Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ТАЛАПСЫЗ сын. 1. Ынтасыз, мақсатсыз. Адам баласының ең жаманы – талапсыз  (Абай, Таңд. шығ.)



Pdf көрінісі
бет335/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   348
18.08.2023 dis

ТАЛАПСЫЗ сын. 1. Ынтасыз, мақсатсыз. Адам баласының ең жаманы – талапсыз 
(Абай, Таңд. шығ.). 
929. 
ТАЛАСҚЫШ сын. Төбелескіш, даукес, жанжалқой. Жыныс бездерін алып таста са 
әрекеті күшті таласқыш әтеш сылбыр болып жуасиды (Адам анатом.). Таласқыш, 
қаныпезер, өздері кіп-кішкен тай қара құмырсқа бұлтық-бұлтық семіз (О.Сәрсенбаев, 
Жалғыз күрке). Қазақтың қызметке таласқыш болатындығының, өздерінің жалқау 
болатындығының себебі не? (Абай, Тол. жин.). 
930. 
ТАНТЫҚ сын. Мыжып көп сөйлейтін, бос сөзге үйір, сөз соқты (адам). «Көп жаман 
сөз естідім ол туралы, Тәкаппар, залым, тантық дейді халы. Үш мың сом жылға бермек 
жалуанасы, Барамын, біраз шыдап, соны алғалы» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Бұл іспен 


308
бойға мақтан кірді тантық, Әркімнің әлі бар деп алар андық. Жеңгеніміз желіктік желпең 
қағып, Жеңілгенді жер болған атқа таңдық. Ортамыздан от жағьш, өрт шығардық, Көре 
тұра құтырып, күйіп-жандық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Байқошқар, Балқыбекке кеше 
барған, Барлыны жіберуге дайындаған. Дарақы, тантық өскен Ханым қатын «Оны алсаң, 
мен кетем» деп азап салған (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Демеңіз әдебі жоқ неткен тантық, 
Айтамын жанбасын деп ерте қамтып. Тең емес бақайыңа біз бүйткенде, Сіздердің 
ғашықтығың жүз есе артық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Базарбай (бұлқынып). Түсіндіргенің 
бар болсын! Бу жерде ит қылған соң. Артық көріп тидің ғой, Ол қалталы болған соң. 
Жігіттігі несі артық? Ақынсынған бір тантық. Желеңдеген бір бәдік, Қатынын қайтпек ол 
аңғырт (Ж.Аймауытов, Шығ.). Суды көп кешсе, шалшық болады, сөзді көп сөйлесе, тантық 
болады (Қырғыз мақалы). 
931. 
ТАР МІНЕЗДІ Ашуланшақ, ұрыншақ. Әшімтай алып-ұшпа ұрыншақ, тар мінезді (Ш. 
Құмарова, Қаз бауыр.).  
932. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет