ШАЛАҒАЙ сын. Бастатан істі толық аяқтамайтын олақ, ұқыпсыз. Оқытушымыз,
аспазымыз – бәрі шалағай. Және көп әдістер біз түгіл, өзге өнерлі елде де жүйеленіп жетпей
жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ.). Салақсыған шалағай старшиналардың екі аяғын бір етікке
тықты (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Текке өлген күндерін есептей білсе, Тауке сірә, шалағай,
салақ болмас еді-ау (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
993.
ШАЛГЕЗ сын. Шәлкем-шалыс, қыңыр; шәлкес, қарсы. Мұныңның сөзі қайда, ақын
дейсің, Мінезі шалгез екен, мақұл дейсің, Байқарсыз құрбыңмен де аға-еке жан, Мені жас,
анамызды қатын дейсің (Айтыс). Иассауи туындыларында Ислам дінінің қасиетті
қағидаларына, шариғат шарттарына шалгез келерлік сөздер түгіл, нышан да байқалмайды
(Қожа Ахмет Иассауи «Хикметтер»).
994.
ШАЛДУАР сын. Мінезі шәлкем-шалыс, аусар. Осындай кездерде жасаран шалдуар,
оқыс қылықтары есіне түскенде, күні бүгінге дейін өзінен-өзі ұялып, жерге кіргендей
болады (Ө.Қанахин, Жер бас.). Айтпасымды айтқыздың, Аузыңды бақпай, келіншек!
Шаруа десе – шалдуар, Салақ, олақ, еріншек (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Барон, ол
жалғыз боп, шалдуар өскендіктен ғой. Жас адамның түбіне жететін – оңаша аяқ, қол
бостық қой. Оны бізге жіберіңіз, шетте үйренген әдеттерін әлі-ақ ұмытып кетеді
(Ж.Аймауытов, Шығ.).
995.
ШАЛДУАРЛАУ сын. Мінезі шалыстау, аусарлау. Оның шалдуарлау шырай беріп,
шәлкем-шалыс мінез көрсеткенін алғаш аңғарғаны осы еді (Ф.Дінисламов, Ұшқын). Сол
арада мінезі шалдуарлау Сәду маған домбыра орнына от басынан көсеу әкеп ұстата салды
(Ө.Қанахин, Жер бас.).
996.
ШАЛҚАҚ сын. 1. Шалқайған, қайқаң. Жұрт озған адам дейді Табын Талтақ, Ақсақал
Жетіруға болған ортақ. Айдаған төрт мың жылқы заманында Озғанбай, Майлыбайды
жатқан шалқақ. Төртінші Ожырайда Төлек, Тастан, Білуге баршасын да емен шорқақ
(Кердері Әбубәкір, Қазағым.). Дүние Майда неге құлпырады?! Шаттанып шалқақ кеуде
шың тұрады. Көңілде көлдей тұнық сыр тұнады, Секілді бұлақтардың сылқым әні
(М.Мақатаев, Шығ.). 2. ауыс. Паң, кейкиген. Ел үстінен күн көргесін, шалқақ иық кей ұлық,
кері шаптырар дерт табады (А.Сүлейменов, Бесін).
997.
Достарыңызбен бөлісу: |