Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет213/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   348
18.08.2023 dis

ӘДІЛЕТСІЗ сын. 1. Әділдігі жоқ, қиянатшыл. Абай Әйгерімге жаны ашып, оны жаңа-
ғыдай әділ е т сіз, аянышты зорлықтарға қимаса да, үн қатқан жоқ (М.Әуезов, Абай). Абай 
өз үйiнде өз анасы Айғыздан көрген әділетсiз зорлыққа жаман күйдi (М.Әуезов, Таңд. 
шығ.). 2. қоғ.-әлеум. Тұрақтанған қоғамдық ахлақ нормаларына қайшы. Отаршылдық 


235
соғыстар, құл иеленушiлiк, аумақтық басқыншылық, әділетсiз сауданың тонаушылық 
әдiстерi немесе отар елдердiң байлығын қотара карбыту – мiне, мұның бәрi де астарлы әрi 
ашық қалпында қатталып келедi (Н.Назарбаев, Сынд. он жыл). Ақын әйел теңдiгi туралы 
да сөз қозғап, бұл жөнiнде шариғат шеңберiнен шықпаса да, әйел туралы әділетсiз 
көзқарасқа қарсы орынды пiкiр айтады (Б.Кенжебаев, XX ғ. дем. жазушы.). Патшадан 
әділетсіз келді жарлық. Орнынан естіген жұрт тұрды қарғып. Ел көнбей бұл зорлыққа 
көтерілді, Болсын деп ел жолында ер құрбандық (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. Әдiлдiктi 
бiлмейтiн, алалықпен қарайтын (адам). Мұнда көп жұрттың әділетсiз патшаға наразылық 
бiлдiрiп көтеруi орынды-ақ (М.Дүзенов, Ант). Мал, мансап, адамзатты мас қылады, 
Мейiрiмдi ет-жүрегiн тас қылады. Тәкаббар, әділетсiз залымдарды Бағы қайтқан сорлы 
елге бас қылады (Ш.Құдайбердиев. Шығ.). 4. Шындыққа қайшы, орынсыз. Шаттығымның 
бастауын сенен көрдiм Сенен көрсем қалайша төмендермiн. Ендi, сәулем, бәрi де әділетсiз, 
Бiздi бақсыз, бақытсыз дегендердiң (М.Шаханов, Ғасырлар.). 
141. 
ӘДІЛСІЗ сын. Әдiлдiктi бiлмейтiн, алалықпен қарайтын. Ақылы жоқ жігіт Арындаған 
ат секілді, Әділсіз патша Желді күнгі өрт секілді (Ә.Әбішев, Армансыз.). Әділсі з болса, би 
оңбас, Әйелсіз болса, үй оңбас (Мақал-мәтел).  
142. 
ӘДІСҚОЙ сын. Айлакер, тәсілқой. Атағы бұл сарының балуан Жақып, Шыңыраудан 
түйе тартып алған Жақып. Әдісқой, алысқанда дөңгеленіп, Топтарды талай жығып, жарған 
Жақып (I.Жансүгіров, Таңд.). – Мына жылқышылар қандай шапшаң, қандай әдісқой, – деп 
Сергей өзінің бағанадан таңданып тұрған жайына тоқталды (С.Бегалин, Бала Шоқан). 
Құсты тез шағылдыратын түлкі. Аңның ішінде онан қу, онан әдісқойы болмайды 
(Қ.Әбдіқадыров, Мақташы.). 
143. 
ӘДІСТІ сын. Айлалы, тәсілқой. Әдісі жоқ әйдік ақынды әдісті анау-мынау ақын жеңіп 
кетуі мүмкін. Айтысқанда түрлі нәрселер жайынан сөйлеп, бірін-бірі тосуға тырысады 
(А.Байтұрсынов, Шығ.). Әрине, бұл Атанияз мырзаның басына сыяр айла емес. Алыстан 
болжайтын әдісті адамның жобасы. Біз бармауымыз керек (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). 
144. 
ӘДІСШІЛ сын. Айлакер, амал тапқыш. Омбыда әдісшіл адам жоқ деп ойлайтын 
Гасфорт (С.Мұқанов, Аққан жұлд.). – Үйінде кім бар екен?– Кімдер екенін білмеймін, – 
деді әдісшіл әйел (Ж.Жұмаханов, Соқпақ.). 
145. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет