Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ТАРАҢ сын. сөйл. тар. 1. Сараң. Қытымыр, пайда күнем, дастарқаны тараң жан  болатын (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш)



Pdf көрінісі
бет336/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   348
18.08.2023 dis

ТАРАҢ сын. сөйл. тар. 1. Сараң. Қытымыр, пайда күнем, дастарқаны тараң жан 
болатын (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш). 
933. 
ТАРПАҢ ауыс. Шәлкес, тағы, оқыс (мінез). Тарпаң мінез теңізге сенесің бе?! Тау-тау 
толқын ырқына көнесің де. Тұңғиыққа сырғисың... Мүмкін емес Тұрып қалу толқынның 
төбесінде! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Тарпаң ат түйені соғып жолдан құлатып жіберді 
(Б.Құсбегин, Зуқа батыр). Өтінем сенен ғафу асыл жарым, Көрсетпе тарпаң мінез 
тасынбағын. Сен менен от іздеме құрмет ізде, Өртеніп жана-жана басылғамын (М.Мақатев, 
Шығ.). 
934. 
ТАРПАҢДАУ ауыс. Мінезі шәлкес, тентектеу. Әлгінде көрдіңіздер ғой мінезі 
тарпаңдау, – деді ол артына жай бұрылып («Қаз. әдеб.»). Бір сәтте тарпаңдау сияқты боп 
та көрінді (Ө.Қанахин, Құдірет). 
935. 
ТАРТЫНШАҚ 1. сын. Жетекке жүрмейтін, көткеншек, шегіншек. Басшылық қылып 
ұқтырса, тура жолға сілтесе, қазақ тартыншақ емес, елгезек халық қой (М.Дулатов, Шығ.). 
Білімі итіншек, халқы тартыншақ. Елдің ыңғайына көне берсең ілгері бастырмайды 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Жездем тартыншақ, асау маямды біраз ыңғайға көндіріп беріп кетті 
(Ө.Тұрманжанов, Адам.). 2. ауыс. Жасқаншақ, именшек. Өз басы ондай жанжалды 
сүймейтін Ербол мұндайда тартыншақ болушы еді (М.Әуезов, Абай жолы). 
936. 
ТАРЫНҒЫШ сын. Тарыншақ, кейігіш, ренжігіш. Жасында жетімдік өмірдің 
тауқыметін көп тартып, жүйкесі жұқарып өскен адам тарынғыш, ашуланшақ болады 
(Б.Соқпақбаев, Менің атым.). 
937. 
ТАРЫНШАҚ сын. Ішітар, қызғаншақ. Жұбайың да есіттім, Таңдап тапқан еліңнен: 
Өзі қарау, тарыншақ, Қас Қарынбай делінген (Жамбыл, Шығ.). Татулық – жанға таяныш. 
Тынысың ол бір теңі жоқ, Тарыншақ күні – аяныш, Жалтаң көз, жалқы, серік жоқ 
(Г.Орманов, Жан.). 
938. 
ТАС КӨҢІЛ Бауырмалдығы жоқ, мейірімсіз. Мінезі ауыр қыздың сабыры көп
Білмеймін қашанғыша жүрерін тең. Ол қыздың тас көңілін жұмсатпаққа, жігітке артық 
өнер керектісі (М.Сералин, Қанат.). 
939. 
ТАСБАУЫР сын. Мейірімсіз, қайырымсыз. Өз қолымен отқа салған ата-анасына, аяу 
білмеген тасбауыр жақынына, жансыз ойыншық қылған, намыссыз күң қылған 
мұңдарларға қанды жас төгіп, лағынет айтады әйел... (М.Жұмабаев, Шығ.). Сонда 
Махамбет: Тасбауыр төрені қазаққа болысып, орысқа қарсы болды дегенге кісі нанар ма? 
– депті (Х.Досмұхамедұлы). Апталап-айлап таңдайын мейлі тас б ауыр шөлдер құрғатсын, 
Қазығын таппай тоқтамайды екен мәңгілік тіпті күн батсын. Туған жер төсін аңсаумен 
өткен аруана – бауыр дүние, Сен маған осынау ақ жүрегіңмен қымбатсың (Т.Айбергенов, 
Мен. ғашық.).  
940. 
ТАСЖҮРЕК сын. Қатал, мейірімсіз. Мен ондай тасжүрек емеспін (Т.Ахтанов, 
Қаһарлы күн.). Мына жүрек, мына көз, мына баста, Ненің барын біледі мына қасқаң... 
Сезгіштігін білдіріп алам ба деп, Тасжүрегін жасырар қына басқан (М.Мақатаев, Шығ.). 
Көзім жетті. Ерітердей тасжүректі мұз қатқан, Отты, қайсар, қатал жігіт екенсің. Зор 


309
әбестік болды, әрине, біз жақтан Сорлы досың өліп кетті, не етерсің? (М.Шаханов, 
Ғасырлар).  
941. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет