). Азғана күн тойдым деп, асқақ 
сөйлеп лепірме (С.Мәуленов, Найзағай.). «Күйшіде» ханның асқақ мінез, тентек қызының 
өр көкіректігін, нашарға зорлығын көреміз (С.Мұқанов, Өсу жол.). 
101. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет