Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


Қазіргі қоғам мүшелерінен алынған әлеуметтік сауалнама



Pdf көрінісі
бет74/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   348
18.08.2023 dis

2.6 Қазіргі қоғам мүшелерінен алынған әлеуметтік сауалнама 
талданымы 
Жоғарыда айтылған мінез сипаты атауларын жинақтай, концептілей 
отырып, біз “Мінез” сауалнамасын әзірледік. Бұл сауалнама 4 ақпараттық 
сұрақтан және диссертациямызға байланысты 4 негізгі сұрақтан тұрды.
Сауалнама 2022-2023 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің 1, 3 курс қазақ тобының студенттері және орта білім беру 
жүйесіндегі мектеп мұғалімдерінен (сынып жетекшілер, пән мұғалімдері және 
психологтар) алынды. Сауалнама алудағы мақсатымыз – қазіргі қазақтілді жас 
буынның өзінің және өзгенің бойынан таныған, бағалаған, жағымсыз деп тапқан 
мінез түрлерін анықтау және қазақ тіліндегі мінез атауларының қорын пайдалану 
мүмкіндігін айқындау. 
Сурет 5 – Сауалнама “Мінез” 
Сауалнама сілтемесі: https://forms.gle/5joWj8Kj7YCjSrn69  


121
Сурет – 6 Сауалнамаға қатысушылардың жалпы саны – 500 адам. 
Сурет – 7 Сауалнама қатысушылардың жынысы 
Әйел саны – 408 (81,6%), Ер адам саны – 92 (18,4%). 
Сурет – 8 Респонденттердің жас мөлшерлері 
Респонденттердің жас мөлшерлері: 18-25 жас – 70%, 26-45 жас – 23%, 46-
65 жас – 7%. 
Әйел 408 
(81,6%)
Еркек 92 
(18,4%)
Жынысы:
Әйел 
Еркек
18-25
70%
26-45
23%
46-65
7%
ЖАСЫ:


122
Сурет – 9 Респонденттердің әлеуметтік орны 
Білімі орта студенттер саны – 315 (63%), жоғары білімді пән мұғалімдері – 
80 (16%) мен сынып жетекшіері – 80 (16%), педагог-психолог – 25 (5%).
Сауалнама зерттеу әдістерін, күтілетін нәтижелерді, мониторинг және 
бағалау нәтижелерін зерделеу үшін жасалды. Негізгі диссертациямызға 
байланысты сұрақтар: 
1. Өз бойыңыздағы ең басым мінез. “Мен қандаймын?” сұрағына 3 сын 
есіммен жауап берсеңіз. 
2. Өзгенің бойынан қандай мінезді көргіңіз келеді? 
3. Қазақ халқының ең жақсы мінезі қайсы деп ойлайсыз? 
4. Қазақ халқының ең жаман мінезі қайсы деп ойлайсыз? 
Әрі қарай біз сауалнама нәтижелерін ұсынамыз.
1. “Өз бойыңыздағы ең басым мінез. “Мен қандаймын?” сұрағына 3 сын 
есіммен жауап берсеңіз” сұрағы бойынша жауап талдамасы: 
170 мінез сипаты атаулары келіп түсті, соның ішінен ең көбінен азына 
қарай орналастырғанда былай болып шықты: 
Жағымды, өзіне оң баға берген жауап саны: жауапты (125), мейірімді 
(122), ақкөңіл (104), сабырлы (100), ақылды (98), шыншыл (83), қарапайым (82), 
ақжарқын (70), адал (69), көңілді (61), сыпайы (54), әдемі (51), еңбекқор (51), 
шыдамды (49), байсалды (48), тұйық (48), ұқыпты (48), жақсы (44), білімді (43), 
салмақты (43), талапты (43), шынайы (41), әділ (40), батыл (40), пысық (40), 
жанашыр (39), әділетті (35), мақсатшыл (34), кеңпейілді (24), алғыр (23), жан-
жақты (23), жайдары (22), тез араласқыш (21), бірқалыпты (20), инабатты 
(20), көңілшек (18), тиянақты (18), байқампаз (17), жомарт (17), қайырымды 
(16), қанағатшыл (16), мәдениетті (15), қалжыңбас (10), салқынқанды (15), 
шүкіршіл (15), бауырмашыл (15) т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет