Презентация, видеоролик, суреттер, плакаттар Барысы Әнұран орындалады 1-жүргізуші



бет1/3
Дата09.10.2023
өлшемі20.8 Kb.
#480172
түріПрезентация
  1   2   3
Тәуелсіз елдің қырандары (копия) (копия) (1)


Тақырыбы: Тәуелсіз елдің қырандары!
Мақсаты: 1)1986 жылдың желтоқсанындағы адал да аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан Желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын студенттер көңіліне ұялату; 2) Студенттерді адамгершілікке, сыйластыққа, өз Отанының патриоты болуына тәрбиелеу;
Көрнекі оқу құралдары: презентация, видеоролик, суреттер, плакаттар
Барысы
Әнұран орындалады


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен студенттер! Тәуелсіздік мерекесіне байланысты дайындаған «Тәуелсіз елдің қырандары» – атты тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші:Алтайдан Алатауға дейін ұланғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз Тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар құрбан болды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап күні кешегі қайрат Рысқұлбекке дейін сол ел қорғауды ұран еткен. Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткен Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбираның аңсаған армандары мен үміт – тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Сол батырларымызды еске түсіріп 1 минут үнсіз тұрамыз. Рахмет! Отырамыз.
1-жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумында Дінмұхамед Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы міндетінен босатылады. Оның орнына Ресейден келген Г.В.Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.
2-жүргізуші: Асығыс өткен пленум шешімі Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
1-жүргізуші: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.


Видео: «Желтоқсан желі»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет