Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


АШУЫ МҰРНЫНЫҢ [ТІЛІНІҢ] ҰШЫНДА ТҰРАТЫН



Pdf көрінісі
бет211/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   348
18.08.2023 dis

АШУЫ МҰРНЫНЫҢ [ТІЛІНІҢ] ҰШЫНДА ТҰРАТЫН Ашуы тез келетін, 
«жарылып» кететін тыз етпе, күйіп-піспе кісі туралы. Ашуы мұрнының ұшында тұрады 
екен (Ауызекі). 
130. 
АШЫҚ АУЫЗ 1. Аузына сөз тұрмайтын (адам). Ашық ауыз, – деп көңіл сырын 
әйгілеп алғанына қысылғандай Валентин маған көз тастады (А.Жақсыбаев, Менің дос.). 
Үйге арнайы жазайын десем, ашық ауыз біреудің қолына түсіп, қор болып қалам ба деп 
қорқамын («Лен. жас»). 2. Аңқау, сенгіш (адам). Ойбай, ашық ауызым-а у, маған әлі сенбей 
тұрмысың? – деп Күлтай жақындай түсіп (Ә.Әбішев, Замана.). Күніне қырық мекеме 
аралап, қыруар жұмыс арқалап, ашық ауыз аңқаулармен әкей-үкей болып, судай сіңіп жүре 
беретіндер бар ғой (С.Төлешев, Түрлі. бас.). 
131. 
АЯНКЕС сын. Аяншақ, аянпаз, аянсақ (адам). Атын айт аянкестің аямасаң, Он кісі осы 
ретте құрса тұзақ! Айқай шал, ауылға абай айтатұғын: «Пәленше ат, пәленше шап!» –деп 
адамсыз-ақ (Айтыс). Кейінгі кезде аянкес жалқаудың өзі боп алды (С.Бақбергенов, 


234
Кентау). Тек аянкес шіркін алғаш жеңіл соққыдан кейін-ақ өлген деген осы екен деп 
аударылып түссе керек (К.Сегізбай, Беласқан). 
132. 
АЯНПАЗ сын. Аяншақ, аянкес, аянсақ. Жаман адам аянпаз келеді (Қ.Кемеңгеров, 
Алтын.). 
133. 
АЯНСАҚ сын. Аяншақ, аянкес, аянпаз. Жігіттер Молдабектің аянсақ, күйректігіне 
ішектері қата күлді (Х.Мұстафин, Қыз шоғы). 
134. 
АЯНШАҚ сын. Аянпаз, аянкес, аянсақ. Аяншақ кісі, жұмсақ жүрек, нәуетек кісі жақсы 
өмір сүре алмайды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Әшейінде кейбіреулер аяншақ деп ойлайтын 
Тәкең батыл болып кетті (С.Мәуленов, Үркер.). Ескі бай аяншақ келер, Жаңабай 
мақтаншақ келер (Мақал-мәтел). Езуін жаралаған ат «алып қашпа», мойнын сірестіріп 
қинаса «сырғақ» аяншақ, арқасын кетіріп жауыр етсе, «запы» немесе «кекжек» болып 
кетеді (Б.Хинаят, Төрт түлік.). 
135. 
АЯР [ар. راَّيع] сын. Сұм, қу, көлгір, залым, айлакер, жылпос, ала аяқ. Сені мұнда жау 
қолында Қалдыруға болмайды. Аяр залымалар жанын Оңайлықпен алмайды (М.Әуезов, 
Таңд. шығ.). Бұлар алдамшы аяр немесе адам етіне жерік жалмауыз пішінде келіп қастық 
жасайды (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.). Хан емессің, ылаңсың, Қара шұбар жылансың. 
Хан емессің, аярсың, Айыр құйрық шаянсың (Махамбет, Шығ.). Жаны ашыған аярды Мен 
білемін, ұмытпа: Ертең-ақ елге жаярды, Маңайға жақын жуытпа (С.Торайғыров, Алашұ 
раны). 
136. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет