Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет88/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   348
18.08.2023 dis

СӨЗШЕҢДІК (67): аузы-аузына жұқпайды, ауыз жаппас, ашықауыз, әңгімелі, 
балпылдақ, бейапар, бейауыз, бейбастақ, беймаза, беталды сөйлей беретін, ділдар, езбалдақ, 
езбе, езгіш, езмалта, жел ауыз, жел сөзді, жеңіл ауыз, жыбырлауық, зуылдақ, зыпылдақ, көбік 
ауыз, көбік езу, көкауыз, көкезу, көкмылжың, көкігіш, көкіме, көлпал, көпірме ауыз, көпірме, 
қазба, қазбалағыш, қу ауыз, қу таңдай, қу тілді, қужақ, қызылауыз, қызылкеңірдек, 
қызылөңеш, қылауыз, қылжақбас, қырт, лақауыз, лақпа, лақуа, мазасыз, мәжілісқор, 
мыжыма, мыжың, мылжың, не болса соны айтатын, өсекқұмар, өсекші, өсекшіл, сайрампаз, 
сөзге үйір, сөзсоқты, сөзуар, сөзуарлау, сөзшең, сөзі көп, сөйлеуік, сыпылдақ, тантық, тіл мен 
жағына сүйенген, тілбезер. 
ӘДЕПСІЗДІК (64): адыр мінезді, адыраң, адыраңбай, адыраңдаған, адыр-бұдыр
адырлау, арсыз, аусар мінезді, әдепсіз, әумесер, бейбастақ, бетсіз, беті қалың, дойыр, дөкір, 
дөң, дөрекі, дуайпат, дүңк етпе, есерсоқ, ессіз, ессіз-ойсыз, есірік, жабайы, жынды, ибасыз, 
имансыз, инабатсыз, кеудесімен жер соққандай, көргенсіз, қара қамшы, қарабет, қаражүзді, 
құлқы бұзық, құрысқақ, қызыл көз, мәдениетсіз, мойыс, мінезсіз, нойыс, оғаш мінезді, одыр, 
ожар, оңбаған, оспадар, оспадарсыз, өкірең, өкіреш, өнегесіз, өрескел мінез, сиыр мінезді, 
сиыртектес, тасырақ, тасыраң, тәрбиесіз, тәртіпсіз, томырық, тоң мінез, тұрпайы, 
тұрпайылау, ұрда-жық.ұятсыз, шімірікпейтін, ынсапсыз. 
МЕЙІРІМСІЗДІК (62): айуан, ашадды, аяу білмес, аяусыз, бауыры көктемір, бауыры 
қатты, безбүйрек, бейбастақ, бейбауырмал, бет бақтырмас, діті қатты, жаннан безген, 
жаны ашымайтын, жатбауыр, жүрегі қара, жүрегі қатты, зиянкес, иі қатты, кекшіл, кесіп 
алсаң қан шықпайтын, кешірімсіз, көкірегі қара майдан, көнкөңіл[-ді], қайырсыз, 
қайырымсыз, қайырымы жоқ, қаныпезер, қара желін, Қарабайдай қаныпезер, қарабауыр, 
қаражүрек, қараниет, қарапейіл, қаскөй, қаскүнем, қасқыр бет [-тік], қастанды, қастекі, 
қатал, қатты кісі, қатты, қатыбас, қатігез, қиын мінезді, құдайдан безген, қытымыр, 
мейірсіз, мейірімсіз, наятсыз, пес, рақымсыз, сегіз кессе, сіркедей қан шықпайтын, сезімсіз, 
сесті, сұм, сұмқай, сұсты, тас көңіл, тасбауыр, тасжүрек, тастан [тастай] қатты, тезі 
қатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет