СЫРДАН СЫҢАР АЯҚ ӨТКЕН Айлакер, амалы, көп, қу, алаяқ. – Қандай Сырдан
сыңар аяқ өткен алаяқтар еді. Қап! Тым құрымаса, қайда тұратынын да біліп алмаған
екенсің (С.Жүнісов, Өшп. іздер). Сырдан сыңар аяқ өткен қанша қу болғанымен, бұл жолы
құтыла алмасын білген Үмбетияр не істеді деңіз (Б.Аманшин, Көкжар). Мынау бала
Сырдан сыңар аяқ өтсе де үстінесу жұқтырмас сөз тауып кетті (З.Ақышев, Қызыл жалау).
920.
СЫРДАҢ сын. 1. Сараң, қатты, қолы тар. Түзде – мырзаң, Үйде – сырдаң, Сөзі
қылжаң еркесіп (Абай, Тол. жин.). Біреуге тоқты-торым беріп, кейде сырдаң
бәйбішесандықтан шапан-шоқпыт әперер еді (М.Әуезов, Тол. жин.). 2. Сырғақ, сырдақ,
қашқалақ. Түзде мырзаң, Yйде сырдаң, Сөзі қылжаң еркесіп (Абай, Тол. жин.). Ол аяқ
астынан сырдаң мінез көрсетіп, тайсақтай бастады (Ауызекі).
921.
СЫРҚЫНДЫ сын. Қу, әккі, айлакер, жырынды, тіс қаққан. Түлкі қартаң тартқан,
сырқынды ашушаң екен (М.Әуезов, Абай). Ақбозды жігіт те талай қидаласуды басынан
өткерген сырқынды болса керек, ер үстіне түзеліп отыра беріп, сойылын Барластың оң жақ
самайына сақ еткізген (К.Сегізбаев, Беласқан). Сондықтан Тойшыдай сырқынды атбегілер
кеше кештен бастап әр келген атақты бәйгелердің бабын байқасып, аңыстарын аңдысып,
тыным таппаған (Қ.Жұмаділов, Тағдыр). Ораз «Сырқынды шал ірге аударыпты-ау» – деп
келе жатыр (Т.Әлімқұлов, Шежіре).
922.
ТАБАНЫ ТАЙҒАҚ Ісіне, сөзіне берік емес, тұрақсыз. Тайғақ болса табаның
тантырамай шыныңды айт, Өзім берем есесін (М.Әуезов, Таңд. шығ.). – Әй, табаныңыз
тым тайғақ-ау, айтайын дегеніңізді де айта алмадыңыз (Ә.Әбішев, Жас түлек.). Табаның
тайғақ сен байғүс қара тер боп қайтесің (З.Жәкенов, Таң самалы).
923.
ТАБАШЫЛ сын. Табалағыш, күндегіш. Жаман сопы тобашыл, Жаман адам табашыл
(Мақал). Сол қуға, із аңдығыш, түсті месәт, Сөйлеп тұр сөз сабалап жарым сағат. Сондай
бір табашыл дар аз болды ма? Сүрінсең масайраған санын сабап (Қ.Бекхожин, Үш кезең)
924.
ТАҒАТСЫЗ сын. Төзімнен, сабырдан айрылған; шыдамсыз. Сұлтанмахмұт та
сағатына қарап қойып, Мәликенің келер минутын тағатсыз күтуде еді (Д.Әбілев,
Баянауыл.). Ардақты ағамен дидарласып қалғалы тағатсыз күтіп тұрған сол мектептің
қалың оқушы жастары болатын (Е.Тұрысов, Құралай).
925.
ТАЙҚАЛАҚ сын. Сенімсіз, тұрақсыз. Тайқалақтар қай жағына қосыларын білмей, екі
жаққа кезек жүріп, екі топтың арасын жуырда жіктетпеді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Тайқалақ
кісі көпке дейін толқып, жуырда ештеңеге табан тірей алмайды, кейде белгілі бір
қорытындыға келе алмай, дағдарып қалады (Ж.Аймауытов, Шығ.).
926.
ТАҚЫС сын. Қу, әккі, айлакер. Құдайберген мырза отты өзгенің қолымен көп көсеп,
игілігін өзі көріп үйренген тақыс (З.Жәкеков, Таң самалы). Ол зұлымдығына найза
бойламайтын тақыс, ішінде несыр барын аңғартпайтын қу еді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
«Тайсақ тақыс жасау керек қысыл таяңда» деген сөзі оралды нағашысының
(С.Әбілқасымұлы, «Оспан батыр»).
927.
ТАҚЫСТАУ сын. Әккілеу, қулау, айлашыл. Көпті көрген тақыстау, қулау біреуді
әжемнің: «қуғынды көп көріп, құйрығы бурыл болған түлкі» деп отыратыны есімде бар
(С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).
928.
Достарыңызбен бөлісу: |