АҚЫЛДЫЛЫҚ (68): абайлағыш, ақ-қараны танитын, ақылшы, алды-артын
аңдайтын, аңғарғыш, аңғарлы, аңғарымпаз, аңдағыш, аңдампаз, ауызбаққыш, бағдаршыл,
байқағыш, байқампаз, байыбына барғыш, байымдағыш, байыптағыш, байыпшыл,
бақылампаз, барлағыш, барлампаз, басбілгі, болжағыш, білгір, дана, данагөй, есті, жақсы
мен жаманды айырған, жансебіл, жетелі, зейінді, зер салғыш, зерделі, зерек туған, кемеңгер,
көкірегі ояу, көкірегі сезімді, көкірегінде көзі бар, көпті көрген, көреген, қия жазбас, қырағы,
озық пікірлі, ойлампаз, ойлы, оң мен солын танитын, оялы, өсиетшіл, пайымшыл, сақ, саналы,
сауысқаннан сақ, сезгір, сезгіш, сезікшіл, сезімді, сезімпаз, сезімтал, сезімшіл, сезінгіш,
тануға шебер, танығыш, танымпаз, тебіренгіш, тебіреншек, тексергіш, топшылағыш,
үңілгіш, ықыласты.
МОМЫНДЫҚ (63): алаңғасар, аңғал, аңғырт, аңқау, аңқау-аңғал, ашық ауыз,
бетегеден биік, бұйдалаған тайлақтай, бұйығы, есектен де жуас, жуас, жуас-қоңыр,
жусаннан аласа, иланғыш, иленген терідей, иі жұмсақ, иіс алмас, келісімпаз, көнбіс, көнгіш,
көндіккіш, көндімбай, көнтерілі, көніккіш, көнікті, көнімді, көнімшіл, көтерімді, қақ-соқпен
ісі [жұмысы] жоқ, қақ-соқсыз, қой аузынан шөп алмайтын, қой мінезді, қойдай жуас
[момын], қойдан қоңыр, қоймүрет, қойторы, қоңынан кесіп алса да, қулық-сұмдығы жоқ,
қулық-сұмдықсыз, қулықсыз, можан-топай, момақан, момын, мондыбай, мондыбас, моп-
момақан, мұрнын тескен тайлақтай, нанғыш, нанымпаз, сенгіш, сенімпаз, сенімшіл, сып-
сынық, тойған қозыдай [қозы секілді], тұйық, тығырықталған түйедей, тілалғыш, тірі
жанға қиянаты жоқ, ұя бұзбас, ұяң, ызбарлы, ымырагер, ымырашыл.
АЛҒЫРЛЫҚ (60): алғыр, алымды, аттыға [аяқтыға] жол, ауыздыға сөз бермеген,
аузының [қолының] ебі бар, әбжіл, әрекетшіл, бастамашыл, ебдейлі, ебдейсек, ебедейлі,
139
ебсекті, епті, епшіл, есіктен шықса тесіктен, тесіктен шықса есіктен келетін, еті тірі,
жалын атқан, жанып тұрған от, жүзіктің көзінен өтетін, жытқыр, зерек, икемшіл, иненің
көзінен өткендей, қимылы ширақ, қолды-аяққа тұрмайтын, қуды мініп, құланды
құрықтайтын, қунақы, қыранкерей, майлығы мен сулығына бірдей, майлық пен сулыққа
бірдей, мақсатқа талпынған, мақсатшыл, мұратшыл, ниетті, өзін-өзі сынай алатын,
пайдакүнем, пайдашы, пайдашыл, пысық, саққұлақ, сеп-сергек, сепшіл, сергек, табыскер,
талағында [талағының] биті бар, тапқыр, тапқыш, тасбақаның аузынан шөп алған,
тасқайнат, тез қабылдағыш, тоқтамға келе алатын, тұтымды, ұғымпаз, ұғымтал,
ұғынғыш, ұшқыр, шалғыр, шалымды, ширақ, шөгел, шып-ширақ.
ӘДЕПТІЛІК (58): асқақсыз, ахлақты, әдеп көрген, әдепті, бәсең, бипаз, биязы мінезді,
биязы, жібек мінезді, зиялы, ибадатты, ибалы, иман жүзді, иманды, инабатты, инабатшыл,
көңілі түзу, көргенді, кішік, кішіпейіл, қарапайым, қыз мінезді, қыздай сызылған, қылықты,
майпаз, майпаң, мархабатты, мәдениетті, мәйім, мәмілешіл, мінәйі, мінезі текті, ниеті
мақұл [ақ], [жақсы], [түзу], [дұрыс], өнегелі, сәлемшіл, сәлемі түзу, сөзі майда, сыпа,
сыпайы, сып-сыпайы, тәлімді, тәлім-тәрбиелі, тәрбиелі, тәртібі жақсы, тәртіпқұмар,
тәртіпті, тәртіпшіл, текті, тойған қозыдай, ызбайлы, ықыласы түзу,ізгі ниетті, ізгі,
ізгілікті, ізет [әдеп] сақтаған, ізетті, ізетшіл, ілтипатты.
Достарыңызбен бөлісу: |